539
нейрондардың əрекетінің нəтижесінде туындайды, ал
салдарлық тежелу
арнаулы тежегіш құрылымдардың қатысуынсыз қозу процесін тудыратын
нейрондарда пайда болады.
Бастапқы тежелу бірнеше түрге бөлінеді Оның тежегіш синапстың
постсинапстық мембранасында пайда болған түрін постсинапстық тежелу
деп атайды. Тежелудің бұл түрі постсинапстық мембранада өршіген
гиперүйектену нəтижесінде тежегіш постсинапстық потенциалдың (ТПСП)
пайда болуымен байланысты. Өз кезегінде постсинапстық мембранадағы
гиперүйектену тежегіш нейрон аксонының ұшынан арнаулы тежегіш
медиаторлардың (глицин, гамма-аминді май қышқылы) бөлінуінің
салдарынан туындайды. Аталған медиаторлар пресинапстық мембрана мен
синапс саңлауынан өткеннен соң, постсинапстық мембрананың тек қана тар
арналарын ашады. Бұл тар арналар арқылы калий жəне хлор иондары ғана
өте алады да, ал натрий иондары өтпейді. Оның себебі гидраттанған натрий
иондарының диаметрі калий мен хлор иондарының диаметрінен үлкен
келеді. Калий иондарының сыртқа, ал хлор иондарының ішке өтуі
нəтижесінде мембрана беткейінде оң, ал ішінде - теріс заряд деңгейі артады
да, гиперүйектену туындайды (мембрананың сыртқы жəне ішкі
беткейіндегі потенциалдар айырмасы көбейеді).
198-сурет.Үдемелі
постсинапстық
тежелу схемасы:
1–еттің ұршықты торшасы; 2 –
сезімтал нейрон; 3 – аралық
қоздырушы нейрон; 4 – жазғыш ет-
терді
жүйкетейтін
қозғағыш
нейрондар; 5 – жазғыш еттердегі
қозғағыш жүйке ұштары; 6 – аралық
тежеуші нейрон; 7 – бүккіш етті
жүйкетейтін қозғағыш нейрон; 8 –
бүккіш еттегі қозғағыш жүйке
ұштары; 9 – бүккіш ет; 10 – жазғыш
ет.
540
Постсинапстық тежелуді 1951 жылы австралия нейрофизиологы Джон
Экклс аяқтың бүккіш жəне жазғыш еттерінің қызметін реттейтін жұлынның
қозғағыш нейрондарының биопотенциалдарын зерттеу нəтижесінде ашқан.
Бір аяқтың бүккіш еттері қызметін реттейтін орталық қозса, осы аяқтың
жазғыш еттері қызметін реттейтін орталықтың тежелері белгілі. Бұл
құбылыстың механизмін Экклс анықтады. Мысалы, жазғыш еттің қызметін
реттейтін қозғағыш нейронды қоздыратын афференттік жүйке талшығы
тітіркенді дейік. Бұл жағдайда жүйке импульсі жұлын түйінінде орналасқан
сезімтал нейронға жеткен соң оның аксонымен жұлында екі бағытта тарайды:
жазғыш еттердің қызметін реттейтін қозғағыш нейронды қоздырады жəне
бүйір тармақтар арқылы өсінділері бүккіш еттердің қызметін реттейтін
қозғағыш нейрондармен жанасатын тежегіш нейрондарға беріліп, қызметі
қарсы еттердің əрекетін тоқтатады (198-сурет). Тежелудің бұл түрі орталық
жүйке жүйесінің барлық бөлімдеріндегі кереғар орталықтарды өзара
байланыстыратын аралық нейрондарда кездеседі жəне оны үдемелі
Достарыңызбен бөлісу: