Жануар физол



Pdf көрінісі
бет83/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

5.13 Тамырдың соғуы (пульс) 

Сол  жақ  қарыншадан  систола  кезінде  қуылған  қан  қолқаны  тербелте 

керіп,  одан  əрі  бұл  толқын  артерияларға  таралады  да,  артериолалар  мен 

капиллярларда  басылады.  Артерия  қабырғсының  жүрек  жұмысымен 

байланысты  толқын  тəрізді  тербелістерін  тамырдың  соғуы  (пульс)  деп 

атайды.  Тамыр  соғу  толқыны  секундына  8-12  м  жылдамдықпен  тарайды, 

демек қанның сызықтық жылдамдығынан 10 есеге жуық шапшаң. 

Тамырдың  соғуын  жылқыда  сыртқы  жақасты  артерияда,  ірі  қарада  - 

беттік,  ұсақ  жануарларда  -  сан  артериясында  анықтайды.  Тамырды 

зерттегенде  оның  жиілігіне,  ырғағына,  кернеулілігіне,  толықтығына, 

жылдамдығына  көңіл  аударып,  жүрек  жұмысы  жайлы  құнды  мағлұматтар 

жинайды. 



40-ñóðåт

. Т-ìûðë-ð æ¾éåñiíi» 

¸ð 

т

¾ðëi 



á¼ëiãiíäå 

º-í 


-¹ûñûíû» 

ñûçûºтûº 

æûëä-ìäû¹ûíû» ¼çãåðói: 

I - ºîëº-; 2 - -ðтåðèÿë-ð; 3- 

-ðтåðèîë-ë-ð; 4 — 

ê-ïèëëÿðë-ð; 5 - âåí-ë-ð

 



 

111


 

 

Тамыр    соғысын  арнаулы  құрал  -  сфигмографпен  жазып  та  зерттейді. 



Артериялардың  соғуын  бейнелейтін  қисық  сызықты  сфигмограмма  деп 

атайды. Сфигмограмма екі бөліктен тұрады (41-сурет). Сызықтың көтерілген 

бөлігін  (а)  анакрота  дейді,  ол  систола  кезінде  тамырдағы  қыcымның 

жоғарылап,  артерия  қабырғасының  керілуімен  байланысты  туындайды. 

Қисық  сызықтың  төмендеген  бөлігін  катакрота  (1)  деп  атайды,  ол 

диастоламен  байланысты.  Диастола  кезінде  қан  қарыншаға  қарай  ығысады 

да, сызықта терең ойыс (инцизура) пайда болады. Жабылып үлгерген жарты 

айшық  қақпақшаларға  қанның  соғылуының  салдарынан  сызық  қайта 

көтеріледі.  Оны  дикроталық  (қосарланған)  кертпеш    (2)  немесе    тіркес  өр 

дейді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет