Жануар физол



Pdf көрінісі
бет455/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   451   452   453   454   455   456   457   458   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

20.11. Ес жəне оның түрлері 

 

Ес  дегеніміз  мидың  тіршілік  əрекеті  үстінде  жинақталған  тəжірбиені 

сақтап,  жаңғыртуды,  пайдалануды  қамтамасыз  ететін  қасиеті.  Ес  арқылы 

организм  тəжірибесі  байыйды  жəне  ол  пайдаға  асырылады.  Ес  арқылы 

үйрену,  жаттығу  процесі  жетілдіріледі  жəне  сыртқы  орта  жағдайларына 

бейімделу нақтылана, жақсара түседі. 

Естің  үш  түрі  болады:  қысқа  мерзімдік,  аралық  жəне  ұзақ  мерзімдік. 

Жүйке  жүйесі  қабылдаған  хабар  алдымен  қысқа  мерзімдік  ес  түрінде 

жинақталады.  Одан  əрі  ол  шапшаң  (бірнеше  секунд  ішінде)  жойылады 

немесе  аралық  ес  түрінде  сақталады.  Аралық  ес  ақпаратты  бірнеше  минут 

немесе  сағат  сақтауға  мүмкіндік  береді.  Егер  оқиға  маңызды  болса  жəне 

нақтылы эмоция тудырса, онда ол көп уақытқа сақталу үшін ұзақ мерзімдік 

еске айналып тіпті өмір бойы сақталады. 

Есте  қалдыру  механизмі,  оның  физиологиялық  негізі  əлі  күнге  дейін 

толық  анықталған  жоқ.  Қысқа  мерзімдік  жəне  ұзақ  мерзімдік  есті  бекіту, 

сақтау,  қамтамасыз  ету  механизмі  əр  түрлі  болады  деген  болжам  бар. 

Жоғары  сатыда  дамыған  жануарларда  жаңа  хабарларды  «жазып  алуң,  оны 

бұрынғы  мəліметтермен  салыстыру  жəне  ұзақ  мерзімдік  еске  айналдыру 

процестерін  гиппокамп  атқарады.  Ұзақ  мерзімдік  есті  сақтау  жəне  қайта 

жаңғырту  процестерін  ми  қыртысының  самай  бөлігі  нейрондарының 

қызметімен байланыстырады. 

Əсерді  қысқа  мерзімге  сақтап  қалу  үшін  тиісті  нейрондарға 

импульстердің  бір  сериясының  келуі  жеткілікті  болуы  мүмкін.  Осының 

нəтижесінде иондық арналар қызметін реттеу механизмі өзгереді. Мəліметті 

аралық есте сақтап қалу үшін қозудың біраз уақыт (оншақты минут бойына) 

нейрондар  тізбегінде  айналуы,  жаңғырығуы  (реверберация)  қажет.  Ал  ұзақ 

мерзімді ес орталық нейрондарда жүретін құрылымдық жəне функционалдық 

өзгерістермен,  нейрон  аралық  синапстық  байланыстың  күшеюімен, 

синапстық  беткейдің  (жанасу  беткейінің)  үлкеюімен,  постсинапстық 

потенциал  деңгейінің  өсуімен,  постсинапстық  мембрананың  медиаторға 

сезімталдығының жоғарылауымен байланысты. Синапстардың пайда болуы, 

қалыптасуы белок синтезінің, РНК қызметінің күшеюі негізінде жүреді. РНК 

қызметі  мен  белоктардың  синтезін  тежеп  тастау  ұзақ  мерзімдік  естің 

қалыптасуына мүмкіндік бермейді. 




 

613


Ұзақ  мерзімдік  ес  мəліметтің  кез  келген  мерзім  аралығында  сақталуын 

қамтамасыз ете алады. Мəлімет ізінің уақыт өткен сайын нығаюын жəне жаңа 

ақпараттар  қосылғанның  өзінде  жоғалмай  сақталуын  қамтамасыз  ететін 

процесті,  мəліметтің  қысқа  мерзімдік  естен  ұзақ  мерзімдік  еске  көшуін 



бекіту (консолидация) деп атайды. 

Естің физиологиялық механизмі туралы қазіргі кезде көптеген болжамдар 

мен  теориялар  бар.  Жалпы  мида  қалыптасатын  уақытша  байланысты  естің 

негізінде  жататын  күрделі  физиологиялық  процестің  бір  көрінісі  деп  алуға 

болады.  Морфологиялық  мəліметтерге  қарағанда  мида  нейрондардың 

тұйықталған тізбегі болады жəне импульстер оны  бойлай ұзақ уақыт бойына 

еркін  айналып  жүре  алады.  Осы  негізде  қысқа  мерзімдік  естің 

физиологиялық  мəнін  түсіндіру  үшін  жаңғырығу  (реверберация)  теориясы 

ұсынылды.  Бұл  теорияға  сəйкес  мəлімет  тұзақ  деп  аталатын  нейрондар 

тізбегі қызметі арқылы сақталады. Бұл тізбектегі бір нейрон қозса ол келесі 

нейронды  қоздырып,  тізбектелген  процесс  басталады  да,  осы  импульстер 

аксонның  бүйір  тармақтары  немесе  аралық  нейрондар  аксондары  арқылы 

алғашқы  торшаға  қайта  оралады.  Бұл  процесс  жалғаса  береді  де,  сақина 

сипатты  байланыс  түзіліп,  қозу  импульсі  оны  бойлай  ұзақ  уақыт  айналып 

жүре  береді.  Қозу  реверберациясын  тудыратын  мұндай  əсерлер  көп 

қайталанса,  əр  айналым  сайын  есте  қалған  із  нығая  түседі.  Əсердің 

қайталануы  тоқтаса,  немесе  тізбектегі  бір  нейронда  тежелу  басталса 

реверберация да тоқтайды. 

Қысқа мерзімдік естің механизмін түсіндіру үшін электрондық теория да 

ұсынылған. Бұл теорияға сəйкес жүйке импульстері синапстар арқылы өткен 

кезде  өзіндік  құбылыстар  туындап,  электрондық  потенциал  пайда  болады. 

Осының  нəтижесінде  белгілі  синапстар  арқылы  импульстердің  өтуі  ұзақ 

мерзімге (бірнеше минут, тіпті сағатқа) жеңілдетіледі. 

Қазіргі  кезде ұзақ мерзімдік  естің  механизмін  түсіндіру  үшін де  бірнеше 

теория  ұсынылған. 

Олардың 


бірі 

синапстарда  жүретін 

күрделі 

морфологиялық  өзгерістерді  негізге  алса,  екіншісі  –  биохимиялық 

өзгерістерге  сүйенеді.  Анатомиялық  теория  бойынша  мəліметті  қабылдап, 

сақтау  процесі  нейрондар  өсінділерінде  жаңа  терминалдар  пайда  болу 

арқылы, олардың пішіндері мен көлемінің өзгеруі, дендриттер бүршіктерінің 

- тікенектерінің өсуі, көбеюі нəтижесінде жаңа байланыстардың пайда болуы 

арқылы іске асады. Глиялық теория ұзақ мерзімдік есті нейрондарды қоршай 

орналасқан  глиялық  торшалардағы  өзгерістермен  байланыстырады.  Глия 

торшаларында  түзілетін  ерекше  заттар  синапстардан  қозудың  өтуін 

жеңілдетеді, 

нейрондардың 

қозғыштығын 

жоғарылатады, 

олардың 


дендриттерінің  тарамдалуын  жəне  дендриттер  бойындағы  тікенектердің 

ұзаруын қамтамасыз етеді. Мəлімет ізін сақтау жəне жаңғырту үшін арнаулы 



белоктар қажет деген де болжам бар. 


 

614


Ес  туралы  мағлұматтар  негізінен  маймылдарға,  немесе  миында 

патологиялық  процесс  байқалған  адамдарға  жүргізілген  бақылаулар 

негізінде  жинақталған.  Үй  жануарлары  жайлы  мағлұматтар  өте  аз  жəне 

оларды  приматтармен  салыстыру  қате  тұжырымдар  туғызуы  мүмкін. 

Дегенмен,  ірі  қара  мен  жылқыға  ұзақ  мерзімдік  естің  тəн  екені  жайлы 

деректер бар. Олардың жақсы қалыптасқан қимыл-қоректік рефлекстерді 6 

жылдан астам уақыт сақтайтыны белгілі. Жылқы жүрген жерін, жолын есте 

өте жақсы сақтай алады. 

Барлық  жануарлар  уақытты  жақсы  бағдарлайды,  сондықтан  олар  күн 

тəртібіне  тез  үйренеді,  азықтандыру,  сауу  мерзіміне  оңай  бейімделеді. 

Құстарда  ұзақ  мерзімдік  ес  нашар  дамыған,  олар  өзі  жүрген  жерді  есте 

ұстай алмайды. Торайларда да ұзақ мерзімдік ес нашар дамыған. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   451   452   453   454   455   456   457   458   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет