Инерттілік
. Жүйке орталығына өткен қозудың ізін сақтап қалу қасиеті
тəн. И.П.Павловтың пікіріне сəйкес инерттілік жүйке жүйесінің жоғары
бөлімдерінде жақсырақ байқалады. “Егер жүйке торшаларының инерттілігі
болмаса, бізде ешқандай ес, ешқандай əдет, дағды болмаған болар еді“, - деп
жазған И.П.Павлов.
Жүйке
импульсінің тұйықталған нейрондар тізбегінде айналуы.
Жүйке орталығында қозудың таралуының ерекшелігінің бірі - оның
сақиналы сипатпен таралуы. Қозған нейроннан импульстер басқа
нейрондарға тарап қана қоймай, оның аксонының бүйір өсінділері арқылы
сол нейронның өзіне қайтып оралып, орталықты ұзақ уақыт қозу
жағдайында ұстайды (196-сурет). Бұл орталықта қозу процесі белгілі бір
синапс қажығанға дейін немесе нейронда тежелу процесі туындағанша
196-ñóðåт
.
ƾéêå
èìïóëüñiíi» т½éûºт-ë¹-í
íåéðîíä-ð
т
içáåãiíäå
537
айналып жүре береді деген сөз.
Достарыңызбен бөлісу: |