Жануар физол


 Жеке органдардағы қан айналым ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет92/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

5.18. Жеке органдардағы қан айналым ерекшеліктері 

Жүректегі қан айналымы. Қанмен жабдықталу деңгейі жағынан жүрек 

алдыңғы орындардың бірін алады. Миокардқа келетін қан мөлшері бұлшық 

еттермен  салыстырғанда  10  есе  көп.  Қалыпты  жағдайда  қолқаға  қуылған 

қанның шамамен 10 пайызы жүрек етін қоректендіруге кетеді. 

Миокардқа  қан  жүрек  артериялары  арқылы  келеді.  Арнаулы 

тəжірибелерде  (Анреп)  жүрекке  келетін  қанның  80  пайызы  сол  жақ,  ал  20 

пайызы  оң  жақ  жүрек  артерияларымен  өтетіні  анықталған.  Жүрек  етінде 

капиллярлар  торы  өте  көп,  сондықтан  жұмыс  кезінде  жүрекке  келетін  қан 

мөлшері ағзаның салмағынан 10-15 есе артады. 

Жүректен  вена  қаны  екі    жолмен  ағады.  Қанның  бір  бөлігі  жүрек 

тамырының  қойнауы  (коронарлық  синус)  арқылы  оң  жақ  жүрекшеге 

құйылады.  Бұл  жолмен  сол  жақ  қарыншадан  аққан  вена  қаны  өтеді.  Ал 

жүрекше  пердесі  мен  оң  жақ  қарынша  еттерінен  қан  жүрек  жəне  Тебезий 

веналары арқылы оң жақ қарыншаға құйылады. 

Жүректегі  қан  айналым  жүрек  жұмысының  кезеңдері  мен  сатыларына 

байланысты өзгеріп  отырады. Жүректегі  қан  айналым  қарқыны  систоланың 

изомериялық  сатысы  кезінде  күрт  төмендеп  (1-минимум),  қан  қуалау 

кезеңінің  басында  жоғарылайды  да  (1-максимум),  осы  кезеңнің  соңында 

қайтадан  төмендеп  (2-минимум),  диастола  кезінде  қайта  күшейеді  (2-



максимум). Григ тəжірибелеріне сəйкес жүрекке қанның 75 пайызы диастола 

кезінде келеді. 




 

122


Жүректегі қан айналым

 

қарқыны артериядағы қан қысымының деңгейіне, 



жүректің соғу жиілігі мен систолалық сиымдылығына, жүрек етінің ширығу 

дəрежесіне  байланысты  өзгереді.  Жүрек  тамырларының  тонусына

 

қанның 


газдық құрамы мен жүрек етінде пайда болатын алмасу өнімдері үлкен əсер 

етеді. Қан құрамында оттегі азайса, жүрек тамырларының тонусы төмендеп, 

тамырлар кеңейеді де, қан айналымы күшейеді. Көмір қышқыл газы мен сүт 

қышқылы  да  жүрек

 

тамырларын  кеңейтіп,  қан  айналымын  күшейтеді. 



Адреналин мен норадреналин гормондары жүрек тамырларын кеңейтіп, қан 

айналымын жақсартса, ацетилхолин мен вазопрессин тамырларды тарылтып, 

қан айналымын нашарлатады. 

Жүректегі қан айналымын реттеуде маңызды рөлді орталық жүйке жүйесі 

атқарады.  Жүрек  тамырларының  шартты  рефлекс  əсерімен  тарылатыны 

тəжірибе  жүзінде  дəлелденген.  Симпатикалық  жүйке  жүрек  тамырларын 

кеңейтіп,  ағзадағы  қан  айналымын  жақсартады,  ал  кезеген  жүйке  – 

тамырларды  тарылтып, қан  айналымын  нашарлатады деген  ұғым  бар.  Бірақ 

бұл  мəселе  əзірше  толық  дəлелденбей  келеді.  Кейбір  деректерге  қарағанда 

симпатикалық жүйке құрамында жүрек тамырларын тарылтатын, ал кезеген 

жүйке құрамында – кеңейтетін талшықтар болатын көрінеді. Зерттеушілердің 

қорытындыларындағы  қарама  қайшылық  аталған  жүйкелер  əсерінің 

күрделігімен  байланысты  болуға  тиісті.  Бұл  жүйкелердің  əсерімен  алдымен 

əртүрлі  экстракардиалық  (жүректен  тыс)  көрсеткіштер  өзгеріп,  олар 

жүректегі қан айналымына ықпалын тигізеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет