Бүйректің бозғылт затында зəр түзетін нефрондардан өзгеше нефрондар
да болады. Олардың шумақтары қыртыстық жəне бозғылт қабаттардың
шекарасында жатады, ал ілгегі - бүйрек астаушасына іргелес орналасады.
Мұндай нефрондарды юкстагломерулярлық нефрон деп атайды. Оның
шумағы ірірек, қанды əкелуші жəне əкетуші тамырларының арнасы бірдей
болады да, олар түтікшелер маңында капилляр торын құрмай, шумақтардан
еміздікшелерге баратын қатар-қатар майда артерия тамырларына айналады.
Бұл тамырлар бозғылт қабатқа дейін төмендеп, қыртыстық қабатқа қайта
оралады. Осы майда артериялар капиллярларға тарамданбай тікелей ұсақ
веналармен байланысып, доғалық веналарға құяды. Бүйрекке келген қанның
80 пайызы қыртыстық шумақтар, ал 20 пайызы юкстамерулярлық шумақтар
арқылы өтеді.
Юкстамерулярлық аймақта əрбір 100 шумақтың 12-15 шумағында қанды
əкелуші жəне қанды əкетуші артериялар шумаққа енер не шығар жерде
невромиоэпителийлі
торшалар
кешенімен
жанасады
да,
юкстагломерулярлық аппарат деген атқа ие болады. Бұл құрылым екінші
реттік иірімді түтікшелерге іргелес орналасады. Көптеген зерттеушілер
пікіріне сəйкес осы юкстагломерулярлық аппаратта (ЮГА) ренин гормоны
түзіледі. Ол альдостерон секрециясын күшейтіп, натрий иондарының
нефрондар түтікшелерінің дистальдық бөліміндегі кері сорылуын
жандандырады. Бүйректің бозғылт қабатының аралық (интерстициялық)
торшаларында түзілетін гормондар (простагландиндер) ренинге кереғар
əсер етеді, қан қысымын төмендетіп, электролиттер мен судың алмасуын
реттейді.
Бүйректің қанмен жабдықталуында да айтарлықтай ерекшеліктер бар.
Қыртыстық қабатта жіңішке артерия тамырлары - қанды əкелуші тамырлар,
нефрон капсуласына еніп, онда ұзындығы 0,5 мм шамасында 30-50
капиллярларға тарамданады да, нефрон шумағын түзеді (121-сурет). Аталған
капиллярлар жинала келіп қанды əкететін артериялар құрайды. Олардың
диаметрі қан əкелуші тамырлардан 2 есе тар келеді. Шумақтан шыққан
тамыр ирек түтікшелер мен нефрон ілгегі тұсында қайтадан екінші рет
капиллярлар торына тарамданады. Осыдан кейін ғана капилляр
тамырларындағы қан вена торына жиналып, одан бүйрек венасына барып
құяды. Шумақ капиллярында қан қысымы басқа орган капиллярларындағы
320
қысымнан əлдеқайда жоғары (с. б. 70-90 мм). Оған əкетуші тамырлардың
диаметрінің тарлығы жəне оның қайтадан капиллярларға тарамдануы себеп
болады. Бүйрек артериясының тікелей құрсақ қолқасынан басталуы да
қысымды жоғарылатады.
Бүйрек қанмен өте жақ
беткейінің жалпы ауданы адамның екі бүйрегінде - 4-6 м
2
, ірі қарада -39,5,
шошқада -7,2, қойда 3,5 м
2
. Əрбір нефронның ұзындығы 30-50 мм, ал
олардың жалпы ұзындығы адамда 60-70 километрге жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |