Үлкен ми жарты шарлары қыртысы. Мидың ең жоғарғы жəне
филогенездік тұрғыда ең жас бөлігі - ми жарты шарлары. Сыртынан ол
жалпы қалыңдығы 1,5–4,5 мм шамасында сұр затпен қапталған. Оны үлкен
ми қыртысы деп атайды. Ми қыртысы мидың ең күрделі құрылымы, ол түрлі
сенсорлық (сезімдік) тітіркеністерді қабылдап, өңдеп, əрекеттерді
қалыптастыратын сигналдарды тудырады, жануардың күрделі мінез-
қылығын үйлестіріп, бағыттап отырады. Ми қыртысының сыртқы беткейінде
көптеген сайлар мен иірімдер болады да, ол қатпарланып жатады. Осының
нəтижесінде ми қыртысының беттік кеңістігі айтарлықтай үлкейіп, адамда
2,2 шаршы метрге дейін жетеді.
Морфологиялық тұрғыдан ми қыртысы орасан көп (12–18 млрд)
нейрондардан, олардың өсінділері мен синапстарынан, нейроглия
торшаларынан құралған. Ми қыртысын құрайтын нейрондар өздерінің пішіні
222-ñóðåт.
Ìè ºûðтûñû ñåíñîðëûº
-éì-¹ûíû» º½ðûëûìû:
III—IV — ºûðтûñ º-á-тт-ðû; 1 —
èíтåðíåéðîíä-ð; 2 — èíтåðíåéðîíìåí
æ-ë¹-ñ-тûí
-ôôåðåíттiê
æîë;3
—
ïèð-ìèä-ëûº
íåéðîíä-ð¹-
т
-ðì-º
áåðåтií
-ôôåðåíттiê
æîë;
4
—
т
åæåãiø
èíтåðíåéðîíìåí æ-í-ñ-тûí -êñîííû»
º-éт-ðûìäû
á¾éið
т
-ðì-¹û;
5
—
á-¹-íí-í
ñûðтº-
øû¹-тûí
-êñîí
øî¹ûðû; 6 — ìîäóëü øå»áåðiíäå
¸ñåðäi ê¾øåéтåтií º-éт-ðûìäû á¾éið
т
-ðì-º; 7 — ºûðтûñ—æ½ëûíäûº æîëäû»
ïèð-ìèä-ëûº
578
мен қызметіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Олардың бір тобын мөлшері
жағынан əртүрлі пирамидалық торшалар құрайды. Олар ми қыртысы
беткейіне вертикаль (тігінен) орналасады жəне үшбұрыш пішіндес келеді
(222-сурет). Бұл пирамидалық торшалардан жоғары қарай Т-тəрізді
тармақталған дендрит, ал төменгі табанынан аксон басталады да, ол ми
қыртысының басқа аймақтарына бағытталынатын, немесе қыртыстан
басталатын төмендеу жолына қосылады. Осы торшалардың апикальдық
(төбелік) жəне қысқарақ негіздік (базальдық) дендриттерінде көптеген бүйір
өсінділер - тікенектер болады. Олар арқылы синапстық байланыстар
қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |