441
Желіннің қимыл əрекетін - ондағы серпінді ұлпалар, альвеолалар мен майда
сүт жолдары миоэпителийлері, сүт өзектері мен цистернадағы бірыңғай
салалы ет талшықтары қамтамасыз етеді.
Сүт толассыз түзіледі де, сауын аралығында ол желіннің жинақтаушы
жүйесінде жиналады. Сүтпен алдымен альвеолалар қуысы мен сүт жолдары,
соңынан орташа жəне ірі сүт өзектері мен желін қуысы толады. Желін
альвеолалары қуысының 60-70% сүтке толған соң, сүт өзектері мен
цистернаның бірыңғай салалы еттері босаңсып, сүт желін қуысына өтеді.
Сүттің желіннің альвеолалық бөлімінен қуыстық бөліміне өтуін ию деп
атайды. Бұл сүт жолдарындағы біріңғай салалы ет талшықтары мен қысқыш
еттер тонусының өзгеруі нəтижесінде туындайтын рефлекторлық процесс
жəне ол сауылғаннан соң 5-6 сағаттан кейін басталады. Егер мал сауылмаса
желіндегі қысым жоғарылап, сүт түзу процесі баяулайды. Желіннің
сиымдылық жүйесіндегі қысым капилляр қысымы деңгейіне (с.б. 35-50 мм)
көтерілген соң сүт түзу тежеледі. Бұл сауылудан 10-12 сағат өткен кезде,
желін сүтпен 85-90 %-ға толған жағдайда байқалады. Желіндегі қысым с.б.
50 мм-ден асқанда, сүт түзу процесі тоқтайды. Оған альвеолаларға келетін
капиллярлардың қысылуы, желін арқылы өтетін қан мөлшерінің азаюы,
экструзия процесінің қиындауы себеп болады. Бұл кезде белоктар мен суда
еритін қосындылар торшалар мембранасындағы жасушалар арқылы
шығарылады да, май глобулалары торша ішінде қалып қояды. Осымен
байланысты мал сирек сауылса, сүттің майлылығы төмендейді. Сауылған
сүттің соңғы үлестерінде май мөлшері жоғарылайды.
Желіндегі сүт қуыстық жəне альвеолалық болып бөлінеді. Қуыстық
сүтті желін қуысы мен ірі сүт өзектеріндегі сүт құрайды. Ол ем арнасына
сүңгі түтік (катетр) еңгізгенде бөлінеді.
Альвеолалар қуысында, майда сүт жолдары мен сүт өзектерінде жиналған
сүтті альвеолалық сүт деп атайды. Оны шығару үшін сүңгі түтік қойылған
емді қуыстық сүт бөлінген соң сарқа сауу керек. Сиыр мен ешкіде бір
сауында алынған сүттің 40-50 пайызы қуыстық, ал 50-60 пайызы -
альвеолалық үлес болып табылады. Бұл көрсеткіштер тиісінше биеде 10 жəне
90%, түйеде - 5 жəне 95 % шамасында.
Малды дұрыс сауғанның өзінде желінде жиналған сүттің шамамен 15-20
пайызы қалып қояды. Сүттің бұл мөлшерін қалдық сүт деп атайды. Оның
жалпы мөлшері көптеген факторларға байланысты. Қалдық сүт мөлшері кəрі,
сүтсіз, тұмса сиырларда көп болады. Əртүрлі тосын тітіркендіргіштер
əсерінен исінген малда қалдық сүт мөлшері көбейеді.
Достарыңызбен бөлісу: