252
Сусау механизмі. Сусау - малдың су ішуге мұқтаждығынан туындайтын
түйсіктер жиынтығы. Ол организмдегі су қорының азаюының, немесе су мен
хлорлы натрий тұзының қалыпты ара қатынасының өзгеруінің нəтижесінде
туындайды. Шөлдеген кезде сілекей бөлу шектеліп, ауыз құрғайды, диурез
(зəр түзу) баяулайды.
103-сурет. Күйіс малына тəн азықты қабылдауды шектейтін жүйкелі-
гуморальды реттеу тетіктері
Егер денедегі су мөлшері салмақтың 100 кг шаққанда 3-5 литрге дейін
төмендесе, тер бөлу нашарлап, дене қызуы көтеріледі, жүректің соғуы мен
тыныс жиілейді. Сусау (шөлдеу) түйсігі гипоталамус пен ірі қан
тамырларының
осморецепторлары
мен
ауыз
қуысының
механорецепторларының физиологиялық жағдайының өзгеруіне байланысты
туындайды. Су ішкеннен кейін қарын қабырғасының созылуынан туындаған
импульстердің əсерінен сусындау түйсігі пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: