Жануар физол


 Орталық жүке жүйесі қызметін зерттеу əдістері



Pdf көрінісі
бет412/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   408   409   410   411   412   413   414   415   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

 

19.1. Орталық жүке жүйесі қызметін зерттеу əдістері 

 

Орталық  жүйке  жүйесінің  физиологиялық  қасиеттері  мен  қызметін 



көптеген  əдістермен  зерттейді.  Ең  ескі  жəне  лаборатория  мен  клиника 

жағдайында  кеңінен  қолданылатын  əдіс  -  бақылау  əдісі.  Бұл  əдістің 

көмегімен  көптеген  құнды  мағлұматтар  жинақталған.  Бірақ  организмде 

жүретін процестердің, байқалатын құбылыстардың мəнін терең ұғыну үшін 

жəй  бақылау  жеткіліксіз,  оған  арнайы  əсер  ете  отырып,  туындаған 

өзгерістердің сипатын анықтау керек. 

Орталық  жүйке  жүйесі  қызметін  зерттеу  əдістерінің  ішінде  ертеден 

қолданылып  келе  жатқан  эксперименталдық  əдістің  бірі  -  экстирпация 



(сылып  тастау)  əдісі.  Мидың  белгілі  бір  бөліктерін  ойып  алу  арқылы, 

оларға  тəн  қызметтер  анықталады.  Экстирпация  əдісіне  көптеген 

кемшіліктер  де  тəн.  Мидың  белгілі  бір  бөлігі  сылынып  тасталғаннан  соң 

организмде байқалатын өзгерістер тек сол бөлімнің қызметінің тыйылуымен 

ғана  емес,  орталық  жүйке  жүйесінің  біртұтастық  қасиетінің  жойылуының 

салдарынан  да  туындайды.  Сонымен  қатар  əртүрлі  сатыда  дамыған 

жануарларда  операция  салдары,  ОЖЖ-сі  қызметіндегі  ауытқулар  организм 

функцияларындағы  өзгерістер  түрлі  дəрежеде  байқалады.  Осымен 

байланысты  экстирпация  əдісін  пайдалану  нəтижесінде  құнды  деректер 

жинақталғанына  қарамастан  əртүрлі  жансақ  пікірлер  де  қалыптасты. 

Сондықтан  қазіргі  кезде  бұл  əдіс  сирек  қолданылады  жəне  оны  қолдана 

қалған кезде түрлі қосымша бақылау тəсілдері пайдаланылады. 

Орталық  жүйке  жүйесі  қызметін  зерттегенде  тітіркендіру  əдісі  де 

кеңінен  қолданылады.  Бұл  жағдайда  белгілі  бір  тітіркендіргішпен  орталық 

жүйке жүйесінің нақтылы аймақтарына əсер етіп, организм функцияларында 

туындаған  өзгерістерді  бақылайды.  Көбінесе  тітіркендіргіш  ретінде  күші, 

əсер  жиілігі  əр  түрлі  электр  тогын  қолданады.  Тиісті  операция  арқылы 

ашылған  ми  құрылымдарына  токтың  əсері  арнаулы  электродтар  арқылы 

беріледі. 

Тітіркендіру  əдісі  қазіргі  кезде  екі  нұсқада  -  жедел  жəне  созылмалы 

тəжірибе  жағдайында,  қолданылады.  Соңғы  нұсқада  арнаулы  хирургиялық 

операция  арқылы  мидың  белгілі  бір  құрылымына  электродтар  біте 

қондырылады  да,  зерттеуші  кез  келген  уақытта  ми  құрылымына  нақтылы 

əсер етіп, қажетті мағлұматтар жинайды. 




 

548


Орталық 

жүйке 


жүйесі 

физиологиясын 

зерттеуде 

электроэнцефалография  əдісі  (ЭЭГ)  маңызды  орын  алады.  Организмнің 

əрбір  тірі  торшасы  сияқты  жүйке  торшаларына  да  электрофизиологиялық 

құбылыстар тəн жəне торша тыныштық күйден белсенді жағдайға көшкенде 

онда  белгілі  заңдылықпен  дамитын  өзгерістер  байқалады.  Сондықтан 

электрлік  ауытқуларды  зерттеу  арқылы  жүйке  жүйесі  қызметінің 

зандылықтары жайлы құнды деректер алуға болады. 

Орталық  жүйке  жүйесі  электрофизиологиясының  негізі  өткен  ғасырдың 

70-жылдарында  В.Я.Данилевский  мен  Р.Кэттон,  И.М.Сеченов  пен  басқа 

ғалымдардың  зерттеулері  нəтижесінде  қаланды.  1929  жылы  австрия 

физиологы  Г.Бергер  Киевтік  профессор  В.В.Правдич-Неминский  тəсілін 

қолданып,  алғаш  рет  адам  миының  үлкен  жарты  шарларының  биотогын 

жазды.  Осы  кезден  бастап  электрофизиологияның  жаңа  саласы  - 



электроэнцефалография пайда  болды. Қазіргі кезде  электроэнцефалография 

тек физиологиялық эксперименттерде емес, клиника жағдайында да кеңінен 

қолданылады. 

Қазақстанда 

нейрофизиология 

лабораториясы 

Ұлттық 

ғылым 


академиясының 

физиология 

институтында 

70-жылдарда 

ашылды. 

Микроэлектродтық  техника,  ЭЭГ  əдістерін  қолдана  отырып,  лаборатория 

қызметкерлері 

өте 


құнды 

деректер 

жинақтап, 

жұлынның 

дене 

температурасын реттеудегі маңызын ашты (С.Ж. Тлеулин т.б). 



Соңғы  жылдары  микроэлектрофизиология  жетістіктерімен  байланысты 

орталық  жүйке  жүйесі физиологиясын зерттеуде  жұлын  мен  мидың  əртүрлі 

бөліктері  нейрондарының  электрлік  белсенділігін  зерттеу  тəсілдері  кеңінен 

қолданыла  басталды.  Бұл  əдіс  жеке  нейрондар  мен  түйіндердің 

физиологиялық  маңызын,  орталық  жүйке  жүйесіндегі  синапстық 

байланыстардың құпиясын ашуда маңызды орын алып отыр. 

Мидың  жоғары  бөлімдерінің  қызметін  зерттеуде  И.П.Павлов  ұсынған 

шартты  рефлекстер  əдісінің  маңызы  да  өте  зор.  Шартты  рефлекстер 

орталық жүйке жүйесінің жоғары бөлімдері қызметінің табиғи бейнесі болып 

табылады,  сондықтан  оларды  бақылау  арқылы  мидың  тиісті  бөлімдерінде 

жүретін  физиологиялық  процестер  жайлы  терең  мағлұматтар  жинауға 

болады.  Дегенмен,  орталық  жүйке  жүйесі  физиологиясын  зерттегенде 

аталған əдістерді дара-дара емес, кешенді түрде пайдаланған орынды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   408   409   410   411   412   413   414   415   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет