249
102-сурет. Гипоталамустың əр түрлі ядроларын зақымдаудың тəбетке əсері
Мал өзінің өнімділігіне, атқаратын жұмысының түріне, орта жағдайына,
рационның құндылығына байланысты өзгеріп отыратын энергиялық
мұқтаждығына қарай азық жейді. Қабылданатын азық мөлшері қысқа жəне
ұзақ мерзімге бағытталатын механизмдер арқылы реттеледі.
Бірінші, қысқа мерзімдік механизм, организмнің энергияға деген
мұқтаждығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл механизм белгілі азық
мөлшерін қабылдауға емес, малдың энергияға мұқтаждығын қамтамасыз
етуге бағытталған.
Азықты қабылдауды реттеудің ұзақ мерзімге бағытталған механизмі
ашығудың салдарынан организмде туындаған тапшылықты жоюға мүмкіндік
береді. Сондықтан ашығудан кейін бастапқы салмағын қалпына келтіргенше
мал азықты көбірек қабылдайды. Ал зорлап азықтандырғаннан кейін мал
азық қабылдауды азайтады.
Аталған реттеу механизмдерінің физиологиялық мəні əртүрлі. Қысқа
мерзімдік реттеу механизмінің негізінде ас қорыту ағзаларының
қабырғасының семуі, қандағы глюкоза мөлшерінің азаюы жатады. Ал ұзақ
мерзімдік реттеу механизмі организмде жылу түзудің төмендеуіне, май
қорының жəне қанда оның ыдырау өнімдерінің азаюына байланысты.
Азық жеу мөлшерін реттеуде ұйқы безі мен ішекте түзілетін инсулин,
глюкагон, холецистокинин гормондарының қатысуы да мүмкін. Азықты
қабылдағаннан кейін қанда инсулин мен глюкагонның деңгейі жоғарылайды.
Бұл гормондарды қанға ексе, мал азықты аз жейді.
Азық қабылдағаннан кейін тою түйсігі сезімдік (сенсорлық) жəне
метаболизмдік əсерлер салдарынан қалыптасады. Тоюдың сезімдік түйсігі
ауыз қуысы мен қарынның механо- жəне хеморецепторларының
тітіркенуінен туындаған қозу толқынының латеральдық гипоталамус
нейрондарын тежеуіне байланысты қалыптасады. Осының нəтижесінде
қоректік заттардың ыдырау өнімдері сіңіп үлгермей-ақ азықты қабылдау
процесі тоқтайды.
Тоюдың метаболизмдік түйсігі азықты жегеннен соң 1,5-2 сағаттан кейін
басталады. Оны қан құрамында глюкоза, амин қышқылдары, майдың ыдырау
өнімдері тудырады.
Еркін жайылған жағдайда күйіс малының қарны еш уақытта бос болмайды
жəне қан құрамындағы метаболиттер мөлшері тұрақты деңгейде сақталады.
Мал азықты аштық түйсігі туындамай-ақ қабылдай береді. Бұл жануарлар
үшін азық жеуді шектейтін фактор - қарынның алдыңғы бөлімдерінің толу
деңгейі жəне оның босау жылдамдығы, қарын қабырғасының керілу күйі.
Сондықтан мал энергиясы мол, протеинге бай рационға көшірілсе, азықтың
қорытылу шапшаңдығының төмендеуінің, оның ішекке өту жылдамдығының
250
баяулауының салдарынан қабылданатын азық мөлшері азаяды. Ал азықтың
қорытылу коэффициенті жоғарылап, оның ас қорыту жолынан өту
жылдамдығы шапшаңдаса, онда желінген азық мөлшері артады. Ұнтақталған
азықтардың көп мөлшерде желінетін себептерінің бірі осы.
Азықты қабылдауды шектейтін метаболизмдік шарттардың бірі-қарындағы
ашу процесі нəтижесінде түзілетін ҰМҚ, əсіресе сірке жəне пропион
қышқылдары. Олар əрі орталықтағы, əрі шеткей рецепторларға əсер етеді.
Тою түйсігін тудыруда басқа малдағы сияқты пептидтік гормондардың да
маңызы зор (103-сурет).
251
Қысқа мерзімді реттеу Ұзақ мерзімді реттеу
Механорецепторлар
Глюкорецепторлар
Ішкі терморецепторлар Липорецепторлар
9-схема. Аштық түйсігін тудыратын факторлар (төрт жағынан қоршалған) жəне азық қабылдауды реттейтін түйсіктер.
Достарыңызбен бөлісу: