ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Мысалы, жаңа туған төл енесін емеді, қауыздан
596
жануарларда шартты рефлекстер үлкен жарты шарлар əрекеті болып
табылады.
Шартсыз рефлекстер нақтылы бір рефлекстік өрістің тітіркенуімен
басталады, оның дайын, өзіндік рефлекстік жолы - доғасы болады. Мысалы,
сілекей ауыз қуысының кілегей қабығын тітіркендіргенде бөлінеді. Шартты
рефлекстердің тұрақты рефлекстік өрісі, тұрақты рефлекстік доғасы
болмайды. Кез келген шартты рефлексті əртүрлі шартты тітіркендіргішке
қалыптастыруға болады. Мысалы, шартты сілекей бөлу рефлексі қоңырау
дауысына да, электр шамына да, терінің тітіркенуіне де қалыптаса береді.
Шартсыз рефлекстер тұрақты, стереотипті келеді, аз өзгереді. Шартты
рефлекстер өзгермелі, құбылмалы келеді, пайда болып, жойылып отырады.
Шартты рефлекстерге сигналдық сипат тəн, олар туындауға тиісті шартсыз
рефлекстердің алдын алып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: