10.2. Бүйректің құрылысы жəне қанмен жабдықталу
ерекшеліктері
Жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлардың зəр бөлу жүйесі қос
бүйректен жəне олардан шығатын зəрағарлардан, қуықтан, зəр шығаратын
өзектен тұрады.
Мал бүйрегінің құрылысы өте күрделі. Ол сыртқы қыртыстық жəне ішкі
бозғылт заттан тұрады. Қыртыстық қабат нефрондар жиынтығынан
құралады. Нефрон - ішінде капилляр шумағы (мальпигий шумағы) бар
қапшықтан (Шумлянский-Боумен капсуласынан) басталады (120-сурет).
Қапшық (капсула) пішіні жағынан тостаған тəрізді қос қабырғалы құрылым.
Оның бір қабат эпителий торшаларынан тұратын қабырғаларының арасында
қуыс болады. Капсуланың ішкі қабырғасы капиллярлар шумағымен тығыз
жанасып, сүзгіш мембрана құрайды. Капсулаға қаннан сүзіліп шыққан
сұйықтық - алғашқы зəр жиналады.
Қапшықтың қысқа мойыны бірінші реттік ирек түтікшелермен
жалғасады. Бүйректің бозғылт қабатына жеткенде ирек түтікше жазылып,
жіңішкереді де, төмен қарай созыла келіп нефрон ілгегінің (Генле ілгегі)
төмендеу иінін түзеді. Қалың бозғылт қабаттың бітер жерінде бұл түтікше
ілгек тəрізді бұрылып қайта кеңейеді де, қыртыстық қабатқа қарай жоғары
көтеріледі. Түтікшенің бұл бөлігін нефрон ілгегінің өрлеу иіні деп атайды.
Жоғары өрлеген осы түтікше қыртыстық қабатта екінші реттік ирек
түтікшелерге айналады да, жинағыш түтікшелермен жалғасады. Жинағыш
түтікшелер өзара тоғыса келіп, еміздікшелер түзеді. Ал еміздікше
түтікшелері зəрді бүйрек астаушасына құяды. Өз ретінде ол бүйрек
қақпасынан басталатын зəрағармен жалғасады.
120-ñóðåт
. Íåôðîí
º½ðûëûñû:
1-
ê-ïèëëÿð
øóì-¹û;
2-
áiðiíøi
ðåттiê (ïðîêñèì-ëüäûº)
èðåê т¾тiê; 3, 4- Íåôðîí
iëãåãiíi» т¼ìåíäåó æ¸íå
¼ðëåó èiðiìi; 5-åêiíøi
ðåттiê (äèñт-ëüäûº) èðåê
т
¾тiê; 6- æèí-¹ûø т¾тiê;
7-
ê-ïèëëÿðë-ð;
8-
-ðтåðèÿ; 9- âåí-
319
Достарыңызбен бөлісу: |