Жануар физол



Pdf көрінісі
бет406/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Тонус

.  Жүйке  орталықтары  əркез  əлсіз  қозу  жағдайында  болады.  Тіпті 

организмнің  тыныш  күйінде,  ешқандай  рефлекс  атқарылмаған  сəттердің 

өзінде,  жүйке  орталықтарынан  импульстер  тарап  отырады  да,  қаңқа  еттері 

тонус  -  əлсіз  ширығу  жағдайында  болады.  Жүйке  орталықтарының  тонусы 

рецепторлардан  келетін  импульстер  мен  гуморальды  заттардың  əсерімен 

байланысты. 



Қарқынды

  зат  алмасу.  Жүйке  орталықтарында  зат  алмасу  процесі 

қарқынды жүреді. Жүйке  торшаларының əрекеті  кезінде зат  алмасу  процесі 

күшейе  түседі.  Рефлекстерді  атқару  барысында  жұлындағы  зат  алмасу 

қарқыны 3–4 мəрте өседі де, ол оттегіні тыныштық күймен салыстырғанда 3–

4  есе  көп  сіңіреді,  глюкозаны  көп  шығындап,  көмір  қышқыл  газын  мол 

бөледі. 


Шапшаң

  қажығыштық.  Жүйке  орталықтарына  қажығыштық  қасиет 

тəн.  Ол  зат  алмасу  процесінің  қарқындылығымен  байланысты.  Орталық 

жүйке  жүйесіндегі  қажу  процесі  ең  алдымен  нейрон  аралық  синапстардан 

қозу  процесінің  өтуінің  нашарлауымен  байланысты.  Қажу  процесі  аксон 

ұшында  медиаторлардың  күрт  азаюы,  постсинапстық  мембрананың 

медиаторға  сезімталдығының  төмендеуі,  торшалардағы  энергия  қорының 

кемуі  салдарынан  туындайды.  Оған  қанда  алмасу  өнімдерінің  жинақталуы, 

көмір қышқыл газдың көбеюі, оттегі тапшылығы да себепкер болады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет