Жануар физол



Pdf көрінісі
бет463/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   459   460   461   462   463   464   465   466   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Мінез

-қылық түрлері.  Мінез-қылыққа  жеке  дарақ  көрсететін  кез  келген 

белсенділік жатады. Мінез-қылықты сипаттау мақсатында Л.В. Крушинский 

(1960)  «Унитарлық  (тұтасқан)  реакцияң  жəне  мінез-қылықтың  биологиялық 

түрлері атты екі түсінік ұсынды. 



Унитарлық  (тұтасқан)  реакция  шартты  жəне  шартсыз  рефлекстердің 

бірігуі  негізінде  қалыптасатын  мінез-қылықтың  біртұтас  актысы.  Бұл  акт 

жеке  бейімделу  əрекетін  қамтамасыз  етуге  бағытталады  жəне  мінез-

қылықтың  қарапайым  бөлшегі  болып  табылады.  Ол  белгілі  бір  үлгімен 

орындалады. Унитарлық реакция үш компоненттен тұрады: 1. инстинкт, 

немесе əр түрлі күрделіліктегі шартсыз рефлекстер жиынтығы; 2. үйрену; 3. 



пайымдау  əрекеті.  Əрекетті  атқаруда  аталған  компоненттердің  үлестік  ара 

қатынастары  əртүрлі  болуы  мүмкін.  Олардың  ішінде  шартсыз  рефлекстер 



ұрпақтар  жинақтаған  тəжірибені  пайдалануды,  ал  үйрену  (шартты 

рефлекстер)  жəне  пайымдау  əрекеті  организмнің  нақты  жағдайдағы  ең 

тиімді реакциясын қамтамасыз етеді, икемділіктің негізі болып табылады. 

Жеке  унитарлық  реакцияларды  біріктіру  нəтижесінде  мінез-қылықтың 



биологиялық  түрлері:  қоректік,  бағдарлау,  жыныстық,  ата-енелік  (ұрпақ 

қорғау)  жүзеге  асады.  Аталған  көп  актылы  мінез-қылық  организмнің 

биологиялық  мұқтаждығын қамтамасыз етеді. Жануарлар мінез-қылығы туа 

біткен жəне жүре пайда болған болып екі топқа бөлінеді.  



Туа  біткен  мінез-қылық  құрамалары  тұқым  қуалайды,  олар  ешбір 

жаттығусыз,  үйретусіз-ақ  атқарылады.  Бейімделу  нəтижесіне  қарай  туа 

біткен  мінез-қылық  жыныстық,  ұрпақ  қорғау,  қоректік,  сақтық,  зерттеу, 

доминанттық  болып  жіктеледі.  Демек,  туа  біткен  мінез-қылық  білгілі  бір 

жағдайда  атқарылатын  күрделі  іс-əрекеттің  жиынтығы  -  инстинкт  болып 

табылады.  Физиологиялық  тұрғыдан  инстинкт  эволюция  үстінде 



іріктелген  шартсыз  рефлекстердің  күрделі  тізбегі.  Бұл  күрделі  шартсыз 

рефлекстер  (мысалы,  ұя  жасау,  ойнау  т.с.с.)  тек  жеке  рефлекс  доғасынан 




 

624


ғана құралмайды, олар біртұтас мінез-қылықтық жиынтық болып табылады. 

Оларды  қамтамасыз  етуде  арнаулы  рефлекстік  бөлімдер  -  түрткі  жəне 

нықтаушы, қатысады. 

Туа  біткен  бейімделу  əрекетін  таксис,  рефлекс  жəне  инстинкт  сияқты 

реакциялар  құрайды.  Жүре  қалыптасқан  əрекеттерге  үйрену  мен  ойлау 

жатады. 


Таксис  -  төменгі  сатыдағы  жануарларға  тəн  организм  мен  сыртқы  орта 

қатынасын  қамтамасыз  ететін  əрекеттің  қарапайым  түрі.  Эволюцияның 

жоғары сатысында таксистің маңызы төмендеп, оны бейімделу механизмінің 

əлдеқайда  жетілген  түрлері  алмастырады.  Таксистер  ортаның  кейбір 

факторларына бағытталу, бағдарлану болып табылады. Бір жағдайда таксис 

əсерге  автоматты  жауап  ретінде  қайырылған  қарапайым  қозғалыс  -  қимыл 

түрінде бейнеленеді, ал басқа бір жағдайда ол күрделі əрекеттің бір элементі 

болып шығады. 



Рефлекс  те  бейімделу  əрекетінің  бір  түрі.  Бұл  жерде  шартсыз 

рефлекторлық  реакция  жануарлар  дүниесіндегі  бейімделудің  негізгі  құралы 

ретінде қаралады. 

Инстинкт  -  туа  біткен  мінез-қылықтың  жоғары,  күрделі  түрі.  Ол 

организмнің  сыртқы  жəне  ішкі  тітіркендіргіштер  өзгерістеріне  жауабы 

ретінде  тарихи  даму  барысында  пайда  болған  күрделі  мінез-қылықтық 

əрекеті, түрдің нақты тіршілік жағдайларына бейімделу формасы. Сондықтан 

инстинкт түрдің сақталуын жəне дамуын қамтамасыз етеді. Айта кетер жəйт, 

тіршіліктің  тек  алғашқы  сатыларында  ғана  шартсыз  рефлекторлық 

реакциялар  таза  күйінде  кездеседі,  кейінірек  оларға  көптеген  шартты 

рефлекстер қабаттасып кетеді. 

Сонымен,  жануарларда  тарихи  даму  барысында  сыртқы  ортаның 

салыстырмалы  тұрақты  жəне  мезгіл-мезгіл  қайталанып,  отыратын 

жағдайларына  бейімделу  нəтижесінде  тұқым  қуалайтын  туа  біткен  мінез-

қылықтық  əрекеттер  қалыптасады.  Осымен  қатар  сыртқы  ортаның 

құбылмалы, тұрақсыз жағдайларына бейімделу барысында жүре қалыптасқан 

мінез-қылықтық əрекеттер де пайда болды. Мінез-қылықтың бұл түрі үйрену 

нəтижесінде пайда болады. 

Үйрену  -  жеке  дарақтарда  өткен  тəжірбиені  ескере  отырып  жаңа 

бейімделу  реакцияларын  қалыптастыруға,  тиімсіз  реакцияларды  жоюға 

бағытталған  процесс.  Үйрену  нəтижесінде  жануардың  мінез-қылықтық 

əрекеті  оралымды,  бейімделгіш  сипат  алады.  И.П.Павлов  зерттеулеріне 

сəйкес  үйренудің  негізінде  шартты  рефлекстердің  қалыптасу  механизмі 

жатады. 


Жүре  пайда  болған  мінез-қылықтық  əрекеттің  ең  жақсы  зерттелген  түрі 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   459   460   461   462   463   464   465   466   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет