Жануар физол


 Əр түрлі жануарлардағы терең (шапшаң) ұйқының үлесі



Pdf көрінісі
бет453/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   449   450   451   452   453   454   455   456   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

43. Əр түрлі жануарлардағы терең (шапшаң) ұйқының үлесі  

(А.М. Вейн, 1970). 

 

Жануарлар 



 

Ұйқының 


бір 

циклының  орташа 

ұзақтығы, мин. 

 

 



Жалпы  ұйқы  мерзіміндегі 

шап  шаң  ұйқының%-  ға 

шаққан үлесі 

 

 



Бауырымен жорғалаушылар 

Тауық, кептер 

қалталы егеуқұйрық  

Егеуқұйрық 

Қоян 

Қой 


Мысық  

Маймыл 


Адам 

– 

– 



19 

7-13 


24 

– 

26 



47-80 

70-90 


жоқ 

0-5 


22-34 

1-3 


1-3 

2-3 


20-30 

11-20 


20-25 

 

Француз  ғалымы  М.Монье  (1965)  ж)  айқас  қан  айналым  жасау  арқылы 



қоянға  жүргізген  тəжірбиесінде  қызық  нəтиже  алған.  Бірінші  қоян  миының 

ұйқы  туғызатын  аймағын  тітіркендіргенде,  екінші  қоян  да  ұйықтап  қалған. 

Бұл  құбылысты  бірінші  қоян  организмінде  жиналған  гипнотоксиндердің 

(ацетилхолин,  гамма–аминді  май  қышқылы,  серотонин)  екінші  организмге 

таралуымен  түсіндіруге  болады.  Бірақ  П.К.Анохин  лабораториясында  қан 

айналымы  ортақ  болып  жабыса  туған  егіздердің  бірі  ұйқыға  кеткенде 

екіншісінің  сергек  жағдайда  болуы  жайлы  жинақталған  фактілер  бұл 

теорияның дұрыстығына күмəн тудырады. 

XІX ғасырдың ортасынан бастап ұйқының жүйкелік теориясы қалыптаса 

бастады.  1933  жылы  Швейцария  физиологы  В.Гесс  аралық  мидың 

гипоталамустық аймағында ұйқы орталығы болатыны жайлы болжам айтты. 

Ол  иттің  аралық  миының  артқы  бөлімін  жіңішке  электрод  арқылы 

тітіркендіріп,  10–40  минутқа  созылатын  ұйқы  тудырған.  И.П.Павлов  В.Гесс 

ұсынған  ұйқының  қыртыс  асты  құрылымдарға  тəн  құбылыс  екенімен 

келіспей,  қыртыстық  механизмдерге  бой  ұсынған.  Шартты  рефлекстерді 

зерттеу  үстінде  ол  ішкі  тежелудің  нəтижесінде  иттерде  ұйқышылдық 

байқалатынына 

көңіл 


аударған. 

Кейбір 


жағдайларда 

тежеуші 


тітіркендіргіштер  əсерімен  ит  тіпті  ұйықтап  та  қалған.  Өз  тəжірбиелеріне 


 

610


сүйене отырып, И.П.Павлов ұйқыны үлкен ми жарты шарлары қыртысында 

жайыла  таралып,  біраз  қыртыс  асты  құрылымдарды  қамтитын  тежелу 

деп түсіндірді.  

И.П.Павлов  пікірінше  ұйқы  мен  тежелу  бір  текті  процесс.  Əрекет 

үстіндегі ми қыртысының торшаларында қатты қажудың нəтижесінде тежелу 

процесі туындап, олардың қызметі тоқтайды. Осы тежелу жайылып, бүкіл ми 

қыртысын  қамтиды  да,  қыртыс  асты  орталықтарға  тарап,  жүйке 

торшаларының жаңа сапалық күйі - ұйқы туындайды. Сырт қарағанда ұйқы 

кезінде  шынында  да  организм  функцияларында  тежелу  процесінің 

көріністері  байқалады.  Мысалы,  организмнің  қимылы  тоқтайды,  не 

шектеледі,  анализаторлар  қызметі  бəсеңдеп,  сыртқы  ортамен  байланыс 

нашарлайды,  шартты  рефлекстер  тежеледі,  зат  алмасу  қарқыны  төмендеп, 

ішкі  мүшелер  қызметі  баяулайды.  Ұйқы,  И.П.Павлов  пікірі  бойынша,  тек 

жүйке  торшаларының  əрекетсіз  күйі  ғана  емес,  сонымен  қатар  ол 

нейрондардың  сергектік  кездегі  жұмыс  қабілетін  қалпына  келтіруге  қажетті 

зат алмасу деңгейін қамтамасыз ететін процесс. 

И.П.Павлов  ұйқыны  белсенді  (активті)  жəне  ырықсыз  (пассивті)  түрге 

бөледі.  Белсенді  үйқы  бүкіл  ми  қыртысына  жайылып,  қыртыс  асты 

түйіндерді  қамтитын  ішкі  тежелу  болып  табылады.  Ал,  ырықсыз  ұйқы 

рецепторлардан  ми  қыртысына  келетін  импульстердің  күрт  азаюының 

нəтижесінде  туындайды.  И.П.Павлов  лабораториясында  тəжірибе  жүзінде 

ырықсыз ұйқы тудырылған. Иттің иіс сезу, көру, есту рецепторларын бұзып 

тастағаннан  соң,  ол  барлық  кезде  ұйықтап  жатып,  тек  табиғи  мұқтаждық 

əсерімен (тамақ қабылдау, зəр бөлу, нəжіс шығару т.с.с.) оянып отырған. 

Ми  қыртысында  əркез  қозу  жəне  тежелу  ошақтары  орын  тебеді.  Ұйқы 

кезінде  ішкі  не  сыртқы  орта  тітіркендіргіштері  осы  ошақтардың 

белсенділігін  не  арттырып,  не  басып  отырады..  Терең  жайылған  тежелу 

жағдайында қозу ошақтары басылып, ұйқы үзілмей жалғаса береді. Дегенмен 

ұйқы  кезінде  ми  қыртысының  кейбір  аудандарының  қозғыштығы  сақталып 

қалады.  Мұндай  аудандарды  И.П.Павлов  «сақшы  пункттерң  деп  атаған. 

Олар  жануарлар  өмірі  үшін  маңызы  зор  тітіркендіргіштер  əсерімен  (қатер 

төнгенде) дер кезінде, шапшаң оянуды қамтамасыз етеді. 

Ұйқының  табиғатында  қыртыс  асты  құрылымдар  да  маңызды  рөл 

атқарады.  Ояу  кезде  торлы  құрылым  ми  қыртысына  белсендіруші 

импульстер  жіберіп  отырады  да,  ұйқыны  болдырмайды.  Ал  осы  торлы 

құрылымның белсендіруші əсерін тоқтатса (мысалы, зақымдау арқылы), онда 

мал терең ұйқыға кетеді. 

П.К.Анохин концепциясы бойынша ұйқы ми қыртысы, гипоталамус жəне 

таламус-торлы  құрылымдық  жүйенің  өзара  əрекеттестігіндегі  айналымды 

өзгерістерге  байланысты.  Ояу,  сергек  кезде  ми  қыртысы  гипоталамустағы 

ұйқыны  тудыратын  вентромедиальдық  ядроны  тежеп  отырады.  Ми 

қыртысында  ішкі  тежелу  жайыла  бастағанда оның  гипоталамус  орталығына 




 

611


əсері  тоқтайды.  Гипоталамус  орталығының  белсенділігінің  күшеюі 

нəтижесінде  оның  ми  сабағының  торлы  құрылымының  қызметіне  тежеуші 

əсері  күшейеді  де,  таламус  деңгейінде  ми  қыртысына  бағытталған 

белсендіруші  импульстердің  өтуі  тоқтатылады.  Осының  салдарынан  ми 

қыртысының тонусы одан əрі төмендеп, ұйқы басталады. Сонымен белсенді 

процесс ретінде басталған ұйқы ырықсыз процесс түрінде жалғасады. 

Қазіргі  кезде  ұйқыны  реттейтін  орталықтың  қыртыс-қыртыс  асты 

құрылымдарда  шоғырлануы  жайлы  дəлелдер  мол  жинақталған.  Тіпті  ұйқы 

сатыларының  моноаминэргиялық  реттеу  механизмі  жайлы  болжам 

ұсынылған  (М.Жуве,  1967).  Бұл  болжам  бойынша  сергек  ұйқы  сопақша 

мидағы  серотонинэргиялық  ядролар  жүйесімен  реттелінеді.  Ортаңғы  ми 

торлы  құрылымның  катехоламинэргиялық  нейрондары  терең  ұйқы  мен  ояу 

күйді реттейді. 

Ұйқы  табиғатында  глиялық  элементтердің  де  ерекше  рөл  атқаратыны 

жайлы  деректер  бар.  Баяу,  сергек  ұйқының  негізгі  нейрохимиялық  маңызы 

мидың глиялық құрылымдарында белоктар мен РНК-ның алмасуын қалпына 

келтіру  процестерін  қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Парадоксальды  ұйқы 

кезінде  нейрон  мембраналарындағы  белсенді  конформациялық  өзгерістер 

осы күйдегі ЭЭГ ерекшеліктерінің туындау себебінің бірі болып табылады. 

Сонымен, эволюция кезінде ми қызметінің үш түрлі əрекеті қалыптасқан: 

ояу күй (сергектік), шапшаң (терең) ұйқы жəне баяу (сергек) ұйқы. 

Ұйқыдан  оянуға  организмдегі  биохимиялық  өзгерістер,  ми  қыртысы, 

гипоталамус,  торлы  құрылым  аралығындағы  функционалдық  байланыс 

өзгерістері  жəне  сыртқы  орта  тітіркендіргіштерінің  организмге  əсер  етуі 

себепкер  болады.  Ояу  күй  анализаторлар  қызметі  мен  қимыл-əрекеттердің 

күшеюімен  сипатталады  жəне  белгілі  мерзім  аралығында  түрлі  ішкі  жəне 

сыртқы факторлар əсерінің арқасында сақталады. 

Гипноз.  Ұйқыны  зерттеу  нəтижесінде  И.П.Павлов  гипноз  құбылысына 

физиологиялық  тұрғыдан  түсініктеме  берді.  Гипноздың  да  негізінде  тежелу 

процесінің  жайылуы  жатады.  Бірақ  терең  ұйқы  жағдайында  тежелу  процесі 

бүкіл  ми  қыртысын  қамтып,  қыртыс  асты  түйіндерге  дейін  таралса,  гипноз 

жағдайында  тежелу  процесі  ми  қыртысының  тек  белгілі  бір  аймақтарына 

жайылады.  Ұйқыдан  сергек  күйге  ауысу  барысында  И.П.Павлов  пікірінше 

бірнеше  жүйелі  саты  байқалады.  Олар  парабиоз  сатыларына  ұқсас  жəне 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   449   450   451   452   453   454   455   456   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет