Жануар физол



Pdf көрінісі
бет451/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   447   448   449   450   451   452   453   454   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

 

 

 

 

Алдымен  қозу  мен  тежелудің  жайылу  (иррадиация)  жəне  шоғырлану 

(концентрация)  процесі  жүреді.  Иррадиация  деп  қозу  не  тежелу  процесінің 

өзінің бастапқы пайда болған аймағынан ми қыртысының басқа бөлімдеріне 

таралуын,  жайылуын  айтады.  Бұл  процестердің  белгілі  бір  шекке  дейін 

жайылып, қайтадан бастапқы пайда болған орталығына оралуын - шоғырлану 

дейді. 

Қозу  процесінің  жайылуына  мысал  ретінде  шартты  рефлекстердің 

жалпылану  сатысын  алуға  болады.  Шартты  рефлекстің  қалыптасуының  бас 

кезінде  тек  нақтылы  шартты  сигналдар  емес,  оларға  ұқсас  кез  келген 

тітіркендіргіш  шартсыз  реакция  тудырады.  Оның  себебі  шартты  сигнал 

əсерінен пайда болған қозу процесі ми қыртысының көп аймағына таралып, 

ми  қыртысындағы  шартсыз  рефлекс  орталығымен  көптеген  орталықтар 

уақытша  байланыс  түзеді.  Шартты  рефлекс  қалыптастыру  барысында 

қозудың  жайылуы  бірте-бірте  шектеле  түседі  де,  қозу  процесі  шартты 

сигналды қабылдауды қамтамасыз ететін нейрондар тобында шоғырланады. 

Бұл  процесс  нақтылы  шартты сигналдан басқа  тітіркендіргіштерді демемеу, 

бекітпеу  салдарынан  жəне  ішкі  тежелудің  туындауы  нəтижесінде  қозудың 

шектелуінен  атқарылады.  Сыртқы  тежелудің  ми  қыртысының  уақытша 

 

234-ñóðåт

Ìè 


ºûðтûñûíä-¹û 

ºîçó 


æ¸íå 

т

åæåëó 



ïðîöåñтåðiíi» 

-ð- 


º-тûí-ñû 

— 



ºîçó  

èðð-äè-öèÿñû,  Á  — 

т

åæåëó 


èðð-äè-öèÿñû,  Â  — 

êîçóäû» 


øî¹ûðë-íóû, 

à

— 



т

åæåëóäi» 

øî¹ûðë-íóû,  Ä  —  î» 

èíäóêöèÿ,  Å  —  тåðiñ  

èíäóêöèÿ. 

 



 

607


байланыстан  тыс  аймақтарында  жайылуы  арқылы  қалыптасқан  уақытша 

байланыс тұрақталады, бекиді. 

Ми  қыртысында  да  ОЖЖ-ің  басқа  бөлімдеріндегі  сияқты  қозу  жəне 

тежелу  процестерінің  индукциясы  байқалады.  Олардың  арасында  белгілі 

теңдестік қалыптасады да, не оң, не теріс индукция туындайды. Нақтылы бір 

орталықтың қозуы маңайындағы орталықтарда тежелу туындатса, оны теріс 



индукция,  ал,  керісінше,  тежелген  орталық  маңайындағы  орталықтарда  қозу 

туындаса, оны оң индукция дейді. 

Индукция  өзінің  табиғаты,  бейнеленуі  жағынан  иррадиацияға  кері 

процесс.  Иррадиация  нəтижесінде  бір  мағыналы  процесс  (мысалы  қозу  не 

тежелу)  талатын  болса,  индукция,  керісінше,  қарама-қарсы  сипаттағы 

процесті  тудырады  жəне  иррадиацияны  шектейді,  жүйкелік  процестердің 

шоғырлануын қамтамасыз етеді. 

Қозу  мен  тежелу  процестерінің  арасындағы  күрделі  мерзімдік  жəне 

ауқымдық əрекеттестік үлкен ми жарты шарларының талдау жəне жинақтау 

қызметінің негізінде жатады. Ми қыртысындағы талдау процесі қозумен, ал 

жинақтау процесі - тежелумен байланысты. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   447   448   449   450   451   452   453   454   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет