Жануар физол


 Жұлынның құрылысы мен қызметі



Pdf көрінісі
бет413/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   409   410   411   412   413   414   415   416   ...   504
 

19.2. Жұлынның құрылысы мен қызметі 

 

Жұлын  филогенездік  тұрғыдан  орталық  жүйке  жүйесінің  ең  ерте  пайда 



болған көне бөлімі. Ол омыртқа өзегінде орналасқан ақ ызба бау тəрізді зат. 

Жұлынның ортасынан сұйыққа толы жіңішке жұлын өзегі өтеді. Жұлынның 

үстіңгі  жəне  астыңғы  жағында  оны  бойлай  терең  сайлар  созылып  жатады. 

Осы сайлар арқылы жұлын оң жəне сол жақ жарты бөліктерге бөлінеді. 




 

549


Жұлынның көлденең қиындысында ақ жəне сұр зат байқалады. Сұр зат 

пішіні  жағынан  қанатын  жайған  көбелекке  ұқсас.  Ол  жұлынның  ортаңғы 

бөлігінде орналасқан торшалар жиынтығы болып табылады. 

Ақ  зат  жұлын  массасының  шет  жағында  сұр  затты  қоршай  орналасады. 

Ол  жұлын  түйінінде  жəне  сұр  затта  орналасқан  нейрондар  аксонынан  - 

үлпекті жүйке талшықтарынан құралған (201-сурет). 

Ақ зат белгілі қызмет атқаратын талшықтар бағанына немесе шоғырына 

бөлінеді.  Бір  бағандар  (тіндер)  жұлын  түйіндерінің  орталыққа  тепкіш 

талшықтарынан  құралады  да,  қозуды  жұлын  түйінінен  жұлынның  алдыңғы 

сегменттеріне немесе миға жеткізеді. Бұл құрылым жұлынның өрлеу немесе 

жоғарылау жолы деп аталады. Енді бір бағандар қозуды ми мен жұлынның 

алдыңғы  сегменттерінен  жұлынның  астыңғы  (вентральды)  мүйізінде 

орналасқан  қозғағыш  нейрондарға  жеткізетін  талшықтардан  құралады, 

оларды ылдилау немесе төмендеу жолдары деп атайды. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Жұлын  жеке-жеке  сегменттерден  жəне  олармен  біте  байланысқан  екі 

үстіңгі  (дорзальды)  жəне  екі  астыңғы  (вентральды)  түбірлерден  құралған 

ерекше орган. Үстіңгі түбір арқылы аралық немесе қозғағыш нейрондармен 

жалғасқан  орталыққа  тепкіш  жүйке  талшықтары  өтеді.  Ал  астыңғы  түбір 

вентральды  мүйізде  орналасқан  қозғағыш  нейрондар  аксонынан  құралады. 

Жұлынға  үстіңгі  түбірмен  келетін  жəне  астыңғы  түбір  арқылы  шығатын 

жүйке  талшықтарының  саны  бірдей  болмайды.  Мысалы,  мысықтың  бел 

омыртқаларының  үстіңгі  түбірінде  12  мың  жүйке  талшықтары  болса, 

астыңғы  түбірінде  6  мың  ғана  талшықтар  болады.  Демек,  бір  қозғағыш 

нейрон  бірнеше  рецепторлардан  келген  импульстер  үшін  ортақ  жол  болып 

табылады. 

Жұлын  түбірлерінің  физиологиялық  маңызын  XІX  ғасырдың  бірінші 

жартысында  ×.Белла  мен  Ф.Мажанди  анықтаған.  Олар  тəжірибе  жүзінде 

үстіңгі  түбірді  қиып  тастағанда  сезімталдықтың  жойылатынын,  ал  астыңғы 

түбірді қиғанда - қимыл əрекетінің бұзылатынын анықтаған (202-сурет). 

 

201-ñóðåт. 

ƽëûííû» 

ê¼ëäåíå» 

êåñiíäiñiíi» áåéíåñi: 

1—    âåíтð-ëüäûº  ì¾éiç;  2  — 

-ñтû»¹û  т¾áið;  3  —  ýôôåðåíттiê 

æ¾éêå; 4 — -ôôåðåíттiê æ¾éêå; 5 

—  æ½ëûí  т¾éiíi;  6  —  äîðñ-ëüäûº 

т

¾áið; 7 — äîðñ-ëüäûº ì¾éiç; 8 — 



æ½ëûííû» -ð-ëûº íåéðîíä-ðû; 

9 — ñ½ð ç-т. 

 



 

550


 

              202-сурет. 

Жұлын 

түбіршіктерін  қиюдың  тітіркендіруге 



қайтаратын     жауапқа əсері:  

       сол  жақта  –  операция  схемасы,        

оң жақта – дененің тітіркендіргіш  əсер 

еткен бөлігі. 

  

Жұлында  шамамен  13  млн  нейрон 



болады.  Осы  нейрондардың  жалпы 

санының 


шамамен 

пайызы 



эфференттік 

немесе 


қозғағыш 

нейрондар,  ал  қалған  97  пайызы 

аралық  нейрондар  үлесіне  тиеді. 

Қозғағыш 

нейрондар 

жұлынының 

шығар  жолын  құрайды.  Олар  альфа-, 

гамма-қозғағыш 

нейрондар 

жəне 


вегетативтік  жүйке  жүйесінің  түйін 

алды нейрондары болып бөлінеді. 



Альфа-қозғағыш 

нейрондар 

жұлында пайда болған импульстерді қаңқа еттеріне бағыттайды (203-сурет). 

Бұл  нейрондардың  аксоны  көп  тармақтанады  да,  өз  терминалдарымен 

жүздеген ет талшықтарын қамтып, олармен əрекет бірлестігін құрайды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   409   410   411   412   413   414   415   416   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет