Жануар физол



Pdf көрінісі
бет428/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   424   425   426   427   428   429   430   431   ...   504
 

Жолақ

  дене  құйрықты  жəне  жасымықша  ядролардан  тұрады. 

Жасымықша  ядроның  латеральдық  бөлігін    қауыз,  ал  медиальдық  бөлігін  - 



бозғылт ядро деп атайды. 

Жолақ  дене  тарихи  тұрғыда  ми  қыртысымен  салыстырғанда  ертерек 

дамыған  құрылым.  Ол  өткізгіш  жолдар  арқылы  үлкен  ми  жарты  шарлары 

қыртысымен,  көру  төмпегімен,  гипоталамуспен,  ортаңғы  мимен,  торлы 

құрылым  ядроларымен,  ми  көпірімен,  сопақша  мимен  тығыз  байланыста 

болады  (18-схема).  Жолақ  дене  таламус  пен  үлкен  ми  қыртысынан 

афференттік  импульстер  қабылдап,  өзі  бозғылт  ядроның  қызметін  реттеп, 

 

 



219-ñóðåт.

  -ëäû»¹û  ìèäû» 

ê¼ëäåíå»            êåñiíäiñiíi» 

ê¼ðiíiñi: 

     1  —  åìiçäiêøå  äåíå;  2  — 

áîç¹ûëт  ø-ð;  3  —  º-óûç;                     

4  —  º½éðûºтû  ÿäðî;  5  — 

º-ñ-»  äåíå  (ìè  æ-ðтû 

ø-ðë-ðûí  á-éë-íûñтûð- 

т

ûí 



-º 

ç-т 


øîºт-ðû);                     

6 —       т-ë-ìóñ. 




 

575


оның  шартсыз  рефлекстік  əрекетін  жартылай  тежеп  отырады.  Үй 

жануарларында  жолақ  дене  қимыл  мүшелерінің  қызметін  реттейтін  қыртыс 

асты  реттеуші,  үйлестіруші  орталық.  Жолақ  денеде  зат  алмасу,  жылу  түзу, 

жылу  бөлу  процестерін,  қан  тамырлары  арнасының  қалпын  басқаратын 

жоғары вегетативтік үйлестіруші орталықтар орналасады деген болжам бар. 

Бозғылт ядро - қимыл əрекеттерін реттейтін қозғағыш ядро. Ол ортаңғы 

жəне  артқы  ми  орталықтарының  қызметін  бағыттап,  үйлестіріп  отырады, 

қызыл ядроның қызметін тежейді. Қыртыс асты түйіндер баяу қимылдардың 

(жүру,  кедергіден  аттау,  басты  бұру  т.с.с.)  атқарылуын  реттеп,  қимыл-

əрекеттің  дəлдігін,  мақсатқа  сəйкестігін  бағалап,  бақылап  отырады  деген 

болжам бар. 

Ми  қыртысы  нашар  дамыған  жануарларда  қыртыс  асты  түйіндер  мен 

таламус  орталық  жүйке  жүйесінің  жоғарғы  бөлімін  құрайды.  Мысалы, 

құстарда  олар  тек  туа  қалыптасқан  ғана  емес,  жүре  пайда  болған 

рефлекстерді де қамтамасыз етеді. 

  

118-схема. 

Орталық 


жүйке 

жүйесіндегі 

қозғағыш 

құрылымдар 

байланыстары. 

 

Қыртыс  асты  түйіндер  түрлі  инстинктердің  (дағдылы  əрекеттердің) 



атқарылуын  қамтамасыз  етеді.  Инстинкт  деп  деп  туа  қалыптасқан,  табиғи 

мінез-қылықтардың  жиынтығын  айтады.  Олар  организмнің  тіршіліктік 

маңызы зор қоректену (қоректік инстинкт), зақымдаушы əсерлерден сақтану 

(қорғану  инстинкті),  ұрпақ  жалғастыру  (жыныстық  жəне  ата-аналық 

инстинкт) т.с.с. функцияларының атқарылуын қамтамасыз етеді. 



 

576


Барлық  инстинктердің физиологиялық негізін орталықтары  қыртыс  асты 

түйіндер  (жолақ  дене)  мен  аралық  ми  ядроларында  орналасқан  шартсыз 

рефлекстердің  күрделі  тізбегі  құрайды.  Қалыпты  жағдайда  инстинктер  ми 

қыртысы  мен  қыртыс  асты  түйіндер  орталықтарының  үйлесімді  əрекеті 

нəтижесінде  атқарылады  да,  күрделі  шартсыз  рефлекстерге  көптеген 

рефлекстер жиынтығы қабаттасып кетеді. 



Лимбика жүйесі. Лимбика жүйесі деп ішкі органдар қызметін реттейтін, 

мінез-қылықтың  эмоциялық  көрінісін  тудыратын  алдыңғы  ми  қыртысының 

филогенездік  тұрғыда  ерте  дамыған  бөлімдері  мен  бірқатар  қыртыс  асты 

құрылымдардың морфофункциялық бірлестігін айтады.  

Лимбикалық  жүйе  атауы  латынның  «лимбусң  -  көмкерме,  жиек  деген 

сөзінен алынған. Ол ми сабағын қоршай орап жатады. Оның бұрынғы иістік 

ми  деген  аты  бұл  құрылымның  табиғатына,  мəніне  сай  емес.  Қазіргі 

көзқарасқа  сəйкес  лимбика  жүйесінің  құрамына  үлкен  ми  жарты 

шарларының  ішкі,  медиальды  жағында  орналасқан  белдеулік  қатпар, 

гиппокамп  қатпары,  гиппокамп,  ілгек  тəрізді  қатпар,  бадамша  кешен, 

еміздікше  дене,  күмбез,  көру  төмпектерінің  алдыңғы  ядролары  сияқты 

құрылымдар енеді (221- сурет). 



 221-сурет. Лимбикалық жүйе 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   424   425   426   427   428   429   430   431   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет