Жануар физол


 Шартты рефлекстерді қалыптастыру жəне зерттеу əдістері



Pdf көрінісі
бет445/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   441   442   443   444   445   446   447   448   ...   504
 

20.7. Шартты рефлекстерді қалыптастыру жəне зерттеу əдістері 

 

Шартты  рефлекстерді  зерттеуді  И.П.Павлов  1900  жылдан  бастаған. 



Алғашқы      кезде      ол      иттің      қасында      отырып,        тамақ      беруді, 

тітіркендіргішпен  əсер  етуді  өз  қолымен  атқарған.  Бірақ  мұндай  жағдайда 

тəжірибе қоюшының əрбір қимылы ит үшін қосымша тітіркендіргіш болып, 

оның  жауап  реакциясын  не  əлсіретіп,  не  күшейтіп  отырған.  Осымен 

 



 

601


байланысты  бөгде  тітіркендіргіш  əсері  болмау  үшін  тəжірибе  кезінде  итті 

дыбыс  өткізбейтін  ерекше  тұмшаланған  бөлмеде  -  «үнсіздік  камерасындаң 

ұстаған  (232-сурет).  Тəжірибе  жүргізуші  камераның    сыртында    отырып,  

бақылауды  алшақтан  жүргізген. Тамақтандыру,   тітіркендіру   процестері   

арнаулы   тетіктер   арқылы атқырылған. 

 

 



 

И.П.Павлов үлкен ми жарты шарлары қыртысының əрекетін өзегі сыртқа 

шығарылған  сілекей  безінің  шартты  рефлекторлық  реакциялары  арқылы 

зерттеген. Шартты тітіркендіргіш ретінде əр түрлі бейтарап тітіркендіргіштер 

-  қоңырау,  жарық,  т.б.  қолданылған.  Бұл  тəсіл  И.П.Павловтың  классикалық 

сілекей бөлу тəсілі деген атпен белгілі. 

 

Бұл  тəсілдің  артықшылығы  -  бөлінген  сілекей  мөлшеріне  қарап  ми 



қыртысындағы қозу жəне тежелу процестерінің күшін бағдарлауға мүмкіндік 

беруінде. Сілекей көп бөлінсе, қозудың күшті, аз бөлінсе - əлсіздеу болғаны. 

Бұл  тəсіл  негізінен  иттің  шартты  рефлекторлық  əрекетін  бақылауға 

мүмкіндік береді. 

Иттің шартты рефлекторлық əрекетін бақылау үшін кезінде В.М.Бехтеров 

пен В.П.Протопов иттің шартты рефлекторлық əрекетін бақылау мақсатында 

қолданған  қимыл-қорғаныс  тəсілі  қазіргі  кезде  малдың  жоғары  дəрежелі 

жүйкелік  қызметін  зерттеуде  кеңінен  қолданылады.  Үй  жануарларының 

сілекей  бөлуінде  көптеген  ерекшеліктер  бар,  сондықтан  И.П.Павловтың 

классикалық  сілекей  бөлу  тəсілін  пайдалану  нəтиже  бермейді.  Осымен 

байланысты  жылқы  мен  ірі  қарада  шартты  рефлекс  қалыптастыру 

мақсатында қимыл-қорғаныстық тəсілі қолданылады. Бұл жағдайда шартсыз 

рефлекс  ретінде  индукциялық  токпен  əсер  еткенде  малдың  аяғын  бүгу 

реакциясы  алынады.  Токпен  тітіркендіру  үшін  малдың  алдыңғы  сирағының 

жүнін қырқып, теріні ас тұзының ерітіндісімен дымқылдайды да, сол жерге 

индукциялық  катушкамен  жалғастырылған  электрод  бекітіледі  (233-сурет). 

Əрбір  ауырсынту  əсері  қорғаныстық  реакция  тудырып,  мал  аяғын  бүгіп, 

көтереді.  Аяқтың  қимылын  ауа  үрленген  арнаулы  тіркегіш  құрал  арқылы 



232-ñóðåт

¶íñiçäiê 



ê-ìåð-ñû: 1—  -ñт-ó, 

2 — ýëåêтð ø-ìû, 3 — 

ñт-íîê. 

 



 

602


кимографқа  жазып  отырады.  Шартты  сигнал  ретінде  əртүрлі  дыбысты, 

заттың бейнесін т.б. қолдануға болады. 

 

      233-сурет.  Қимыл-қорғаныстық  шартты  рефлекстер  қалыптастыратын 



қондырғы: 

1  –  станок  табаны,  2  –  электродтар,  3  –  станок  табаны  мен  арнаулы  тақтай 

арасындағы резеңке қапшық, 4 – перде, 5 – Марей капсуласы, 6 – кимограф, 7 

–  индукциялық  катушка,  8  –  аккумулятор,  9,10  –  косқыш  кілттер,  12  – 

қоңырау. 

 

Жануарлардың  жоғары  дəрежелі  жүйке  қызметін  зерттеу  үшін  қимыл-



қоректік  тəсіл  кең  қолданылады.  Бұл  əдіс  жануарлардың  табиғи  тіршілік 

əрекеттеріне  сай  келеді.  Мал  бөлмеде  байланбай  бос  ұсталады.  Шартты 

сигнал  ретінде  қоңырау,  электр  шамының  жарығы,  метрономның  дыбысы 

т.б. пайдаланылады. Шартсыз тітіркендіргіш ретінде астауға азық салынады. 

Шартты  жəне  шартсыз  тітіркендіргіштер  əсері  бірнеше  рет  тіркес 

қайталанғаннан  кейін  шартты  рефлекс  қалыптасып,  мал  сигналдан  кейін 

астауға өзі барады. 

Шартты рефлексті қалыптастыру үшін бірнеше ережені орындау керек. 

1. Шартты, бейтарап тітіркендіргіш шартсыз тітіркендіргіштің алдын алу 

керек.  Организмге  керісінше  əсер  еткен  жағдайда  шартты  рефлекс  пайда 

болмайды, қалыптаспайды. 

2.  Үлкен  ми  жарты  шарлары  қыртысының  нейрондары  белсенді  күйде, 

əрекетке бейім болу керек. Егер тəжірибедегі мал ұйқылы-ояу болса, шартты 

рефлекс не қалыптаспайды, не оның қалыптасуы өте ұзаққа созылады. 

3.  Шартты  рефлекс  қалыптасу  үшін  рефлекс  орталығының  қозғыштық 

деңгейінің  де  маңызы  зор.  Егер  ит  тоқ  болса,  демек  шартсыз  рефлекс 

орталығының  қозғыштығы  төмен  болса,  онда  қоректік  шартты  рефлекстің 

қалыптасуы өте қиын болады. 

4.  Мал  ауырса  патологиялық  процеспен  байланысты  жаңа  қозу  ошағы 

пайда болады да, шартты рефлекстің қалыптасуын қиындатады. 




 

603


5. Шартты рефлексті қалыптастырғанда шартты тітіркендіргіштің күшіне 

көңіл бөлу керек. Əлсіз тітіркендіргішке шартты рефлекс қиын қалыптасады. 

Күші  орташа  тітіркендіргішке  рефлекс  шапшаңырақ  қалыптасады.  Тым 

күшті  тітіркендіргіш  тежелу  процесін  тудырады,  оған  рефлекс  пайда 

болмайды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   441   442   443   444   445   446   447   448   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет