(Сазігоросіа)
көбі сырғанай жылжып қозғалуга бейімделген. Бірақ,
олардың ішінде де түңғиық суда жүзуге бейімделіп жүзбе қанатты,
бірак бакалшыксыз түрге өзгерген экологиялық топтары (қанатаяқты
үлулар), топыраққа тығылуға бейімделіп, бақалшықсыз, қүрт тәріздес
пішінді болған (жалаңаш шьфыш) топтары кездеседі.
Кей жағдайда систематикалық тұргыдан бір топка (қатарлас,
тұкымдас, туыстас) жататын жануарлар тіршілік нысаны тұргысынан
бірнеше
топка
бөлінеді.
Айталык,
коңыздардың
барлығы
систематикалық жіктеу тұрғысынан қатты қанаттылар
(Соіеоріега)
катарына жататыны баршаға аян. Ал тіршілік нысаны тұрғысынан
алып карайтын болсақ биоценоздың эртүрлі қабатында және әртүрлі
ортада тіршілік етуіне байланысты қоңыздардың ішінде жүзетін,
қазатын, жорғалап жүгіретін, секіретін т.б. түрлері кездеседі.
Систематикапық бір ғана топқа жататын тасбакалардың ішінде
адымдап козғалып кұрлыкта тіршілік ететін түрлері, ескек аяктары
арқылы суда жүзіп тіршілік ететін топтары кездеседі.
Систематикалық тұрғьщан бір түрге жататын жәндіктердің өзі
де тіршілік нысаны тұрғысьшан әр түрлі топқа бөлінеді. Мысапы
құмырсқаның еркегі мен ұрғашысы қанатты болтындықтан ұшатын
жәндіктер тобына жатады. Ал жұмысшы құмырскаларда қанат
болмайды. Олар жорғалап козғалатын жәндіктер тобын құрайды.
Сонымен қатар бір түрдің жануарларының даму барысында
олардың тіршілік нысандық тобы ауысып өзгереді. Мысалы
шөпбақаның немесе көлбақаның даму барысында олардың суда жүзіп
тіршілік ететін бақашабактары балык тәріздес тіршілік нысанынан
құрлықта тіршілк ететін, төртаяқгы жануарлар нысанына ауысады.
Сондай-ак көбелектің жұлдызқұрты (дернэсілі) құрт тэріздес тіршілік
нысанына, ал ересейіп жетілген көбелек ұшатын жәндіктер нысанына
жатады.
і
«Тіршілік нысаны» деген ұгымды «экологиялык куыс» деген
ұгымнан
ажырата білген жөн.
«Экологиялык қуыс» ұгымы
биоценоздық санатқа жатады. Экологиялык куыс организмнің
тіршілік ететін биоценоздагы факторлардың жиынтыгы арқылы
сипатталады жэне сол тірі организмнің өзінің биоценозда атқаратын
міндетін анықтайды. (мысалы қоректік байланысы, козгалысының
түрі, коргану шаралары т.б.) Ал «тіршілік нысаны» дегеніміз
бейімделу жүйелері арқылы пайда болатын морфоэкологиялық ұгым.
Тіршілік нысаны тірі организмнің белгілі бір экологиялық куысқа
бейімделуінің багытын жэне бейімделу мөлшерін мэлімдейді. Дэлірек
айтсақ, қандай бір организмнің тіршілік ететін ортасьга және ол
организмнің биоценозда атқаратын міндетін тіршілік нысаны аркылы
анықтауга болады.
Қорытып
айтатын
болсақ,
«Тіршілік
нысаны
дегеніміз
организмдердің (жануарлардың) шыгу тегінің, туыстьщ деңгейінің
эртүрлі болуына қарамастан олардьщ тіршілік айналымының кез
келген сатысында белгілі бір экожүйедегі өмір сүру жағдайының
ерекше сипаттарын мэлімдейтін морфоэкологиялььқ ұқсастығы» деген
аныктама жасай аламыз. Бұл анықтама: а) тіршілік нысаны -
морфологиялық бейімделушіліктің өзара тығыз байланысты біртұтас
жүйесі арқылы сипатталады дегенді; б) тіршілік нысаны деген ұғым
организмдердің туыстьпс тобымен шектелмейді, систематикалық
әртүрлі топтың жануарлары жэне даму сатысының эртүрлі кезеңіндегі
жануарлар тіршілік нысанының бір тобын құрай алады дегенді
нұсқайды.
;.ч , '
|