248
қабылдауын (жеуін) жəне ас қорыту ағзаларының қимыл-əрекеті мен
секрециялық қызметтерінің өзара үйлесімін реттеп отырады. Тағам орталығы
лимбика жүйесін, ми бағанасының торлы құрылымын, гипоталамусты жəне
орталық жүйке жүйесінің ас қорыту ағзаларына эфференттік импульстер
бағыттайтын түрлі нейрондарын қамтиды. Тағам орталығының басқа
бөлімдерінің қызметін, аштық пен тоқтық сезімнің туындауын гипоталамуста
орналасқан арнаулы ядролар – «аштық жəне тоқтық орталықтарың
реттейді. Гипоталамустың латеральды аймағының ядроларын зақымдаса, мал
азық жеуден бас тартып (афагия), оларды тітіркендіргенде азықты тоқтаусыз
жей береді (гиперфагия). Гипоталамустың ортаңғы үстірт аймағындағы
вентромедиальдық ядроларды зақымдағанда гиперфагия байқалып (102-
сурет), мал қатты семіреді де, оларды тітіркендіргенде - афагия байқалады.
Тағам орталығының қозғыштығы түрлі гуморальды тітіркендіргіштердің
жəне ас қорыту ағзалары рецепторларынан келген қозу толқындарының
əсерінен жалғасып, сүйемелденіп отырады. Аш малға тоқ малдың қанын
құйса, біраз уақытқа аштық түйсік басылып, азықты іздеуге жəне қабылдауға
бағытталған рефлекстер бəсеңдейді.
Аштық түйсігінің қалыптасуын түсіндіретін бірнеше теория бар.
Глюкостатикалық теорияға сəйкес ол қандағы глюкоза деңгейінің,
липостатикалық теорияға сəйкес - еркін май қышқылдарының алмасу
өнімдерінің төмендеуімен байланысты. Аталған əр теорияның негізі бар.
Бірақ жалғыз камералы қарны бар жануарлар үшін глюкостатикалық теория
орынды. Оған аралық ми құрылымдарында, бауырда, қарында, ішек
қабырғасында торшаларға тиесілі глюкоза деңгейінің азайғаны жайлы тағам
орталығына хабарлап отыратын рецепторлардың болуы дəлел. Дегенмен
көптеген ғалымдардың пікіріне сəйкес аштық түйсігі көп компонентті алмасу
өнімдерінің шеткі жəне орталық рецепторларға əсерінен туады.
Достарыңызбен бөлісу: