499
Қозғыштық
. Жүйке талшықтарының қозғыштығы өте жоғары. Миелинді
талшықтар миелинсіз талшықтармен салыстырғанда қозғыш келеді.
Мəселен, сүт қоректілердің қозғағыш жүйкелерінің хронаксиясы 0,05–0,2 мс
болса, симпатикалық жүйкеде ол 5 мс. созылады.
Құбылмалылық
. Жүйке талшықтарының функционалдық құбылмалығы да
өте жоғары. Оларда қозу толқыны басқа ұлпалармен салыстырғанда шапшаң
пайда болып, тез өшеді. Демек, шеткі жүйкелерде қозу толқыны аз ғана
уақытқа созылады, сондықтан жүйке талшықтары өте жиі тітіркендіру
ырғағын игере алады. Жүйке торшалары үшін қозу толқынының
максимальдық ырғағы секундына 100 тітіркеністен артпайды, ал
оптимальдық ырғақ секундына 10–12 тітіркеніс. Осы торша аксоны үшін
максимальдық ырғақ секундына 300–500 тітіркеніс болса, оптимальдық
ырғақ 100–175 тітіркеніс шамасында. Миелинді жүйкелердің лабильділігі
миелинсіз жүйкелерден жоғары. Мысалы, миелинді жүйке талшықтары
секундына 500-ге дейін қозу толқынын тудыра алады.
Достарыңызбен бөлісу: