Жануар физол



Pdf көрінісі
бет476/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   472   473   474   475   476   477   478   479   ...   504
 

 

 

 

244-ñóðåт.

 

Êîðтè 


ì¾øåñi:  1-½ëó  îñi,  2-

øèûðøûº  т-á-ºø-,  3- 

íåãiçãi 

ìåìáð-í-ä- 

îðí-ë-ñº-í 

Êîðтè 


ì¾øåñi, 

4-ñ¾éåíiø 

т

îðø-ë-ð,    5  –    т¾êтi  



ðåöåïтîðëûº 

т

îðø-ë-ð, 



 

–  



æ-áûíäû  т-á-ºø-,    7 

– 

 



iøêi 

 

т



¾êтi  

т

îðø-ë-ð,    8    – 




 

645


 

 

 

 

 

 

 

245-сурет. Есту анализаторы қызметінің схемасы: 

1  – есту  жүйкеі,  2  –  сопақша  ми,  3  –  ортаңғы  ми,  4  –  төрт  төмпешік,  

5  –  көру  төмпегі,  6  – қыртыстық есту аймағы. 

 

Дыбысты  қабылдау  механизмі.  Құлақ  қалқаны  қабылдаған  дыбыс 

толқыны  есту  жолы  арқылы  дабыл  жарғағын  тербелтеді.  Бұл  тербеліс  есту 

сүйектерінің  тізбегімен  сопақша  тесікке  беріліп,  саға  өзегіндегі 

перилимфаны  толқытады.  Одан  əрі  толқын  геликотрема  арқылы  дабыл 

өзегіндегі сұйықтыққа тарайды (246-сурет, А). Осы толқын əсерімен негізгі 

мембрана  тербеліп,  оған  бекіген  есту  торшаларының  түктері  жабынды 

мембранамен түйіседі де, бұл торшаларда қозу пайда болады. Қозу процесі 

ұлу  жүйкесінің  ұштарынан  есту  жүйкесіне  беріледі  де,  əрі  қарай  есту 

жолымен  сопақша  ми,  аралық  ми  арқылы  үлкен  ми  сыңарларына 

бағытталады. 

Ұлудың  сүйекті  өзегі  табан  тұсында  кеңірек  келеді  де,  ұшына  қарай 

тарыла түседі. Ал негізгі мембрана, керісінше, иірімнің төбесінде жалпақтау 

болады  да,  оның  табанына  қарай  жіңішкереді.  Осының  нəтижесінде  негізгі 

мембрананы  құрайтын  көлденең  талшықтар  иірім  табанында  қысқа  болып, 

қаттырақ  керіледі,  ал  иірім  ұшында  олар  ұзарып,  босаңсиды.  Демек,  негізгі 

мембрананың  барлық  бөлімі  дыбысқа  бірдей  реакция  бермейді.  Дыбыс 

биіктігіне  сəйкес  оның  əр  түрлі  бөлімдері  тербеліп  отырады  (246-сурет,  Б). 

Г.Гельмгольц  тұжырымына  сəйкес  негізгі  мембрананың  көлденең 

талшықтары  резонанс  принциптеріне  сəйкес  белгілі  бір  дыбыс  тербелісіне 

ғана  реакция  береді.  Əлсіз  дыбыс  (төмен  тон)  ұлу  ұшындағы  ұзын,  бос 

тартылған, ал күшті дыбыс (жоғарғы тон) - иірімді түтік табанындағы қысқа 

əрі  қатты  керілген  талшықтарды,  тербетеді.  1863  жылы  Г.  Гельмгольц 

ұсынған  резонанстық  теория  бойынша  дыбыстың  əрбір  тонын  қабылдауға 

машықтанған  есту  торшалары  болады  да,  олар  дыбыс  толқындарының 

күшіне сəйкес қозып отырады. 

Ұзақ  жылдар  бойына  бұл  теория  жалпы  қолдау  тауып  келді.  Бірақ 

кейінірек  оған  көптеген  толықтырулар  мен  түзетулер  енгізілді.  Мəселен, 

белгілі  бір  тондағы  дыбыс  толқынының  əсерімен  негізгі  мембрананың 

нақтылы  шектелген  бөлігі  тербелмей,  айтарлықтай  кең  учаскесінің 

тербелетіні  анықталған.  Сонымен  қатар  резонансты  негізгі  мембрана 

талшықтары  емес,  белгілі  ұзындықтағы  сұйық  бағаны  тудыратыны 




 

646


дəлелденген.  Дыбыс  неғұрлым  күшті,  жоғары,  жиі  тербелісті  болса, 

соғұрлым  ұлу  өзегіндегі  сұйық  бағаны  толқынының  ұзындығы  аз  болады. 

Мұндай  жағдайда  тербеліс  амплитудасы  ұлу  табанына,  сопақша  терезеге 

жақындағанда  жоғарылайды.  Əлсіз  дыбыс  əсерімен  сұйық  бағанының 

толқыны  ұзарып,  тербеліс  амплитудасының  ең  үлкен  мөлшері  ұлу  ұшында 

байқалады.  Осыған  байланысты  ұлу  өзегіндегі  сұйықтың  толқу  сипатына 

сəйкес  негізгі  мембрананың  белгілі  бір  учаскесі  тербеліп,  есту 

торшаларының  нақтылы  бір  тобы  қозады.  Демек,  жоғары  тербелісті 

толқындар  негізгі  мембрана  бойымен  аз  ғана  жерге  таралады,  ал  төменгі 

тербелісті  толқындар  алысқа  беріледі.  Осыдан  қысқа  толқынды  тербелістер 

иірімді түтіктің табанына жақын жерде өшсе,  ұзын толқындар оның ұшына 

дейін таралады (246-сурет). 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   472   473   474   475   476   477   478   479   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет