Жануар физол



Pdf көрінісі
бет408/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   504
постсинапстық  тежелу  деп  атаған.  Үдемелі  постсинапстық  тежелу  жүйке 

орталықтарының  арасында  қозу  жəне  тежелу  процестерінің  таралуын 

бағыттап, келістіріп отырады. 

Постсинапстық тежелудің екінші түрі қайтарымды (анитдромды) тежелу 

деп аталады. Бұл құбылыс арнаулы тежегіш нейрон - Реншоу торшаларының 

қатысуымен  туындайды.  Реншоу  торшаларымен  қозғағыш  нейрондар 

аксонының  бүйір  тармақтары  жанасады,  ал  бұл  торшалардың  аксоны 

қозғағыш нейрондар беткейінде тежегіш синапстар түзеді. Қозғағыш нейрон 

неғұрлым күшті қозса, оның аксоны арқылы қаңқа еттеріне неғұрлым күшті 

импульстер  бағытталса,  соғұрлым  Реншоу  торшалары  да  күшті  қозып,  ол 

қозғағыш  нейрондар  белсенділігін  төмендетеді  (199-сурет).  Бұл  қозғағыш 

нейрондарды шектен тыс қозудан сақтайтын механизм болып табылады. Осы 

баяндалған  қайтарымды  постсинапстық  тежеу  процесі  орталық  жүйке 

жүйесінің барлық бөлімдеріне тəн құбылыс. 

 

 

199-сурет. Мотонейрондар мен Реншоу  



торшаларының байланыстары: 

1,3 – мотонейрондар; 2 – Реншоу торшалары.  

Мотонейрон аксонының коллатералы  

Реншоу торшасымен жанасады, ал  

Реншоу торшасының қысқа аксондары  

1, 3 мотонейрондар денесінде тежегіш  

синапс кұрайды. 

 

 



 

 



 

541


 

 

 



Постсинапстық  тежелу  стрихнин  мен  сіреспе  токсинының  əсерімен 

тоқтайды.  Аталған  заттар  қозу  процесіне  əсер  етпейді.  Постсинапстық 

тежелу  құбылысын  басып  тастаса,  орталық  жүйке  жүйесіндегі  қозу 

процесінің даму заңдылығы бұзылып, ол кең жайылады да, дене құрысып, ет 

тартылады. 

Бастапқы  тежелу  постсинапстық  мембрана  қасиеттері  өзгермей-ақ,  басқа 

себептердің  салдарынан  да  туындауы  мүмкін.  Мұндай  жағдайда  тежелу 

процесі  аксонның  майда  тармақтарында  -  пресинапстық  терминалдарда, 

пайда  болады.  Болжамдарға  сəйкес  осы  пресинапстық  терминалдарда 

арнаулы  аралық  тежегіш  нейрондар  аксонының  аксоаксондық  тежегіш 

синапстары  орналасады  (200-сурет).  Мерзім  жағынан  мұндай  тежелу  осы 

аксондар ұшында байқалатын созылыңқы үйексізденумен тұстас келеді.  

 

 

Бастапқы  тежелудің  тағы  да  бір  түрі  -  пресинапстық  тежелу. 



Пресинапстық  үйексіздену  баяу  дамиды  жəне  ұзаққа  созылады. 

Пресинапстық тежелу постсинапстық тежелуден фармакологиялық жағынан 

да  ерекшеленеді.  Стрихнин  мен  сіреспе  токсины  оған  əсер  етпейді,  бірақ 

түрлі  есірткілер  (хлоралоза,  нембутал)  оны  күшейтеді,  əрі  сақталу  мерзімін 

ұзартады. 

Пресинапстық  тежелудің  биологиялық  маңызы  оның  афференттік 

импульстердің  жүйке  орталықтарына  бағытталуын  шектеуінде.  Демек, 

тежелудің  бұл  түрі  жүйке  орталығына  бағытталатын  афференттік 

сигналдарды  екшеп  отыратын  механизм  болып  табылады.  Осының 

нəтижесінде  əлсіз,  асинхронды  импульстер  жүйке  орталығына  жіберілмей, 

тек  маңызы  күшті  афференттік  импульстер  ғана  өткізіліп,  орталық  жүйке 

жүйесі мəні аз, əлсіз импульстерден қорғалады, оларды өңдеуден құтылады. 



Салдарлық  тежелу  қозу  процесін  тудыратын  құрылымдарда  пайда 

болады.  Бұл  құбылыс  Н.Е.Введенский  еңбектерінде  жанжақты  тексеріліп, 

зерттелген (1886, 1901 жылдары). Салдарлық тежелудің үш түрі болады. 

200-сурет

Аксонның 

пресинапстық 

тармағындағы тежегіш синапстар: 

Н  –  афференттік  импульстермен  қозатын 

нейрон,  Т  –  жүйке  ұшының  пресинапстық 

тармақтарында  тежегіш  синапс  құратын 

нейрон; 


– 

тежегіш 



нейрон 

(Т) 

белсенділігін 

тудыратын 

афферентгік 

талшықтар. 



 

542


Пессимальды  тежелу  -  жүйке  орталығына  оның  функционалдық 

мүмкіндігі  мен  лабильділігінен  жоғары,  тым  күшті  əрі  жиі  импульстер  əсер 

еткен  жағдайда  байқалады.  Пессимальды  тежелу  негізінен  синапстарда 

туындайды,  себебі  синапстың  лабильділігі  төмен  болады.  Орталық  жүйке 

жүйесінде синапстар көп болғандықтан тежелудің бұл түрі онда кең тараған. 

Пессимальды  тежелуге  мысал  ретінде  дем  алу  процесі  шегіне  жеткен  кезде 

инспирациялық орталықтың тежелуін келтіруге болады. Өкпе қатты керілген 

кезде  кезеген  жүйкенің  орталыққа  тепкіш  талшықтары  арқылы  дем 

алдыратын  орталыққа  келетін  импульстердің  күші  мен  жиілігі  осы  орталық 

лабильділігінен  артып  кетеді  де,  орталық  тежелу  күйіне  көшеді.  Ал  дем 

шығартатын  орталықтың  лабильділігі  жоғары  болады,  ол  жиі  қозу  ырғағын 

игере алады, сондықтан дем алу процесі дем шығару процесімен алмасады. 



Парабиоздық  тежелу  орталық  жүйке  жүйесі  құрылымдарының 

лабильділігі  күрт  төмендеп,  бір  мезгілде  бірнеше  афференттік  жол  қозған 

кезде, мысалы жарақаттан есеңгіреу жағдайында байқалады. 

Қозудан кейінгі тежелу нейрондарда қозу аяқталысымен туындайды. Ол 

нейрон  мембранасында  күшті  іздік  гиперүйектенудің  басталуымен 

байланысты. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет