581
Ми қыртысының қозғағыш аймақтары нейрондарының аксондары тек
қана
қыртыс-жұлындық
жолды
ғана
түзбейді,
сонымен
қатар
экстрапирамидалық жүйе ядроларына - қызыл ядроға, торлы құрылым
ядроларына да бағытталады.
Қозғағыш аймақтар соматосенсорлық рецепторлардан бағытталған
афференттік импульстерді қабылдайды. Жалғастырғыш талшықтар арқылы
олар сезімтал аймақтармен де байланысады. Осының нəтижесінде олар ерікті
қимылдарды атқару үшін қажет көру, есту жəне басқа сезімдік сигналдарды
қабылдап отырады.
Ми қыртысы мен қыртыс асты түйіндер əрекетімен жануарлардың
жоғары дəрежелі жүйке қызметі - шартты рефлекстер қалыптастыру, еске
сақтау, күрделі мақсатты мінез-қылықтық реакцияларды атқару қабілеттері
байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: