Ми қыртысының қызметін зерттегенде жасанды тудырылған
потенциялдарды тіркеу тəсілі қолданылады. Тудырылған потенциалдар деп
түрлі рецепторларды тітіркендіргенде ми қыртысы беткейінде байқалатын
электрлік реакцияларды айтады.
Тудырылған потенциалдар алғашқы жауап (АЖ) жəне соңғы жауап (СЖ)
болып екі топқа бөлінеді. Алғашқы жауап арнаулы афференттік жолды
тітіркендіргенде ми қыртысының сезімтал аймақтарында тіркеледі. Бұл
шоғырланған процесс, тек проекциялық аймақта тіркеледі. Соңғы жауап ми
қыртысының ассоциативтік аймақтарында тіркеледі. Ол алғашқы жауаппен
салыстырғанда құбылмалы келеді, айқын шоғырланбайды, оған шашыраңқы,
жайылмалы сипат тəн. Функционалдық тұрғыдан соңғы жауап қозу
процесінің алғашқы сезімтал аймақтан ассоциативтік аймаққа таралуын
бейнелейді.
Миды біртұтас функционалдық жүйе ретінде зерттеуде И.П.
Павлов ашқан шартты рефлекстер əдісінің маңызы зор. Бұл тəсілді
қолдану арқылы ми жарты шарлары қыртысында жүретін процестерді
жануарлар мінезінің ерекшеліктерін зерттеуге болады.
Ми қыртысының қызметін талдауда кибернетика əдістері де тиімді
пайдаланылады. Жоғары дəрежелі жүйкелік қызмет проблемаларын
математикалық логика негізінде талқылау нəтижесінде теориялық
неврология саласы қалыптасты. Бұл салада модельдеу тəсілі де кең
қолданылып жүр. Ми қызметінің құпиясын түсіну үшін оның əрекетін
бейнелейтін модельдер жасау тиімді. Оның нəтижесінде «үйретушің
автоматтар модельдері жасалған.
228-ñóðåт
.
Ýëåêтðîýíöåô-ëîã-
ð-ìì-íû» íåãiçãi ûð¹-ºт-ðûíû»
áåéíåñi:
I — áåт--ûð¹-º; II — -ëüô--
ûð¹-º; III— тåт--ûð¹-º; IV —
äñëüт--ûð-ê; V— äiðië
ð-çðÿäт-ðû
593
Достарыңызбен бөлісу: |