Басымдылық (Доминанта). Басымдылық деп белгілі бір жүйке
орталығының күшті қозу нəтижесінде уақытша үстемдік алуын айтады.
Орталық жүйке жүйесіне доминанта принципінің тəн екенін орыс ғалымы
А.А.Ухтомский 1923 жылы ашқан. Жүйке орталықтарының бұл қасиеті
орталық жүйке жүйесі қызметіне тəн үйлесімділік құбылысының сырын
түсіндіреді.
Орталық жүйке жүйесі қызметінің үйлесімді сипатын негіздегенде
түсіндіруге қиын сұрақтың бірі - организмге əртекті тітіркенгіштер үздіксіз
əсер еткен жағдайдың өзінде мақсатты əрекеттің атқарылу механизмі.
Шынында да əртекті тітіркенгіштер орталық жүйке жүйесінде көптеген қозу
жəне тежелу ошақтарын тудырады. Осы жағдайда орталық жүйке жүйесінің
мақсатты қызметі қалай атқарылады?
Осы сұраққа А.А.Ухтомскийдің басымдылық туралы ілімі негізінде
жауап алуға болады. Бұл ілімге сəйкес кез келген тіршілік сəтінде орталық
жүйке жүйесінде бір күшті қозған, доминантты орталық болады. Ол дəл осы
мезетте өзіне бүкіл орталық жүйке жүйесінің қызметін бағындырады да,
организімнің əрекетін, сыртқы əсерлерге жауап реакциясының сипатын
анықтайды.
Жүйке орталықтарының басымдылық қасиетінің механизмі негізінде
күшті қозған орталықтың басқа орталықтардан өзіне қозу толқынын
тартатын жəне басқа орталықтардың қызметін тежеп тастайтын қабілеті
жатады (197-сурет). Сондықтан организм үшін биологиялық мəні зор
тітіркендіргіштің əсерімен орталық жүйке жүйесінде пайда болған
доминантты қозу ошағы өзінің қозу деңгейін осы мезгілде əсер ететін басқа
тітіркендіргіштер əсерінен арттыра түседі де, олар тудыратын қозуды, жауап
реакцияларды тежеп тастайды. Осының нəтижесінде организм биологиялық
мəні зор тітіркендіргішке байланысты маңызды əрекетті ғана атқарады.
197-сурет. Басымдылық феномені:
А– доминантты орталық, Б– доми-
нантты орталықпен реципрокты
байланыстағы
қозу күйіндегі орталықтар,
В–қосалқы тітіркендіргіштер,
Г–доминантты орталық қамтамасыз
ететін əрекеттер.
В Б А Г
538
Доминантты қозу орталықтарына бірнеше физиологиялық ерекшеліктер:
зор қозғыштық, қозу импульстерін жинақтау, қозу толқынының ұзақ
сақталуы жəне инерттік, тəн болады.
Достарыңызбен бөлісу: |