64
Тромбопластин ұлпалар зақымданып, мыжылғанда да түзіледі. Оны ұлпа
тромбопластині деп атайды. Ұлпа тромбопластині қан тромбопластинімен
салыстырғанда əлдеқайда белсендірек, оның аз ғана мөлшері мықты əсер
етеді. Тромбопластиннің бұл түрі ұлпа сөлінің V, VІІ, X жəне ІV
факторлармен əрекеттесуінен түзіледі. Қан, немесе ұлпа тромбопластинінің
түзілуімен қанның ұюының ІІ-кезеңінің І- сатысы аяқталады.
Ұюдың 2- сатысында тромбопластин плазманың ІV, V, VІ, VІІ
факторлары мен тромбоциттің 1 жəне 2 факторларының қатысуымен бұйығы
фермент протромбинге əсер етіп, оны белсенді түрге - тромбинге
айналдырады. Тромбиннің пайда болуымен ұюдың 2- сатысы аяқталды.
Қанның ұюының 3- сатысында тромбин ферменті кальций иондары мен
тромбоциттер факторларының қатысуымен фибриноген белогына əсер етіп,
оны фибринге айналдырады. Бұл процесс екі сатыда өтеді. Алғашқы
ферменттік сатыда тромбиннің əсерімен фибриногеннен пептид бөлінеді
де, ерігіш фибрин талшықтары пайда болады. Екінші - полимерлеу
сатысында оларға XІІІ фактор мен кальций иондары əсер етіп, ерімейтін
фибрин талшықтары түзіледі. Қан ұюының 3- кезеңінде тромбоциттер
құрамынан бөлінетін ретрактоэнзимнің əсерінен фибрин талшықтары
тығыздалып (ретракция), қан ұйығынан сарысу бөлінеді. Қанның сарысуы
құрамы жағынан плазмаға ұқсас, бірақ онда фибриноген белогы болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: