637
торшалар фоторецепторлардағы зат алмасу процесін реттеуге қатысады
деген де пікірлер бар.
Түнгі тіршілікке бейімделген жануарларда пигментті торшалар мен
фоторецепторлар арасында ерекше кристалдан немесе талшықтардан
құралған жарықты кері шағылыстыратын қабат болады. Жарықтың кері
шағылысуы нəтижесінде жарық түскенде түнгі жануарлар көзі жарқырап
тұрады. Мұндай жағдайда фоторецепторларға тікелей түскен сəуле ғана емес,
шағылысқан сəуле де əсер етіп, қараңғылықта бейнені қабылдау мүмкіндігін
арттырады. Кейбір жануарлардың (сиыр, жылқы, мысық) қараңғыда көзі
жарқырап тұрады. Бұл көздің түбінде, тамырлы қабықтың алдында ерекше
шағылдырғыш жарғақтың
(тапетум) болуымен байланысты. Аталған
жарғақ күміс кристалдар сіңген талшықтардан тұрады, да көзге түскен
жарықты кері шағылыстыртады.
Торлы қабықтың келесі қабаты таяқшалар мен сауытшалар қабаты.
Сауытшалар күндізгі көру аппараты, олар күшті, жарқыраған жарықтан
ғана тітіркенеді, ал таяқшалар əлсіз, қарауытқан сəуленің əсерімен
тітіркенеді, олар түнгі көру аппараты. Таяқшалардың жалпы саны 130 млн,
сауытшалар саны – 9 млн. Үй құстарында (тауық, үйрек) сауытшалар көп
болады.
Фоторецепторлар екі буыннан (ішкі жəне сыртқы) тұрады. Сыртқы
буында жарыққа сезімтал көру пигменті болады, ал ішкі буында
торшалардағы қуат алмасу процесін қамтамасыз ететін ядро мен
митохондиялар орналасады. Фоторецепторлардың жарық сезгіш буыны
пигментті торшалар қабатына жақын жатады.
Таяқшалардың жарық сезгіш буыны диаметрі 6 мкм шамасында
жіңішке табақшалар мен дискалар бауынан тұрады. Əрбір диск екі белок
молекулаларының арасында орналасқан қос молекулалы липидтерден
құралған екі қабатты мембрана болып табылады. Белок молекулаларымен
родопсин немесе көру пурпуры құрамына енетін
ретинен байланысады.
Фоторецепторлық торшалардың сыртқы жəне ішкі буындары бір-бірінен
мембрана арқылы бөлінеді. Бұл мембрана арқылы 16–18 жіңішке
жіпшелерден құралған шоғыр өтеді. Ішкі сегменттен өсінді басталады. Ол
арқылы қозу фоторецепторлардан олармен түйісетін қос өрісті (биполярлы)
торшаларға беріледі.
Биополярлы торшаларға ганглиозды торшалар жанасады. Соңғы
торшалар өсінділері көру жүйкесін түзеді. Көзге түскен жарық шыны тəрізді
дене мен торлы қабықтың ішкі қабаттарынан оларға ешқандай əсер етпей
өтеді де, тек таяқшаларға жеткенде ғана əрекетін бастайды. Осының
нəтижесінде туындаған жүйке импульсі алдында ғана жарық өтіп кеткен
торшалар арқылы көру жүйкесіне беріледі де, ол арқылы миға бағытталады.
Қозу толқыны фоторецепторлардан көру жүйкесінің талшықтарына
биполярлы жəне ганглиозды жүйке торшалары арқылы беріледі. Бұл
638
торшалар бір-бірімен синапстар арқылы жалғасады. Импульстер бірінші
қабат торшаларынан келесі қабат торшаларына ацетилхолин бөлу
нəтижесінде беріледі. Ал фоторецепторлардан биополярлы торшаларға
импульстің берілу механизмі əлі толық анықталмаған.
Кейбір биополярлы торшалар көптеген таяқшалармен байланысады, ал
ганглиозды торшалар өз кезегінде көптеген биополярлы торшалармен
түйіседі. Осының нəтижесінде фоторецепторлық торшалардың белгілі бір
тобы жеке ганглиозды торшалар үшін рефлекстік өріс болып табылады.
Торлы қабықта көлбеу (жұлдызша) жəне амикриндік торшалар да болады.
Олардың тармақталған өсінділері биполярлы жəне ганглиозды торшаларды
горизонталь бойымен көлденең бағытта жалғастырады. Осыдан бір
Достарыңызбен бөлісу: