Жануар физол



Pdf көрінісі
бет480/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   476   477   478   479   480   481   482   483   ...   504
21.6. Дəм талдағышы 

 

Дəм сезу анализаторының қызметі арқылы жануар ауыз қуысына түскен 

азықтың  сапасын,  сипатын  анықтайды.  Бұл  анализатордың  қабылдаушы 

бөлігін  түйісу  (контактылық)  хеморецепторлар  түзеді.  Олар  тіл 

бүртіктерінде  (еміздікшелерінде),  жұмсақ  таңдайда,  жұтқыншақтың  артқы 

бетінде, бадамшада жəне көмекей қақпашығында орналасады. Сырт пішініне 

қарай тіл бүртіктері шатырша, жапырақша жəне орлы болып бөлінеді (251-

сурет,  А,  Б,  В).  Шатырша  бүртіктер  тіл  бетінен  саңырау  құлақ  сияқты 

шығыңқырап  тұрады,  жапырақша  бүртіктер  қатарласа  вертикаль  қатпар 

жапырақ  түрінде  орналасады,  орлы  бүртіктер  кілегей  қабыққа  тереңдей 

бата  жатады  да,  жан-жағынан  сақина  тəрізді  ормен  қоршалады.  Осы 

бүртіктер  ішінде  эпителийлі  құрылым  -  дəм  буылтығы  (жуашығы) 

орналасады.  Дəм  буылтығы  пішіні  жағынан  сопақша,  жуа  тəрізді  болып 

келеді.  Ол  бүйірлі,  ұршық  пішіндес  дəм  торшаларынан  жəне  цилиндр 

пішінді  сүйеніш  торшалардан  құралады  да,  көп  қабатты  эпителий  бойында 

орын  тебеді  (251-сурет,  Г).  Дəм  торшаларының  ұшында  майда  түктер 

болады.  Əрбір  буылтық  құрамында  ондаған  торшалар  жинақталады  да, 

рецепторлық  торшалар  афференттік  жəне  эфференттік  жүйкелермен 

көптеген  синапстар  түзеді.  Дəм  буылтығы  кілегей  қабық  беткейіне 

кішкентай тесікпен ашылады. Оны дəм саңлауы дейді. 

 



 

652


Əрбір  тіл  бүртігінде  бірнеше  дəм  буылтығы  орналасады.  Олар  əсіресе 

орлы  бүртіктерде  көптеп  саналады.  Тілдің  əртүрлі  бөлігінде  бүртіктердің 

орналасуы  əрқилы.  Мысалы,  орлы  бүртіктер  тілдің  түбірінде  жəне  үстіңгі 

беткейінде  орналасады.  Күйіс  малдарында  олар  көбірек  (8–17),  жылқыда, 

шошқада,  итте  -  азырақ  (2–4).  Шатырша  бүртіктер  тілдің  үстінде,  бүйір 

беткейінде  орын  тебеді.  Олардың  саны  да  күйіс  малдарында  көп  болады. 

Жапырақша бүртіктер күйіс малдарында болмайды, итте өте нашар дамыған. 

Тілдің  кілегей  қабығында  дəм  сезу  рецепторларымен  қатар  температураны, 

жанасуды, қысымды қабылдайтын сезімтал жүйке ұштары да болады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   476   477   478   479   480   481   482   483   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет