Жануар физол


 Ұйқы жəне оның табиғаты. Гипноз



Pdf көрінісі
бет452/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   448   449   450   451   452   453   454   455   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

 

20.10. Ұйқы жəне оның табиғаты. Гипноз 

 

Табиғи  процестерге  тəн  айналымды  құбылыстар  (циклдер)  жердің  күн 

шеңберіндегі  қозғалысына  жəне  оның  өз  осінде  айналуына  байланысты. 

Алғашқы құбылыс жыл мерзімінің алмасуы мен мінез-қылықтың маусымдық 

ырғағының, ал соңғы процесс күн мен түннің алмасуының, мінез-қылықтың 

тəуліктік  (циркадалық)  ырғағының  негізінде  жатады.  Сүт  қоректі 

жануарлардың  көпшілігінде  тəуліктік  ырғақ  туа  байқалмайды,  ол  тіршілік 

барысында  организмнің  өзіне  ғана  тəн  ішкі  ырғақ  түрінде  біртіндеп  пайда 

болады. Тəуліктік ырғақ неғұрлым шапшаң қалыптасса, соғұрлым организм 

қоршаған 

орта 


жағдайына 

тезірек 


бейімделеді. 

Ішкі 


ырғақтың 

қалыптасуында  күн  мен  түннің  алмасуы,  осымен  байланысты  əртүрлі 

тітіркендіргіштер  сипатындағы    өзгерістер  маңызды  рөл  атқарады. 

Организмнің  ішкі  тəуліктік  ырғағының  бейнесі  ретінде  ұйқы  мен  ояу  күйді 

(сергектікті) келтіруге болады. 

Ұйқы  -  жалпы  организмнің,  оның  миы  мен  жүйке  жүйесі  əрекетінің 

бəсеңдеп,  сыртқы  тітіркендіргіштерге  жауап  реакциялардың  төмендеуімен, 

ми  нейрондарының  ерекше  белсенділігінің  қалыптасуымен  сипатталады. 

Ұйқы  -  азық  қабылдау  мүмкіндігі  шектелген,  сыртқы  орта  жағдайларының 

күрт  ауытқулары  мен  жыртқыштар  қатері  кеміген  кезде  организмнің 

белсенділігін  төмендететін  физиологиялық  күй.  Аталған  факторлармен 

ұйқының ұзақтығы жəне ерекшеліктері тығыз байланысты. Ұйқы зат алмасу 

қарқынын,  организмнің  белсенділігін  өзгертеді,  ол  ішкі  табиғи  мұқтаждық 

болып табылады. 



 

608


Ұйқының  екі  түрі  болады:  жалғыз  фазалы  жəне  көп  фазалы.  Жалғыз 

фазалы ұйқыға күндізгі немесе түнгі ұйқы мен ояу күйдің тəулік бойына бір 

ғана рет алмасуы тəн. Көп фазалы ұйқыда ояу күй мен ұйқы тəулік ішінде 

бірнеше рет қайталанып, алмасып отырады. 

Қазіргі кезде қалыптасқан көзқарастарға сəйкес ұйқының əрбір кезеңінде 

бірін-бірі алмастырып отыратын екі саты байқалады: баяу толқынды (сергек, 

ортодорсальды)  ұйқы  жəне  терең  (шапшаң,  пародоксальды)  ұйқы.  Сергек, 



ортодоксальды  ұйқы  кезінде  ЭЭГ-да  жоғары  амплитудалы  баяу,  дельта-

толқындар,  ал  терең,  парадоксальды  ұйқы  сатысында  жиі  ырғақты,  кіші 

амплитудалы  толқындар  жазылады.  Соңғы  сипаттағы  белсенділік  негізінен 

ояу күйге тəн. Демек, ұйқының екінші сатысында ЭЭГ сипатына қарағанда 

ми  белсенді  қызмет  жағдайында,  ал  организмнің  өзі  ұйқыда  болады. 

Сондықтан ұйқының бұл сатысын пародорсальды ұйқы деп атайды. 

Жоғарыда  баяндалған  ұйқы  сатылары  бір-бірінен  вегетативтік 

қызметтерде  туындайтын  өзгерістердің  сипатымен  де  ерекшеленеді. 

Мысалы, сергек ұйқы сатысында тамырдың соғуы сиреп, артериялық қысым 

төмендесе,  терең  ұйқы  кезінде  «вегетативтік  дауылң  соғып,  тыныс 

жиілейді,  оның  реттілігі  өзгереді,  тамырдың  соғуы  жиілеп,  оның 

ырғақтылығы  бұзылады,  артериялық  қысым  жоғарылайды,  гормондардың 

белсенділігі артады, малдың мұрты жыбырлап, құлақтары қимылдайды, аяғы 

қозғалып,  жұтыну,  қас  қағу  сияқты  əрекеттер  байқалады.  Жоғарыдағы 

өзгерістерге  қарамай  жұлын  мотонейрондарының  əрекеті  күшті  тежелу 

жағдайында болады. 



Пародоксальды  (терең,  шапшаң)  ұйқы  эволюциялық  даму  кезінде 

кейінірек  пайда  болған.  Бауырымен  жорғалаушыларда  ұйқының  бұл  түрі 

байқалмайды, құстарда нашар дамыған, сүт қоректілер қатарында оның үлесі 

көбейе бастайды. 

Терең  ұйқының  ұзақтығы  малдың  жасына,  оны  күтіп-бағу  жағдайына 

қарай  өзгеріп  отырады.  Жас  төлдерде  парадоксальды  ұйқы  сатысы 

басымырақ. Мысалы, 8 күндік көжекте оның жалпы ұйқы мерзіміндегі үлесі 

16%  болса,  12  –  күндік  қозыда  3,7%  қана  болады.  Сақа  жануарларда 

парадоксальды  ұйқы  сатысының  үлесі  күрт  төмендейді  (итте  –  10-15%, 

шошқада  8–9,  күйісті  малда  3–4%).  Байлауда  бағылған  сиырда 

парадоксальды  ұйқы  сатысының  ұзақтығы  тəулігіне  40  минутқа  тең  болса, 

жазғы жайлым жағдайында ол 20 минутқа дейін қысқарады (И.В.Рукебюш). 

Майда  жануарларда,  ірі  жануарлармен  салыстырғанда  терең  ұйқы  сатысы 

қысқарақ келеді: егеуқұйрықта 10 мин, мысықта – 30 мин, адамда – 1,5 сағ, 

пілде – 2 сағатқа жуық. 

Жалпы алғанда үй жануарлары - жылқы, ірі қара, майда тұяқтар, шошқа 

тəулігіне  5–7  сағ. ұйықтайды.  Олардың  ұйқысы  тəулігіне 7–8  кезеңде өтеді. 

Сонымен  қатар  үй  жануарлары  тəуліктің  біраз  уақытын  қалғу  жағдайында 

өткізеді. 



 

609


Ұйқы  -  күрделі  нейрогуморальдық  құбылыс  болып  табылады.  Оның 

табиғатын зерттеу барысында екі түрлі теория - гуморальдық жəне жүйкелік, 

қалыптасқан.  XX  –  ғасырдың  басында  Француз  ғалымдары  ұйқы  тəуліктік 

əрекет  барысында  зат  алмасу  өнімдерінің  -  гипнотоксиндердің  жинақталуы 

салдарынан  туындайтын  құбылыс  деген  болжам  айтқан.  Қатты  шаршаған, 

немесе  қысқы  ұйқы  жағдайындағы  жануар  миының  сығындысын  еккеннен 

соң мысық пен ит ұйқыға кеткен. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   448   449   450   451   452   453   454   455   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет