Жануар физол



Pdf көрінісі
бет477/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   473   474   475   476   477   478   479   480   ...   504
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

246-сурет.  Ұлу  өзектері:  А  –  ортаңғы  жəне  ішкі  құлақ,  Б  –  дыбыс 



толқынының ұлуда таралу схемасы. 

 

Баяндалған  жайлар  венгрия  ғалымы  Г.Бекешидің  гидродинамикалық 



немесе жылжымалы толқын атты, теориясының негізіне алынған. 

Резерфордтың  телефондық  теориясына  сəйкес  дыбысты  қабылдау 

ерекшеліктері  дыбыс 

тербелісінің 

жиілігіне  байланысты 

телефон 

 



 

647


аппаратының  жұмыс  принципімен  жүреді.  Дыбыс  толқынының  тербеліс 

жиілігіне сəйкес есту жүйесінде биопотенциалдар туындайды. 

Ұлуда екі түрлі электрлік құбылыс байқалады. Оның алғашқысы тұрақты 

эндолимфалық потенциал.  Ол  дыбыс естілмеген,  тітіркеніс  болмаған  кездің 

өзінде  де  тіркеледі.  Бұл  потенциалдардың  сипаты  негізгі  мембрана 

тербелістерімен  байланысты  өзгеріп  отырады.  Оның  əсерімен  ұлу 

құрылымдары  үйектеніп,  механикалық  энергияны  рецепторлардың  қозу 

процесіне айналдыратын тетіктердің сезімталдығы артады. 

Дыбыстың  əсерімен  ұлуда  пайда  болатын  электрлік  құбылыстың  екінші 

тобын  микрофондық  жəне  жинақтау  потенциалы  деп  атайды. 

Микрофондық  потенциал  алғаш  рет  мысықтың  Корти  мүшесінде  зерттеліп, 

кейінірек  басқа  сүт  қоректілерде  де  анықталған.  Олар  кейбір  жағдайда 

дыбыс  толқынын  дəл  қайталайды.  Микрофондық  потенциал  амплитудасы 

негізгі мембрананың дыбыс əсерімен көбірек тербелетін жерлерінде биіктеу 

болады.  Кейінгі  жылдары  жеке  торшалардан  ток  тарту  əдісі  арқылы  əрбір 

есту  торшаларының  белгілі  бір  дыбыс  жиілігін  қабылдауға  икемделгені 

жайлы болжам пайда болды. 

Жинақтау  потенциалының  микрофондық  потенциалдардан  айырмасы 

оның  дыбыс  толқыны  пішінін  қайталамай,  толқын  ағымын  бейнелеуінде. 

Жинақтау  потенциалы  оң  жəне  теріс  болып  бөлінеді.  Теріс  жинақтау 

потенциалы  –  ішкі,  ал  оң  жинақтау  потенциалы  мен  микрофондық 

потенциал  –  сыртқы  түкті  торшалар  əрекетімен  байланысты  деген  пікірлер 

бар. 

Ұлу 


қызметінің 

нəтижесінде 

рецепторлық 

түкті 


торшаларды 

жүйкелендіретін  есту  жүйкесіне  импульстер  беріледі.  Ал  түкті  (кірпікті) 

торшалардың жүйкелену принципі өте күрделі. Есту жүйкесінің 95 пайызы 

бүкіл  түкті  торшалардың  20  пайызын  құрайтын  ішкі  кірпікті  торшалармен 

байланысты.  Керісінше,  сан  жағынан  əлде  қайда  басым  түсетін  сыртқы 

кірпікті торшалармен аз ғана сезімтал талшықтар байланысады. Демек, есту 

белгілері негізінен ішкі түкті торшалардан шығады. Сыртқы түкті торшалар 

белгілерге нақтылы сипат береді.  

Сенсорлық  импульстерді  өткізетін  афференттік  талшықтармен  қатар 

түкті  торшаларға  эфференттік  талшықтар  да  келеді.  Олар  ми  сабағының 

жоғары зəйтүн ядроларынан басталып, түкті есту торшаларымен синапстық 

байланыс  түзеді.  Бұл  талшықтарды  тітіркендіргенде  кірпікті  торшалар 

əрекеті  бəсеңдейді,  осыдан  олар  есту  торшаларын  шамадан  тыс  қозып 

кетуден сақтайды деген болжам бар. 

Сүт  қоректі  жануарлар  қабылдай  алатын  дыбыс  тербелісі  жиілігінің 

диапазоны  əртүрлі  болады.  Жануарлар  20–30  Гц  пен  150–200  кГц 

аралығындағы  дыбыс  тербелісін  қабылдаса,  адам  16–20  мың,  ал  ит  30–80 

мың Гц толқынды дыбысты қабылдай алады. Акустикада барлық тербеліс 3 

топқа  бөлінеді:  1)  инфрадыбыстар,  немесе  естілмейтін  (дыбыссыз) 



 

648


тербелістер.  Олардың  тербеліс  жиілігі  20  Гц  төмен  болады;  2)  естілетін 

тербелістер,  немесе  дыбыстар.  Олардың  тербеліс  жиілігі  20–20000  Гц  (20 

кГц)  аралығында  болады;  3)  ультрадыбыстар,  немесе  дыбыстан  жоғары 

тербелістер. Олардың тербеліс жиілігі 20 кГц-тен артық болады. Жылқы мен 

ірі  қараның  есіту  мүмкіндігі  адамнан  жоғары,  ал  қойдың  есту  қабілеті 

төмендеу болады. 

Есту  жүйесінің  арқасында  жануарлар  кеңістікті  бағдарлайды.  Дыбысты 

екі  құлақпен  қабылдау  нəтижесінде  олар  дыбыс  шыққан  жерді  дəл 

анықтайды.  Жануарлардың  дыбыс  көзін  табу,  анықтау  қабілетін  тікелей 

(бастапқы)  локация  деп  атайды,  Кейбір  жануарлар  (жарқанат,  дельфин) 

кеңістікті өздері шығарып, басқа денеден кері жаңғырыққан дыбыс арқылы 

бағдарлайды,  қоршаған  заттардың  кеңістікте  орналасуын,  көлемін  дəл 

анықтайды.  Бүл  құбылысты  жанама  (жаңғырыққан)  локация,  немесе 



эхолакация деп атайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   473   474   475   476   477   478   479   480   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет