623
инстинктер мен олардың эволюциясын, жеке түрлердің мінез-қылығының
қалыптасуындағы тұқым қуалаушылық пен орта жағдайының өзара
əрекеттестігін зерттеуге арналған зоологтар еңбектері құраған. Этология
зоология мен эволюциялық ілім негізінде пайда болып, физиология,
экология, генетика жəне мінез-қылық генетикасымен тығыз байланыс түзген.
Этология негізінен табиғи, туа біткен мінез-қылықтар мен инстинктерді,
олардың дамуын (эволюциясын) зерттейді.
Этология мінез-қылықты жануарлардың сыртқы ортамен көп қырлы
əрекеттесуінің бейнесі деп санайды. Этология мінез-қылықтың туа біткен
құрамаларын зерттейді, организмнің түрлі реакцияларының сыртқы
көрінісін анықтайды. Ал физиология жануарлардың мінез-қылығын
қамтамасыз ететін ми қызметінің жүйкелік механизмін зерттейді. Осымен
байланысты бұл екі пəн бірін-бірі толықтырып, мінез-қылықтың туа біткен
жəне жүре пайда болған түрлерінің нақты жүйкелік механизмін ашады.
Достарыңызбен бөлісу: