Жануар физол



Pdf көрінісі
бет53/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

 15 -сурет. Сиыр жүрегінде қақпақшалардың 

орналасуы: 

1,2,3-өкпе  артериясының    жарты  айшық  қақпақшалары;  4,  5,  6  -  қолқаның 

жарты  айшық қақпақшалары; 7, 8 - қос жармалы қақпақшалар; 9, 10, 11 – үш 

жармалы қақпақшалар; 12 –көлденең белдеу; 13, 14 – жүрекшелердің оң жəне 

сол  құлақшалары  15,16-қақпақшалардың  жармалары;  17,  18,  19  –  сіңір 

жіпшелері мен еміздікше еттер; А -үш жармалы қақпақша; Б - жарты айшық 

қақпақша (жоғарыда - қақпақшаның жабылған, төменде – ашылған күйі) 

 

Қарыншалар миокарды сыртқы, ортаңғы жəне ішкі қабаттардан түзіледі. 



Сыртқы  (беткей)  қабат  талшықтары  қарыншаны  бойлай  орналасады.  Олар 

жүрекше  мен  қарынша  аралық  сіңірлі  сақинадан  басталып,  төмен  жайылып 

жүрек  ұшына  жетеді  де,  иіле  келе  миокардтың  ішкі  (терең)  қабатына 

айналады. Ішкі қабат талшықтары жоғары көтеріліп, жүрекше мен қарынша 

аралық  сіңірлі  сақинаға  бекиді.  Аталған  қабаттардың  арасында  қарынша 

еттерінің  ортаңғы  қабаты  орналасады.  Ол  көлденең  бағытта  жайылып, 

сегіздік бейне жасай əр қарыншаны жеке орайды. 

Эпикард  –  жүректің  сыртын  жауып  жатқан  жұқа  қабықша.  Ол  жүрек 

табанында  жүректі  сыртынан  қаптайтын  берік  дəнекер  ұлпадан  түзілген 

жүрек  қабына  -  үлпершекке  (перикардқа)  айналады.  Үлпершек  пен  эпикард 

аралығындағы  қуыста  үлпершек  сұйығы  болады.  Ол  жүрек  жұмысы  кезінде 

қабықшалардың  өзара  үйкелісін  азайтады.  Перикард  жүрек  етінің  шамадан 

тыс босаңсуына мүмкіндік бермейді. 




 

78



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет