Жануар физол



Pdf көрінісі
бет437/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   433   434   435   436   437   438   439   440   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

рецепция  аймағы  деп  санайды.  Бұл  жерге  ішкі  ағзалардан  тараған 

импульстер  бағытталады.  Осы  аймақты  тітіркендірсе  немесе  сылып  тастаса 

тыныс алу, қан айналым процестері өзгеріп, ас қорыту жолының секрециялау 

қызметі мен қимылы бұзылады. 

Жалпы жануарлар мен адамның үлкен ми жарты шарлары қыртысыяда 

бөлік  байқалады.  Олар  шүйде,  самай,  жоғарғы  төбелік,  төменгі  төбелік, 

аралшықтық,  алдыңғы  орталық,  артқы  орталық  жəне  маңдай  бөліктер

Өте терең талдағанда жарты шарлардың топографиялық картасында 200-ден 




 

587


астам  өрістерді  анықтауға  болады  (226-сурет).  Өріс  деп  ми  қыртысының 

нақтылы қызметтің атқарылуын қамтамасыз ететін бөлігін атайды. 

Ми  қыртысының  жеке  бөліктерінің  құрылымы  бірдей  емес.  Осымен 

байланысты  үлкен  ми  жарты  шарларында  нақтылы  қызметтерді  реттейтін 



орталықтардың шоғырлану процесі орын алған деген ұғым пайда болған. 

Филогенездік  даму  процесінің  нəтижесінде  шындығында  жүйке 

орталықтарының мамандану деңгейі арта түскен. Мысалы, құстардың нашар 

дамыған  ми  қыртысында  функциялар  орталығы  қатал  шектеліп, 

шоғырланбаған.  Тұяқты  жануарлар  мен  жыртқыштарда  бұл  құбылыс  анық 

байқала  бастайды  жəне  сақа,  ересек  жануарларда  жас  төлдермен 

салыстырғанда ол айқынырақ сезіледі. 

 

Нақтылы  қызметтерді  реттейтін  орталықтардың  ми  қыртысында 



шоғырлануы  жайлы  ілім  өте  күрделі  жолмен  дамыған.  XІX  ғасырдың 

басында  француз  физиологы  Флуранс  құстарға  жүргізген  тəжірибелері 

негізінде  ми  қыртысының  түрлі  аймақтары  атқаратын  қызметі  тұрғысынан 

ерекшеленбейді  деген  тұжырым  жасаған.  Бірақ  ол  құстардың  ми 

қыртысының  жалғыз  ғана  қабаттан  тұратынын  ескермей,  фактілерге  қате 

баға берген. 

Сəл   кейінірек   австрия   физиологы   Ф.Галль   ми   қыртысы қызметіне 

қатал  шоғырлану  принциптері  тəн  деген  пікір  айтқан.  1870  жылы  неміс 

дəрігерлері  Г.Фритч  пен  Э.Гитциг  ми  қыртысының  алдыңғы  орталық 

аймағында  əр  түрлі  қаңқа  еттерінің  жиырылуын  басқаратын    қозғағыш 

орталықтың  болатынын  анықтаған.  Орыс  физиологтары  В.Я.Данилевский, 

Н.А. Миславский,   В.М.Бехтеров   ми   қыртысының   əртүрлі   аймақтарын 

тітіркендіргенде  жүректің,  тыныс  алу  жүйесінің,  ішкі  ағзалар    қызметінің  

өзгеретінін    байқаған.    Аталған    тəжірибелер    ми  қыртысының  белгілі 

аймақтарында 

организмнің 

нақтылы 

қызметін 

реттейтін 

жүйке 


орталықтарының  шоғырланатыны  жайлы  қорытынды  жасауға  мүмкіндік 

берген.  Сонымен  XX    ғасырдың  басында  адам  мен  жануарлардың  ми 

қыртысында  орталықтардың  шоғырланланатыны        жайлы      пікір   

қалыптасып,  ғылымда  қарама-қарсы  екі  түрлі  көзқарас  пайда  болды. 



226-ñóðåт.

 Ìè æ-ðтû 

ø-ðë-ðûíä-¹û                               

¼ðiñтåð ìåí á¼ëiêтåð áåéíåñi.




 

588


Олардың  бірі  ми  қыртысының  жеке  аймақтарында  орталықтардың 

шоғырлануын  мойындаса,  екіншісі  оны  жоққа  шығарды.  Бұл  мəселеге 

айқындықты  И.П.Павлов  зерттеулері  енгізді.  Ол  экстирпация,    тітіркендіру,  

шартты  рефлекстерді қалыптастыру  сияқты тəсілдерді қолдана отырып, ми 

қыртысының  шүйде  бөлігі  алынып  тасталған  итте  жарыққа  реакция 

сақталатынын байқаған. Бірақ итте нақтылы бейнелерге, күрделі сигналдарға,  

заттың  түсіне,  пішініне  т.б.  шартты  рефлекстер  қалыптаспаған.  Өз 

тəжірибелері нəтижесінде И.П.Павлов ми қыртысында нақтылы қызметтерді 

реттейтін  орталықтардың  шоғырлануының  жылжымалы  (динамикалық) 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   433   434   435   436   437   438   439   440   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет