4.9. Қан топтары
Ұзақ зерттеулердің арқасында кез келген адам қанының құрамында басқа
адамның эритроциттерін жабыстырып тастайтын (агглютинация процесін
жүргізетін) ерекше заттардың болатыны анықталған. Австрия ғалымы
К.Ландштейнер 1901 жылы адам эритроциттерінің құрамында екі түрлі
антигендер - агглютиногендер, ал плазмада - екі түрлі антиденелер -
агглютининдер болатынын дəлелдеді. Агглютиногендер латын əліпбиі
бойынша А жəне В əріптерімен, ал агглютининдер грек əліпбиі бойынша
альфа (
α
) жəне бета (
β
) əріптерімен белгіленеді. К.Ландштейнер
агглютинногендік сипатына қарай адам қанының үш тобын ашты. Оның
жіктеуі бойынша бірінші топта агглютиногендер болмайды (0-тобы), 2-
топта А-агглютиногені (А тобы), ал үшінші топта В - агглютиногені (В -
тобы) болады. 1907 жылы чех ғалымы Ян Янский адам қанының А жəне В
агглютиногендері бар төртінші тобының болатынын ашты (9-таблица).
1918 жылы Ұлттар Лигасының (Біріккен ұлттар ұйымының бұрынғы
атауы) халықаралық гигиена комиссиясы қан топтарын əріппен белгілейтін
номенклатура қабылдады. Оның негізіне Янскийдің жіктеуі алынған
67
болатын. Бұл қабылданған номенклатураның ыңғайлылығы топтың аты
қанда қай агглютиноген болатынын көрсетуінде. Тарихи фактіге басымдық
бергендіктен біздің елде қан тобының қос белгісі көрсетіледі - топты
белгілейтін əріптің қасында жақша ішінде оның сандық нөмірі тұрады.
Айта кетер жайт, бір адамның қанында аттас агглютиноген мен
агглютинин болмайды (Мысалы, А мен
α
, немесе, В мен
β
). Егер бір
организмнен екінші организмге қан құйғанда аттас агглютиноген мен
агглютинин кездессе, эритроциттердің желімдену процесі жүреді. Мұндай
қанды үйлеспейтін қан деп атайды. Сонымен, қан құрамында
агглютиногендер мен агглютининдердің болуына, не болмауына қарай адам
қаны төрт топқа бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |