Жануар физол


Сыртқы  орта  температурасы



Pdf көрінісі
бет91/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Сыртқы  орта  температурасы  да  қан  айналым  жүйесінің  жұмысына 

айтарлықтай  əсер  етеді.  Ауаның  температурасы  жоғарыласа,  терідегі 

тамырлар  кеңейіп,  денеден  жылу  бөлу  процесі  күшейеді,  ал  температура 

төмендегенде тамырлар тарылып, қан қысымы жоғарылайды. 




 

121


Жеке  органдарды  қанмен  дұрыс  қамтамасыз  ету  үшін  айналымдағы  қан 

мөлшері  мен  қан  тамырларының  жалпы  сиымдылығының  арасында  белгілі 

сəйкестік  болу  керек.  Оны  жүйке  мен  гуморальды  реттеу  тетіктері 

қамтамасыз  етеді.  Мысалы,  организм  қансыраған  кезде  жүрекке  оралатын 

қан мөлшері азайып, артериялардағы қысым төмендейді де, жеке ағзалардың 

қанмен  жабдықталуы  нашарлайды.  Осы  өзгерістерге  жауап  ретінде  жүрек 

жұмысы  жиілеп,  қан  тамырлары  тарылады.  Арнаулы  ішкі  секреция 

бездерінде тамырларды тарылтатын адреналин, вазопрессин гормондарының 

бөлінуі  күшейіп,  қан  қоймаларындағы  қан  тамырларға  қуылады  да, 

айналымдағы қан мөлшері көбейеді. Аталған өзгерістердің арқасында қысым 

жоғарылап, қан айналымы қалпына келеді. 

Дегенмен,  организмнің  айналымдағы  қанның  мөлшеріне  бейімделу 

мүмкіндігінің  белгілі  шегі  бар.  Қансырау  кезінде  организм  қанның  жалпы 

мөлшерінің 10-20 пайызын жоғалтса, қысым тек аз ғана уақытқа төмендейді. 

Қанның  30  пайызы  жоғалса,  өмірге  қауіп  төнеді,  ал  қанның  50  пайызы 

жоғалғанда  -  тіршілік  тоқтайды.  Əрине,  қансырау  салдары  организмнің 

жалпы  күйіне,  оның  жүйке  жүйесінің  жағдайына  байланысты.  Мысалы, 

қажыған, немесе симпатикалық жүйке жүйесі істен шыққан организм үшін аз 

мөлшерде қансыраудың өзі қауіпті. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет