Жануар физол


Орталыққа  тепкіш  өткізгіш  жолдар



Pdf көрінісі
бет416/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   412   413   414   415   416   417   418   419   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Орталыққа

 тепкіш  өткізгіш  жолдар.  Бұл  жолдар  сыртқы  немесе  ішкі 

орта  əсерін  қабылдайтын  рецепторлардан  импульстерді  мидың  əртүрлі 

құрылымдарына  жеткізеді.  Негізгі  орталыққа  тепкіш  жолдарға  жіңішке 

шоғыр,  сына  тəрізді  шоғыр,  латеральдық  жəне  вентральдық  жұлын-

таламустық  жол,  дорсальдық  жəне  вентральдық  жұлын-мишықтық  жол 

жатады (206-сурет). 



Жіңішке  жəне  сына  тəрізді  шоғырлар  (Голл  жəне  Бурдах  жолы) 

жұлынның 

үстіңгі 

бағанын 


құрайды. 

Бұл 


шоғырлар 

сіңір 


проприорецепторларында, терінің жанасуды қабылдайтын рецепторларында, 

висцерорецепторларда  туындаған  импульстерді  өткізеді.  Олар  жұлындық 

түйіндердің  сезімтал  нейрондарының  өсінділері  болып  табылады,  үлпекті 

талшықтардан  құралады,  қозу  импульстерін  60–100  м/с  жылдамдықпен 

өткізеді.  Бұл  шоғырлардың  қысқа  аксондары  өз  сегменттерінің 

мотонейрондарымен жəне аралық нейрондармен синапстық байланыс түзеді 

де,  ұзын  аксондары  сопақша  миға  бағытталады.  Жол  жөнекей  олар 

жұлынның  жоғарырақ  орналасқан  сегменттері  нейрондарына  көптеген 

тармақтар бере отырып, сегмент аралық байланыс түзеді. 



 

554


 

206-сурет.  Жұлыниың  көлденең  қиындысындағы  өрлеу  (сол  жақта)  жəне 

төмендеу (оң жақта) жолдарының схемасы: 

1 – жұлын-таламус жолы; 2 – жұлын-мишык. жолы; 3 – сына тəрізді жол; 4 – 

нəзік  жол;  5  –  айқасқан  пирамидалық  жол;  6    рубро-жұлын  жолы;  7  – 

вестибуло-жұлын  жолы;  8  –  ретикуло-жұлын  жолы;  9–  тіке  пирамидалык, 

жол. 


 

Жіңішке шоғыр талшықтары арқылы дененің артқы бөліктері мен артқы 

аяқтардан,  ал  сына  тəрізді  шоғырмен  дененің  алдыңғы  бөліктері  мен 

алдыңғы  аяқтарынан  келетін  қозу  импульстері  өткізіледі.  Жұлынның 

бойымен  аталған  шоғырлар  талшықтары  үзілмей  жəне  қиылыспай  өтеді  де, 

сопақша мидағы Голл жəне Бурдах ядроларында аяқталады. Осы жерде олар 

екінші  нейронмен  синапс  түзеді.  Екінші  нейрон  өсінділері  сопақша  ми 

деңгейінде  айқасып,  дененің  қарсы  бөлігіндегі  таламустың  арнаулы 

ядроларында  аяқталады.  Бұл  жерде  олар  үшінші  нейронмен  жалғасады. 

Олардың  аксондары  үлкен  ми  жарты  шарлары  қыртысының  ІV-қабатының 

нейрондарына бағытталады. Жалпы бұл жол арқылы тітіркендіргіштің əсер 



еткен  аймағын,  оның  аумағын,  мерзімдік  сипатын  ажыратуға  мүмкіндік 

беретін айқын сигналдар өткізіледі. 

Латеральдық  жұлын-таламус  жолы  ауырсынту  жəне  температуралық 

əсерлерді,  ал  вентральдық  жұлын-таламус  жолы  -  тактильдік  (жанасу) 

əсерді  өткізеді.  Кейбір  деректерге  қарағанда  бұл  жолдармен  пропиро-  жəне 

висцерорецепторларда  туындаған  қозу  толқындары  да  1–30  м/с 

жылдамдықпен  өткізіледі.  Жұлын-таламус  жолының  талшықтары  өздері 

енген  сегментте  аяқталады,  немесе  сол  жұлынға  енген  жағымен  бірнеше 

сегментті  бойлай  өрлеп,  айқасады  да,  қарсы  беттегі  нейрондармен 

жалғасады.  Олардан  басталған  аксондар  көру  төмпешігінде  аяқталады. 




 

555


Таламустық  нейрондар  аксоны  үлкен  ми  жарты  шары  қыртысына 

бағытталады.  Жұлын-таламустық  жол  арқылы  тітіркендіргіштің  сапалық 

сипаты жайлы ақпарат алынады. 

Жұлынның  ең  көне  өткізгіш  жолы  болып  дорсальдық  жұлын-мишық 



жолы  немесе  Флексиг  шоғыры  саналады.  Бұл  жолды  жұлынның  үстіңгі 

(дорсальдық)  мүйізінде  орналасқан  нейрондар  аксоны  құрайды.  Жұлыннан 

басталған  жол  айқаспай  тіке  мишыққа  жетеді.  Жұлын-мишық  жолының 

талшықтарымен  қозу  толқыны  110  м/с  жылдамдықпен  өткізіледі.  Бұл  жол 

арқылы  аяқ  еттері  мен  баймалдары  рецепторларынан  тарайтын  импульстер 

өткізіледі. 



Вентральдық  жұлын-мишық  немесе  Говерс  шоғыры  жұлынның 

дорсальдық мүйізіндегі нейрондар аксонынан құралып, импульсті мишықтың 

дененің  қарсы  беткейіндегі  жартысына  жеткізіледі.  Бұл  жол  сіңірден,  тері 

мен  ішкі  рецепторлардан  тараған  импульстерді  өткізеді,  дене  қимылдарын 

қамтамасыз  етіп,  дене  кейпін  бақылауға  мүмкіндік  береді.  Вентральдық 

жұлын-мишық жолымен импульстер 120 м/с жылдамдықпен тарайды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   412   413   414   415   416   417   418   419   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет