5-ТАРАУ
ЖҮРЕК ПЕН ҚАН ТАМЫРЛАРЫ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
5.1. Қан айналымының жалпы желісі
Қан өзіне тəн физиологиялық қызметтерді бір ғана жағдайда – тоқтаусыз
айналымда болғанда, атқарады. Ал оның қан тамырларымен тоқтаусыз
қозғалуы қан айналым жүйесі мүшелерінің қызметіне байланысты.
Барлық омыртқалы жануарларда қан айналым жүйесі тұйық жүйе. Оның
ең қарапайым түрі балықтарда кездеседі. Балықтардың жүрегі бір жүрекше
мен бір қарыншадан тұрады. Қан ірі веналардан жүрекшеге құйылып, оның
ырғақты жиырылуларының əсерімен қарыншаға өтеді де, қарынша
жиырылғанда артерия буылтығына қуылады. Одан əрі желбезек артериялары
арқылы желбезекке барып, оттегімен қаныққан соң, қолқа арқылы бүкіл
денеге тарайды. Мүшелер мен ұлпалар капиллярларынан қан қайтадан вена
тамырларына жиналып, жүрекшеге оралады.
Қосмекенділер жүрегі екі жүрекше жəне бір қарыншадан тұрады. Оң жақ
жүрекшеге қуыс веналар арқылы бүкіл денеден жиналған қан құйылып, одан
əрі ол қарыншаға айдалады. Қарынша жиырылғанда қан қолқа тамырға
қуылады да, оның шамалы мөлшері өкпе артериясы арқылы өкпеге барып, ал
қалған бөлігі артериялармен бүкіл денеге тарайды. Өкпеде оттегімен
қаныққан қан өкпе венасы арқылы сол жақ жүрекшеге, одан қарыншаға өтіп,
оң жүрекшеден түскен вена қанымен араласады. Демек, бұл жəндіктерде
өкпе тамырлары жалпы қан айналым жүйесінің бір тармағы ғана.
Бақалардың қан айналым жүйесінің ерекшелігі олардың қолқа буылтығының
спираль тəрізді қақпақша арқылы тармақталуында. Осының арқасында оң
жүрекшеден келген қанның көп мөлшері өкпе артериясына өтеді.
Құстар мен сүтқоректілердің жүрегі өзара тек қан тамырлары
арқылы ғана байланысатын оң жəне сол бөліктерден тұрады. Оң
жүрекше бүкіл денеден вена қанын қабылдап, оны оң қарыншаға
айдайды. Оң қарыншадан қан өкпе артериясымен өкпеге бағытталады.
Өкпеде
қан
көмір
қышқыл
газын
өкпе
көпіршіктеріне
(альвеолаларға)
бөліп, оттегімен қанығады да, артерия қанына
айналып, өкпе венасы арқылы сол жүрекшеге келіп құйылады.
Қан айналу жүйесінің оң қарыншадан өкпе артериясымен баста-
лып, сол жүрекшеде өкпе венасымен аяқталған бөлігін қан айналымының
кіші немесе тыныстық шеңбері деп атайды (13-сурет).
75
Қан айналым жүйесінің сол қарыншадан қолқамен басталып, жүрекшеде
екі қуыс венамен аяқталған бөлігін үлкен, немесе жүйелік қан айналым
шеңбері деп атайды. Жүректен басталған қолқа артерия тамырларына
тармақтала келіп, ұсақ тамырлар - артериолалар жəне тек микроскоппен ғана
көрінетін капилляр тамырлар түзеді. Капиллярларға келген артерия қаны
өзінің құрамындағы оттегінің біраз бөлігін ұлпаларға береді де, зат алмасу
процесінің нəтижесінде түзілген көмір қышқыл газын сіңіріп, вена қанына
айналады. Вена қаны капиллярлар арқылы вена
тамырларына жиналып,
жоғары жəне төменгі қуыс веналармен оң жүрекшеге құйылады.
Қан тамырларымен аққан қан торшалармен тікелей жанаспайды.
Торшалар арасындағы саңлаулар ұлпа сұйығымен толып тұрады. Сондықтан
қан
құрамындағы
қоректік
заттар
мен
оттегі
ал-
дымен ұлпа сұйығына өтіп, одан əрі торшаларға беріледі. Ал торшалардың
тіршілік əрекеті барысында түзілген заттар ұлпа сұйығы арқылы қанға өтеді.
Демек қан тек шартты түрде ғана ішкі орта болып есептеледі. Ал шын
мəнісінде организмнің ішкі ортасы торшааралық, немесе ұлпа сұйығы.
Достарыңызбен бөлісу: |