Жануар физол


 Ми қыртысының жеке бөлімдерінің құрылымдық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет436/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   432   433   434   435   436   437   438   439   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

 

20.2. Ми қыртысының жеке бөлімдерінің құрылымдық ерекшеліктері 

мен қызметі 

 

Ми  қыртысы  орталық  жүйке  жүйесінің  ең  жоғарғы,  филогенездік 



тұрғыдан  ең  жас  бөлімі  болып  табылады.  Онымен  жануарлардың  мінез-

қылығын  қалыптастыратын  жоғары  дəрежелі  жүйкелік  қызмет  байланысты. 

Ми  қыртысы  организмнің  физиологиялық  процестерін  реттеп,  оның 

функционалдық тұтастығын қамтамасыз етеді, организм мен сыртқы орта ара 

қатынасын үйлестіреді. 

Омыртқалы  жануарлардың  филогенездік  қатарында  ми  қыртысы  алғаш 

рет бауырымен жорғалаушылар  мен құстарда пайда болды.  Сүт  қоректілер 

класында біртіндеп дами келе ол ең күрделі құрылымға адамдарда ие болды. 

Төменгі  сатыдағы  омыртқаларда,  қос  мекенділер  мен  балықтарда  ми 

қыртысы  болмайды,  сондықтан  олардың  мінез-қылықтық  əрекеттері 

негізінен аралық ми арқылы реттеледі. Ми қыртысының дамуына сəйкес бұл 

күрделі  қызмет  аралық  мидан  ми  қыртысына  алдымен  жартылай  (қос 

мекенділер мен құстарда), соңынан толығымен (сүт қоректілерде) ауысады. 

Балықтарда  ми  қыртысын  сылып  тастағаннан  кейін  қимыл-əрекеттер, 

сыртқы  ортамен  қатынас  ешқандай  өзгермейді  (Штейнер).  Мұндай 

балықтардың  сау  балықтардан  ешбір  айырмасы  болмайды.  Ми  қыртысы 

сылынып  тасталған  қос  мекенділер  мен  құстардың  кейбір  əрекеттері 

бұзылады. Ми қыртысы алынған кептер алғашқыда өз бетімен жем қабылдай 

алмайды  да,  кейінірек  бұл  қабілет  қалпына  келеді.  Мұндай  кептерлердің 

көру  мүмкіндігі  жойылмайды,  сондықтан  ұшқан  кезде  ол  кедергілерге 

соқтықпайды,  бірақ  мұндай  құс  өз  балапандарының  дауысын  танымайды, 

мысықтан қорықпайды, қораз кептерлерді ажырата алмайды. Егер кептердің 

ми қыртысымен бірге қыртыс асты түйіндері (жолақ дене) алынса, онда ол 

ұзақ  мерзімге  дəрменсіз  болып  қалады,  тіпті  жемін  шоқи  да  алмайды. 




 

586


Кейінірек ол біршама түзеледі, жемін шоқып жейді, бірақ балапан баспайды 

(Роджерс, Шрадер). 

Ми  қыртысы  сылынып  тасталған  сүтқоректілердің  көптеген  қызметі 

бұзылады.  Алдымен  Гольц,  соңынан  Ротман,  Г.П.Зеленый  итке  операция 

жасап,  ми  қыртысын  алып  тастап,  оны  жыл  бойы  аман  сақтап,  бақылаған. 

Бүкіл бақылау мерзімі ішінде бірде-бір бұзылған қызмет қалпына келмеген. 

Мұндай  ит  көбіне  ұйықтап  жатқан  да,  тек  табиғи  мұқтаждықтың,  немесе 

аштықтың əсерінен ғана оянып отырған, тамақты өз бетімен жеу қабілетінен 

айырылған, барлық шартты рефлекстерін жоғалтқан. 

Үлкен ми жарты шарлары қыртысында жүйке орталықтарының топтасуы, 

мамандануы орын алады. Мəселен, əрбір жарты шарда қозғағыш аймақ бар. 

Онда  дененің  қарсы  бетіндегі  қаңқа  еттеріне  импульстер  жіберетін  жүйке 

орталықтары  шоғырланады.  Осы  аймақтарға  қимыл-əрекет  кезінде 

пропирорецепторларда туындаған импульстер түсіп отырады.  

Жануарларда  ми  қыртысының  қозғағыш  аймағының  аумағы  бірдей 

болмайды.  Олардың  қимыл-əрекеті  күрделі  болса,  бұл  аймақтың  аумағы 

үлкейе  түседі.  Қозғағыш  аймақтың  көлемі  приматтарда  өте  үлкен,  ет 

қоректілерде - орташа, тұяқты жануарларда шамалы ғана болады. Қойдың ми 

қыртысының бұл аймақтарын алып тастау  олардың қимыл-əрекеттеріне əсер 

етпейді, ет қоректілерде мұндай операциядан кейін қимыл-əрекет бұзылады,  

ал маймылдар операциялдан кейін сал болып қалады да, кейінірек ол күйден 

айығады, бірақ қозғалу мүмкіндігі толығымен бастапқы қалпына келмейді.  

Жануарларда қозғағыш аймақтың орналасуы да əртүрлі. Қой мен ешкіде 

бұл  аймақ  ми  қыртысының  үстіңгі  маңдайлық  аймағында  орын  тепсе, 

шошқада  -  төбе  сайы  мен  қапталдық  сайдың  (Сильвиев  сайының)  алдыңғы 

тармағының  арасында  жатады.  Жылқыда  бұл  аймақ  латеральдық  крест 

тəрізді  сайдың  бүйірінде  жəне  жоғарғы  қапталдық  сайдың  орта  тармағы 

аумағында орналасады. 

Ми қыртысында сенсорлық аймақ та болады. Олар көру, есту, жанасу т.б. 

аймақтары  болып  бөлінеді.  Көру  аймағы  үлкен  ми  жарты  шарының  шүйде 

бөлігінде,  есту  аймағы  -  самай  бөлігінде,  иістік  аймақ  -  ежелгі  қыртыстың 

аммон 


мүйізінде, 

терінің 


жанасу 

мен 


қысымды 

қабылдайтын 

рецепторларынан  тараған  импульстерді  сезінетін  жанасу  сезімінің  аймағы  - 

артқы  ортаңғы  қатпарда  жатады.  Алдыңғы  қозғағыш  аймақты  ішкі  ағзалық 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   432   433   434   435   436   437   438   439   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет