76
5.2. Жүрек туралы анатомиялық мағлұматтар
Жүрек – көкірек қуысында орналасқан іші қуыс етті орган. Қалың ет
пердесі оны оң жəне сол бөлімге бөледі. Көлденең пердемен жүрек жүрекше
мен қарыншаға бөлінеді. Сонымен, жоғары сатыдағы омыртқалы
жануарларда жүрек төрт камерадан: екі жүрекшеден жəне екі қарыншадан
тұрады (14-сурет). Жүрекшелер мен қарыншалар жармалы қақпақшалары
бар арнаулы тесік арқылы жалғасады. Бұл қақпақшалар тек қарынша
бағытында ашылады. Қарыншалар жиырылған кезде олар жабылады да,
қанның жүрекшелерге кері оралуына мүмкіндік бермейді. Жүректен кіші
жəне үлкен шеңберлердің басталар жерінде (өкпе артериясы мен қолқа
тесіктерінде) тек тамырлар бағытында ғана ашылатын жарты айшық
қақпақшалар болады. Жүрек босаңсыған кезде бұл қақпақшалар жазылып,
тесікті жабады да, қанның қарыншаға кері өтуіне бөгет жасайды. Сонымен,
қақпақшалар қанды жүрек арқылы тек бір бағытта - вена тамырларынан
жүрекшелерге, олардан қарыншаларға, ал қарыншалардан артерияларға (15-
сурет) өткізеді.
Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады. Ішкі қабаты эндокард, ортаңғысы -
миокард, ал сыртқысы - эпикард деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: