сыңар жақты зақымдалған иттің
кейпі.
Вестибулалық аппарат қос жақты зақымданса, қимыл-
əрекеттер қатты бұзылады, бірақ бірнеше күннен кейін
басқа анализаторлар қызметі нəтижесінде бұл ауытқулар
теңгеріліп кетуі мүмкін. Бұл құрылым сыңар жақты
зақымданса, малдың денесі рецептор зақымданған жаққа
қарай қисайып, ол айналмалы қозғалыстар жасайды, жығыла
береді (250-сурет).
Космос жағдайында бүкіл организм, соның ішінде
отолиттер де салмақсызданады. Салмақсызданған отолиттер
рецепторлық торшаларды баспайды, сондықтан ми
кеңістіктің жоғарғы жəне төменгі бөліктері жайлы бағдарсыз қалады.
Отолиттер бастың қимылына ілесе алмайды да, бас оқыс бұрылған кезде
рецепторлық торшаларды күшті тітіркендіреді, осыдан адамдарда бас қатты
ауырып, құсу рефлексі байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |