24. Түрлі жануарлардың нəжіс бөлу жиілігі мен бөлетін нəжіс мөлшері
Жануарлар
Тəулігіне нəжіс
бөлу жиілігі
Нəжіс мөлшері,
кг
Нəжістің
дымқылдығы, пайыз
Ірі қара
Жылқы
Қой
Шошқа
Ит
Қоян
Тауық
12
8
6
4
3
7
5
22
16
2
1,7
0,2
0,12
0,04
84
70
65
72
75
50-75
72
Түлік түрі мен азықтың құрамына қарай жынның ас қорыту жолынан өту
жылдамдығы да өзгеріп отырады. Күйіс қайырмайтын малдың (жылқы,
шошқа, қоян) ас қорыту жолдарының алдыңғы бөлімдерінен күйіс малымен
салыстырғанда жын жылдамырақ өтеді. Барлық малда жынның ащы ішектен
өту мерзімі шамалас. Тоқ ішек арқылы жын күйіс малында жылдамырақ
өтеді. Ас қорыту жолында жынның аялдау уақытын 100 пайыз деп алса, оның
жеке бөлімдерінің үлесі төмендегі көрсеткіштер тиеді. Сиырда - мес қарын
мен жұмыршаққа - 80 пайыз, қатпаршаққа - 6, ащы ішекке - 5, бүйенге - 3,
қима пен тік ішекке - 6 пайыз. Жылқыда - қарынға - 25 пайыз, ащы ішекке -
10, бүйенге - 35, қарта мен тік ішекке -30 пайыз. Шошқада - қарынға - 30
пайыз, ащы ішекке - 10, бүйенге - 40, жиек ішек пен тік ішекке - 20 пайыз.
247
Жынның ас қорыту жолымен өту жылдамдығын малға арнаулы ерімейтін
бояулармен (мысалы, фуксин) боялған азық беріп, нəжісті күнде тексеру
арқылы анықтайды. Нəжіс құрамында боялған бөлшектердің (5 пайызы
шамасында) байқалған кезін, олардың ең көп мөлшерде бөлінген уақытын
жəне бөлінуінің тиылған кезін анықтайды. Малға берілген боялған азықтың
80 пайызы бөлініп шыққан уақыт жынның ас қорыту жолында аялдайтын
мерзімін сипаттайды (25-таблица).
Достарыңызбен бөлісу: |