20.4. Шартты рефлекстер жəне олардың түрлері
И.М.Сеченовке дейінгі физиолог ғалымдар рефлексті тек жүйке
жүйесінің төменгі бөлімдері қызметімен ғана байланысты деп есептеп
келген. Тек И.М.Сеченов қана психикалық əрекеттерді мидың жоғары
бөлімдерінің қызметімен байланысты деп санап, оған физиологиялық талдау
жасауға алғаш қадам жасады. Ол өзінің 1863 жылы жарық көрген «Ми
рефлекстерің атты еңбегімен одан кейінгі жұмыстарында психикалық
əрекеттердің негізінде рефлекс жататынын дəлелдеді. Орталық жүйке
жүйесінде тежелу процесінің орын тебетінін ашып, мидың рефлекстік
қызметінің күшейіп жəне əлсіреп отыратын кездерін физиологиялық
тұрғыдан негіздеді.
И.М.Сеченов еңбектерін басшылыққа ала отырып, ми физиологиясы
жайлы ілімнің негізін И.П.Павлов жасады. Үлкен жарты шарлар
қыртысының қызметін зерттеуді ол сілекейдің бөлінуін бақылаудан бастап,
сілекейдің тек мал азық қабылдаған кезде ғана емес, ол азықты көрген, оның
иісін сезген, ыдыс-аяқ салдыраған кезде де бөлінетініне көңіл аударған. Бұл
құбылысты ол «психикалық секрецияң деп атап, оған рефлекстік сипат тəн
екенін дəлелдеген. И.П.Павлов психикалық секрецияның тым өзгергіштігін,
кейде байқалып, кейде жойылып кететінін аңғарған. Сол себепті мұндай
рефлекстерді ол шартты рефлекс деп атаған жəне оны үлкен ми жарты
шарлары əрекетінің көрінісі ретінде санаған. И.П.Павлов пен оның
шəкірттерінің еңбектері нəтижесінде шартты рефлекстердің шартсыз
рефлекстер негізінде қалыптасатыны дəлелденді.
Ми қыртысының шартты рефлекторлық əрекеті атқарушы органдар
(бұлшық ет, без т.б.) қызметін тікелей өзгертпейді. Ол орталық жүйке
жүйесінің төменгі бөлімдерінің шартсыз рефлекстерді қамтамасыз ететін
құрылымдары арқылы атқарылады. Шартсыз рефлекстер организмге тікелей
əсер ететін тітіркендіргіштің салдарынан туындайды, сондықтан олар орта
жағдайына бейімделу процесін қамтамасыз ете алмайды. Егер мал тек
ауызына түскен азықты ғана қабылдап, оны іздеп табу қабілетінен айырылып
қалса, ол аштан өлген болар еді. Азықтың түрі, иісі шартты тітіркендіргіш
рөлін атқарады да, оны іздеп табуға, қабылдауға себепкер болады. Демек,
тіршілік барысында жануарларда нақтылы бір реакцияны тудыратын əртүрлі
шартты сигналдарды ажырата білу қабілеті қалыптасады. Осы сигналдарды
сезіну нəтижесінде организм тітіркендіргіш əсеріне алдын ала дайындала
бастайды, сыртқы ортаның əртүрлі факторларын талдап, өзінің бейімделу
реакцияларын нақыштап, кеңейтіп, жетілдіріп отырады. Шартты рефлекстер
арқылы жануар тəжірибе жинақтайды, қорек табады, жауларынан сақтанады,
əр түрлі жағымсыз əсерлерден қорғанады. Сондықтан шартты рефлекстердің
биологиялық маңызы өте зор.
594
Шартты
рефлекс
белгілі
бір
əрекет
тудыратын
үйреншікті
тітіркендіргіштің белгілерінен, басқаша айтқанда шартты тітіркендіргіш
əсерінен туындайтын рефлекторлық əрекет. Демек, кез келген шартты
рефлекс мидағы шартты тітіркендіргіш анализаторының орталығы мен
шартсыз рефлекс доғасының орталық бөлімінің арасында уақытша
байланыстың пайда болуының нəтижесі болып табылады.
Қалыптасу механизмі бірдей болғанымен, шартты рефлекстер шартты
сигналдар мен шартсыз тітіркендіргіштер сипатына, сыртқы орта мен
организм арасындағы қатынастарға байланысты бірнеше түрге бөлінеді.
Шартты рефлекстің ең қарапайым түрі - бірінші реттік шартты рефлекс
болып табылады. Ол шартсыз рефлекс негізінде пайда болады. Бұл жағдайда
шартты тітіркендіргіш (мысалы, қоңырау даусы) шартсыз тітіркендіргіштің
(азық т.б.) алдын алады.
Бірінші реттік шартты рефлекстер табиғатта өте кең тараған. Олар
жануарлардың табиғи шартты рефлекторлық əрекетімен сипатталады. Көп
жағдайда шартты сигнал шартсыз тітіркендіргішпен тікелей ұштаспай,
тітіркендіргіштер жиынтығының бастапқа буынының рөлін атқарып,
шартсыз тітіркендіргіш бірнеше сигналдан кейін ғана əсер етеді. Мұндай
жағдайда жоғары реттік шартты рефлекстер пайда болады.
Жануарлардың жауын көргенде қаша жөнелуі бірінші реттік шартты
қорғаныстық рефлекс болып табылады. Бірақ қорғаныстық шартты
рефлекстер жыртқыш көрінгенде ғана емес, оның иісіне, дыбысына т.б.
белгілеріне қалыптасады. Бұл жағдайда жыртқыш бейнесі болашақ
ауырсыну түйсігінің хабаршысы болғанымен, ол тек аралық сигнал болып
табылады да, алшақ иістік, дыбыстық белгілердің дəлелді сигналы рөлін
атқарады. Кей жағдайда жыртқыштың иісінен, дыбысынан бұрын майда
жануарлардың қаша бастауы иісі сезілмеген, дыбысы естілмеген
жыртқыштың жақындағаны жайлы шартты белгі болады да, шартты
қорғаныстық рефлекс тудырады.
Жоғары сатыда дамыған жануарларда үшінші реттік, маймылда
төртінші реттік, адамдарда - жетінші-тоғызыншы реттік шартты рефлекстер
қалыптастыруға болады. Шартты рефлекс реті жоғарылаған сайын
оның жасырын кезеңі ұзара түседі де, күші азаяды.
Шартты жəне шартсыз тітіркендіргіштер арасындағы уақытша байланыс
сипатына қарай шартты рефлекстер қапталдасқан жəне іздік болып
бөлінеді. Қапталдасқан шартты рефлекстер қарапайым келеді де,
оңайырақ қалыптасады. Бұл рефлекстерді қалыптастырғанда шартсыз
тітіркендіргішке шартты тітіркендіргіш қапталдаса, қатар əсер етеді. Бұл
жағдайда уақытша байланыс қатар қозған екі орталық арасында пайда
болады.
Іздік шартты рефлекстерді қалыптастырғанда шартсыз тітіркендіргіш
шартты тітіркендіргіштің əсері тиылғаннан кейін əсер етеді. Бұл жағдайда
595
уақытша байланыс шартсыз рефлекс орталығы мен қозу процесі өше
бастаған шартты тітіркендіргіш анализаторы орталығының арасында пайда
болады.
Жануарлар дүниесінде кең тараған жəне физиологиялық тұрғыдан өте
маңызды рефлекстің бірі - мерзімдік шартты рефлекс. Бұл рефлекстің
шартты сигналы мерзім аралығы болып табылады. Ол шартсыз əрекет
нақтылы бір мерзімнен кейін қайталанып отырған жағдайда пайда болады.
Белгілі тəртіппен өмір сүретін адамдардың мінезіндегі дағдыға айналған
əрекеттердің (белгілі мезгілде ояну, ас қабылдау т.с.с) физиологиялық
негізінде осы құбылыс жатады.
Сигналдық тітіркендіргіш сипатына қарай шартты рефлекстер табиғи
жəне жасанды болып бөлінеді. Табиғи шартты рефлекстер шартсыз
тітіркендіргіштердің табиғи белгілеріне қалыптасады. Мысалы, еттің иісіне,
түріне т.с.с. Жасанды шартты рефлекстер шартсыз тітіркендіргіштердің
алдын алған бейтарап сигналдарға пайда болады. Мысалы, жануарларда
шартты қоректену рефлекстерін метроном дыбысына, қоңырау дауысына,
электр шамына т.с.с. қалыптастыруға болады. Табиғи рефлекстер өте
жылдам қалыптасады жəне ұзақ сақталады.
Шартты рефлекстер өздеріне негіз болған шартсыз рефлекстер
табиғатына қарай қоректік, жыныстық, қорғаныстық (сақтану) т.б. болып
жіктеледі. Шартты сигналдарды қабылдайтын анализаторлар табиғатына
қарай олар бейнелік, дыбыстық, иістік т.с.с. болып бөлінеді. Рецепторлар
табиғатына қарай шартты рефлекстер экстерорецептивтік (сыртқы
рецепторларды тітіркендіргенде қалыптасатын) жəне интерорецептивтік
(ішкі рецепторларды тітіркендіргенде қалыптасатын) болып та бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |