Жануар физол


 Жануарлар қанындағы лейкоциттердің саны мен оның түрлерінің арақатынасы



Pdf көрінісі
бет41/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   504
7. Жануарлар қанындағы лейкоциттердің саны мен оның түрлерінің арақатынасы 

 

 

Жануарлар 

Қанның 

1мм


мөлшеріндег

і 

лейкоциттер 



саны, (мың)

 

Лейкоциттік формула, пайыз 



базофильдер  эозинофильдер 

нейтрофильдер 

лимфо

-

циттер 



моно-

циттер 


Б 

Т 

С 



Жылқы 

Ірі қара 

Түйе 

Қой 


Ешкі 

Шошқа 


Қоян 

Тауық  


Ит 

6-10 


5-10 

7-17 


6-12 

8-12 


8-16 

6-12 


18-24 

7-17 


0,1-0,2 

0-1,5 


0-1,2 

0,2-0,8 


0,2 

0-2,4 


1,0-8,0 

1,5-50 


0,4-1 

2,6-6,2 


3,0-10,0 

1,5-10,5 

2-8 

2-7,5 


0-6,0 

0,5-1,2 


4,0-26,5 

3,0-9,0 




0-4,2 



0-05 



0,9-1,5 

3,0-10,0 

8,0-17,0 

0,4-2,0 


0,5-4,0 

1,0-7,0 


0,5-42 

0-1,0 


0-6,0 

40-55 


10-30 

29-47 


27-41 

29-57 


18-60 

14-47 


14-82 

45-75 


30-51 

40-77 


31-49 

43-68 


32-68 

29-65 


39-83 

34-82 


10-40 

0,1-4,0 


4,0-10,0 

1,5-4,5 


1,4-5,8 

2,5-6,0 


0-4,2 

1,1-5,0 


3,0-9,5 

4,0-10,0 

 

Ескерту: Б – балғын, Т – таяқша ядролы, С – сегмент ядро нейтрофильдер





 

58

проценттік  қатынасын  лейкоформула  деп  атайды.  Лейкоциттік  формула 



дұрыс  диагноз  қоюға,  қан  түзетін  органдардың  физиологи-  ялық  күйін 

анықтауға  мүмкіндік  береді.  Мысалы,  эозинофилдердің  саны  қызамықпен 

ауырғанда,  ревматизм  кезінде,    организмді  паразит  құрттар  жайлағанда 

көбейеді. Лимфоциттер саны туберкулезге  шалдыққанда артады.  



4.7. Қан табақшалары немесе тромбоциттер 

Тромбоциттер  -  ядросыз,  өте  майда,  нəзік,  тез  бұзылатын  қан 

торшалары.  Олардың  диаметрі  2-4  мкм.  Құстар  мен  бауырымен 

жорғалаушыларда  олар  ядролы  торшалар.  Мал  қанының  1  мм

3

-де  200-400 



мың тромбоцит кездеседі (8-таблица). Олардың тіршілік мерзімінің ұзақтығы 

2-5  күн  шамасында.  Тромбоциттер  сүйек  кемігі  мен  көкбауырда 

мегакариоцит  торшаларынан  түзіледі.  Қан  тамырларынан  шығысымен 

тромбоциттер  тез  бұзылады  да,  олардың  құрамынан  қанның  ұю  процесіне 

қатысатын заттар бөлінеді. 

8. Жануарлар қанының 1 мм

3

 мөлшеріндегі тромбоциттер саны 

 

Тромбоцит 

тер саны  

Жылқы   Ірі қара   Қой  

Ешкі  

Шошқа   Қоян  



Тауық  

Орта саны 

(мың)  

350  


400  

380  


600  

240  


190  

75  


Ауытқуы, 

мың  


200-

500  


260-

700  


270-

510  


300-

900  


180-

300  


125-

250  


32-

100  


Тромбоциттерге  ерекше  қасиеттер  тəн.  Организм  жарақаттанып,  қан 

тамырларының  тұтастығы  бұзылса,  тромбоциттер  жабысқақтық  (адгезия) 

қасиетіне  байланысты  жарақаттанған  қан  тамырларының  қабырғасына 

жабысады.  Одан  əрі  олар  бір-бірімен  желімдене  бастайды  (агрегация). 

Тромбоциттер  бұзылғанда  олардың  денесінен  əр  түрлі  факторлар: 

ретрактозим, серотонин, антигепарин, антифибринолизин жəне т.б. бөлінеді. 



Ретрактозим  қанның  ұюы  барысында  пайда  болған  фибрин 

талшықтарын тығыздайды, қан тамырларын тарылтады.  

Тромбоциттерге ас қорыту органдарының кілегейлі қабығында түзілетін 

серотонин  деген  биологиялық  белсенді  затты  сіңіретін  қасиет  тəн. 

Тромбоциттер 

бұзылғанда 



серотонин 

бөлініп 


шығады 

да, 


қан 

тамырларының таралуын қамтамасыз етеді. 



Антифибринолизин - фибрин талшықтарын ерітетін фибринолизин деген 

заттың бейтараптаушысы. 



Антигепарин - қанды ұйытудан қорғайтын гепаринге қарсы əсерлі зат. 

Тромбициттер  құрамында  қан  тамырлары  қабырғасының  өтімділігіне 

əсер ететін  заттар, амилаза,  каталаза,  гиалуронидаза,  триптаза  ферменттері, 



 

59

адреналин,  гистамин  сияқты  биологиялық  белсенді  заттар  да  болады.  Осы 



аталған 

заттардың 

біразы 

(ретрактозим, 

антифибринолизин) 

тромбоциттердің құрамына кіреді, оларды эндогенді заттар деп атайды. Ал 

серотонин,  адреналин  сияқты  заттар  тек  тромбоцит  денесіне  тұтылған, 

жабысқан экзогенді заттар

Қазіргі  кезде  тромбоциттердің  электронды  микроскопиялық  құрылымы, 

биохимиялық  құрамы,  қабығының  құрылысы,  қан  тамырларының 

торшалары  жəне  басқа  заттармен  өзара  əсерлерінің  сыры  жан-жақты 

зерттелген. 

Тромбоциттің  фосфорлипидтерден  түзілген  қос  қабатты  қабығы  болады. 

Олардың  барлық  қызметін  қамтамасыз  ететін  құрылымдар  осы  қабықта 

орналасады  (11-сурет).  Торша  арнаулы  қабылдағыш  аппарат  арқылы  (Р) 

тромбин,  адреналин,  АДФ  сияқты  заттардан  шығатын  сигналдарды 

қабылдап,  өзінің  белсенділігін,  пішінін  өзгертеді.  Осының  арқасында  қан 

тамырының  қабырғасына  жабысуға  мүмкіндік  беретін  антенна  тəрізді 

өсінділер немесе секрет түйірлерін бөлетін ойыстар пайда болады. 

Тромбоциттің  жарақаттанған  эндотелийге  жабысуы  дəнекер  ұлпаның 

элементтері  коллаген,  эластиннің  əсерімен  жəне  VІІІ  ұю  факторының 

қатысуымен  жүреді.  VІІІ  -  фактордың  тромбоцит  қабығында  гликопротеид 



кешені  түрінде  (ГПК)  арнаулы  түйісу  орны  болады.  Адгезия  процесінің 

əсерінен агрегация күшейіп, жарақаттанған жерге əр түрлі торшалар жабыса 

бастайды.  Көптеген  сыртқы  факторлардың  əсерімен  тромбоциттер  секрет 

түйірлерін  бөледі.  Ол  үшін  альфа-,  гамма-,  дельта-түйірлер  торша 

орталығына  тартылып,  секретті  сыртқа  бөлетін  арнаулы  микротүтікшелер 

пайда  болады.  Бөлінетін  секрет  сипаты  тітіркендіргіш  табиғатына  қарай 

өзгереді.  Мысалы  адреналинге,  тромбиннің  мардымсыз  мөлшеріне  дельта 

түйірлерден  серотонин  мен  кальций  ионы  бөлінеді.  Тромбиннің  жоғары 

концентрациясы,  немесе      коллаген      ламбда  -  түйірлерінен      лизосомалық

     


ферменттер бөлдіреді. 

11 - ñóðåт. Тромбоцит 

құрылысының схемасы 




 

60

Қандағы тромбоциттер саны эмоциялық қозу жағдайында, симпатикалық 



жүйкені  тітіркендіргенде,  дене  жұмысы  кезінде  көбейеді  де,  ас  қорыту 

үстінде,  кезеген  жүйкені  тітіркендіргенде  азаяды.  Олар  вена  қанымен 

салыстырғанда артерия қанында, жаңа туған төлдермен салыстырғанда сақа 

малдарда  көбірек  болады.  Кəрі  малда  тромбоциттер  саны  азаяды 



(тромбопения).  Тромбопения  А  дəрмендəрісі,  В  тобындағы  дəрмендəрілер 

жетіспегенде де байқалады. 



4.8. Қанның ұюы 

Қанның сұйық күйден қоймалжың күйге айналып, қоюланып қатуын ұю 

деп  атайды.  Қанның  ұюы  оның  маңызды  қасиеттерінің  бірі.  Ол  организмді 

қансыраудан 

сақтайды. 

Қансырауды 

тоқтатуға 

(гемостаз) 

қан 


тамырларының  қабырғасы,  тамыр  маңындағы  ұлпалар,  қан  плазмасы 

құрамындағы ұю факторлары, барлық қан торшалары, əсіресе тромбоциттер 

қатысады.  Бұл  процесте  биологиялық  белсенді  заттар  да  маңызды  рөл 

атқарады.  Олар  физиологиялық  əсеріне  қарай  қанның  ұюын  жеделдететін, 

оған  кедергі  жасайтын  жəне  ұйықты  ерітетін  заттар  болып  бөлінеді.  Бұл 

заттар қан плазмасы мен торшаларының құрамында, организм ұлпаларында, 

қан тамырларының қабырғаларында сақталады. 

Қанның ұюы тізбектелген реакциялардан тұратын күрделі процесс. Оның 

негізінде  қан  құрамындағы  фибриноген  белогының  физика-химиялық 

қасиеттерінің  өзгеруі  жатады.  Ұю  процесі  кезінде  фибриноген  белогы 

қышқыл пептидті бөледі де, ерімейтін фибрин белогына айналады. 

Қанның  ұю  процесін  түсіндіру  мақсатында  бірнеше  теориялар 

ұсынылған.  Қазіргі  кезде  1871  жылы  А.Шмидт  ұсынған  болжамдарға 

негізделген  ферменттік  теория  қабылданып  отыр.  Бұл  теория  бойынша 

қанның  ұю  процесі  плазма  құрамындағы  13  ұю  факторы  мен 

тромбоциттердің  құрамындағы  12  фактордың  қатысуымен  жүреді.  Қан 

плазмасы құрамындағы ұю факторлары рим цифрларымен белгіленеді. Олар 

мына төмендегілер: 



І- Фибриноген, плазма құрамындағы ірі молекулалы ерігіш белок. 

ІІ-  Протромбин,  плазма  құрамындағы  гликопротеин,  бұйығы  фермент. 

Ол К дəрмендəрісінің қатысуымен бауырда түзіледі. 



ІІІ-  Тромбопластин,  фосфолипид,  организмнің  барлық  торшалары 

мембранасының  құрамында  болады,  қан  құрамындағы  кейбір  ұю 

факторлары  мен  тромбоцит  факторларының  өзара  əрекеттесуінің 

нəтижесінде,  немесе  мыжылған  ұлпалардан  бөлінетін  заттардың  əсерінен 

пайда болып, протромбиннің тромбинге айналуын жандандырады. 

ІV- Кальций ионы. 

    V-  Проакцелерин,  глобулиндер  тобына  жататын,  протромбин  ферментін  

белсенді түрге айналдыратын белок, бауырда түзіледі. 

VІ-  Акцелерин.  Қазіргі  мағлұматтарға  сай  бұл  зат  қанда  жоқ.  V  жəнеVІ- 

факторлар біртекті заттар екені анықталған.  




 

61

VІІ-  Проконвертин,  глобулиндер      тобына      жататын  тұрақты    фактор, 

ұлпалар  езілгенде  пайда  болып,  ұлпалық  тромбопластинді  түзуге  қатысады, 

протромбиннің тромбинге айналуын жеделдетеді. 



VІІІ- Антигемофильдік А-глобулин (тромбопластиноген). Тромбопластин 

түзу үшін қажет белок. Бұл фактор жетіспесе 

 

қанның ұю қабілеті төмендеп, 



гемофилия ауруы байқалады. 

ІX-  Тромбопластиннің  плазмалық  компоненті  (антигемофильдік  В-

глобулин,  немесе  Кристмас  факторы).  Бұл  фактор  жетіспеген  жағдайда 

геморрагиялық  диатез  (секпілді  қанталау)  байқалады.  ІХ-  фактор 

тромбопластинді түзуге қатысады. 



X- Тромботропин, Коллер, немесе   Стюарт-Прауэр   факторы, 

тромбопластин факторын түзуге қатысады. 



X І - қанда  түзілетін  тромбопластиннің  алғы  заты.  X І І -   фактормен 

əрекеттесе отырып ІX-факторды белсенді түрге айналдырады. 



XІІ-  Хагеман  факторы  (жанасу  факторы),  дененің  жарақаттанған 

жерімен  жанасқанда  белсенді  түрге  көшіп,  XІ  -  фактормен  əрекеттесе 

отырып, ІX факторды белсенді күйге айналдарады. 

XІІІ-  Фибринді  тұрақтандыратын  фактор,  ерігіш  фибрин  тал-

шықтарын ерімейтін фибринге айналдырады. 

Аталған  плазмалық  факторлармен  қатар  тромбоциттердің  кұрамында 

тағы 12 факторлар болады. Оларды араб цифрларымен белгілейді. Олардың 

арасында  маңыздылары  мыналар:  3-фактор  -  тромбоциттік  тромбопластин, 

тромбоциттер  бұзылғанда  бөлінеді,  4-  фактор  -  антигепариндік  фактор, 

қанның ұюын шапшаңдатады, 5- фактор - ұйытушы фактор, тромбоциттердің 

адгезия  жəне  агрегация  процестерін  қамтамасыз  етеді,  10-фактор  -  қан 

тамырларын  тарылтатын  фактор  (серотонин),  11  -  фактор  -  агрегация 

факторы,  тромбоциттердің  зақымданған  қан  тамырлары  қабырғасына 

жабысуын қамтамасыз етеді.  

Қанның  ұю  процесі  үш  кезеңде  жүреді  (3-схема).  Бірінші  кезең 

тромбоциттердің  белсенділігінің  күшеюімен      сипатталады.  Екінші  кезеңде 

плазма  құрамындағы  факторлардың  белсенділігі  артып,  үш  сатылы 

тізбектелген  ферменттік  процесс  атқарылады.  Ұюдың  соңғы  үшінші 

кезеңінде  ұйық  ретракциясы  (тығыздалу  процесі)  жүреді.Жарақаттанған 

тамыр  сипатына  жəне  ұйыту  факторларының  процесте  қамтылу  деңгейіне 

қарай қансырауды тоқтатудың екі түрлі механизмі - тамыр - тромбоциттік 

жəне  коагуляциялық  (ұю),  болады.  Алғашқы  жағдайда  процесс  тамыр  мен 

тромбоциттер        реакциясымен        шектеледі.      Екінші  жағдайда  плазма 

құрамындағы  факторлардың  қатысуымен  тізбектелген  ферменттік  процесс 

басталып, фибрин ұйығы пайда болады (коагуляциялық - ұю процесі жүреді). 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет