621
Афференттік синтез ми қыртысының сигналдар келіп түскен барлық
орталықтарында жүреді. Жануарларда бұл еріксіз, санасыз акт. Ол əрекет
еркіндігін шектейді. Афференттік синтез жүргізетін құрылымдардан жүйке
импульстері белгілі бір орталықтарға (қозғағыш) бағытталады да, бұлшық ет
тонусы өзгереді, белгілі бір қимыл дайындалады.
Шешім қабылдау - кез келген əрекетті орындаудың маңызды сатысы.
Шешім қабылдау негізінде болашақ əрекеттің мақсаты айқындалып,
бағдарламасы белгіленеді. Бағдарлама негізінде екі түрлі нəрсе анықталады:
1. Əрекетті тудыратын атқарушы мүшелерге бағытталған бұйрықтардың
эфференттік жүйесі. 2. Болашақ əрекет нəтижелерін қадағалайтын арнаулы
құрылым - əрекет нəтижесінің акцепторы. Демек, əрекеттің моделі
жұмыстың атқарылуынан, оның нəтижелерінен көп бұрын қалыптасады.
Əрекет барысы, оның нəтижелерінің жоспарға, бағдарламаға сəйкестігі
акцептордан кері афферентациялау нəтижесінде атқарылады. Кері
афферентация арнайы рецепторлық арналар арқылы жүзеге асырылады.
Əрекет нəтижелері жайлы кері жеткізілген мəліметтер олардың
жоспарланған моделімен салыстырылады. Егер параметрлер бір-бірімен
сəйкес келсе, организмнің бұл əрекеті аяқталады, ал сəйкестік болмаған
жағдайда жаңа эфференттік бағдарлама құрылады да, əрекет қайта
басталады. Процесс афференттік синтезде қойылған мақсат орындалғанға
дейін қайталана береді.
Жануарлар əрекетін, олардың белсенділігін нақтылы бір қажеттілік
тудырады. Ал енді осы қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған
организмнің ерекше күшін мотив деп атайды. Ол мидың белгілі
құрылымдары белсенділігінің өзгеруімен байланысты қалыптасады да, оның
биологиялық қажеттілігі (қоректік, жыныстық т.б.) қанағаттандырылады.
Организмнің ішкі ортасындағы биохимиялық өзгерістер мен сыртқы
əсерлер орталық хеморецепторлар арқылы қозу процесіне айналып,
гипоталамустың
арнаулы
мотивтік
орталықтарының
белсенділігін
күшейтеді. Бұл орталықтардан қозу импульсі лимбикалық жүйеге, торлы
құрылымға жəне ми қыртысына тарайды да, мақсатты мінез-қылықтық
əрекеттің бағдарламасы пайда болады. Мотивтік қозу мидан естің
энграммасын
(естік із) тауып, организмнің эндокриндік статусын өзгертеді,
мидың эмоциямен байланысты құрылымдарының белсенділігін арттырады.
Эмоция - малдың əртүрлі сыртқы жəне ішкі тітіркендіргіштерге
рахаттану немесе жеру, үрей, қуаныш, ыза т.б. түрінде бейнеленетін
субúектівті реакциясы. Эмоциялар əрекет нəтижесінің акцепторында əрекет
нəтижесі мен көзделген мақсатты əрекетті салыстыру негізінде қалыптасады.
622
Бағдарлама мен əрекет нəтижесі сəйкес болса оң, ал сəйкес келмесе -
нəтижеге қанағаттанбаушылық, теріс эмоция туындайды. Эмоциялар
лимбикалық жүйе құрылымдарында (гиппокампта) жəне гипоталамуста
қалыптасады. Оларға жаңа қыртыстың маңдай бөлігінің де қатысы болады.
Эмоцияның биологиялық маңызы оның сигналдық жəне реттеуші
қызметінде. Сигналдық мəні арқылы ол белгілі бір əсердің пайдалы немесе
зиянды екенін, орындалған əрекеттің табысты немесе табыссыз екенін
білдіре алады. Осыдан барып организм өзіне тиімді бейімделу реакцияларын
ұйымдастырады. Эмоцияның реттеуші мəні негізінде пайда болған
қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған белсенділік қалыптасады жəне
тітіркендіргіш əсерін күшейтуге немесе əлсіретуге мүмкіндік беретін,
организмнің сыртқы ортаның өзгерген жағдайына бейімделуін қамтамасыз
ететін əрекеттер жүзеге асырылады. Қажеттілік өтелсе оң эмоциялар,
өтелмесе - теріс эмоциялар туындайды.
Эмоцияның қарапайым жəне күрделі түрлері болады. Қарапайым эмоция
адам мен жануарлардың табиғи қажеттілігімен байланысты туындайды.
Мысалы, гомеостаздық эмоция ашығудан, шөлдеуден, т.б. туындап, ішкі орта
тұрақтылығын сақтауға бағытталған мазасыздану, іздену, қимыл-əрекеттің
күшеюі түрінде бейнеленеді. Инстинктік эмоция жыныстық, қорғану т.б.
əрекеттік реакциялар түрінде байқалады. Күрделі эмоция адамға ғана тəн, ол
əлеуметтік қажеттіліктердің (интелектуалдық, моральдық, эстетикалық т.б.)
өтелуімен байланысты туындайды.
Эмоцияны қалыптастыруда, реттеуде лимбикалық жүйе құрылымдары
(гиппокамп), гипоталамус, ми қыртысының маңдайлық бөлімі маңызды рөл
атқарады. Ми қыртысының маңдайлық бөлімін алып тастау немесе зақымдау
эмоциялық күйдің төмендеуін тудырады. Ал эмоцияның өзі жануарлар мен
адамның орта жағдайларының өзгерістеріне бейімделу процестерін
ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: