бунақаяктылар типінің жәндіктер класына, құртша - желілер типінің
қосмекенділер класына жатады.
Бұл жануарлардың барлығы топырақгы қазып, топырақтың
ішінде қозгалып жүріп, қорегін тауып жейді. Олардың ішкі
құрылысының даму деңгейінде орасан айырмашылықгары барына
қарамастан барлыгының сыртқы пішіні мен кейіп - кескіні топырақты
қазып, тесіп козгалуга бейімделген. Денесі ұзын, бұлшық еттері күшті
жетілгендіктен жиырылып - созылып қозгалуга жақсы бейімделген.
Кейбіреуінің денесінің ішкі жэне сыртқы мүшелері көп бунақка
(сегмент) бөлінеді (жауын кұрты, перипантус, сонаның дернәсілі),
енді біреулерінің тек сыртқы терісі гана бунақгалган (мысалы
кұртша), ал жұмыр құрттың денесінің сыртқы кутикул кабықшасында
ұсақ бунактар түзіледі. Құрт пішінді бұл жануарлар топырақтың
арасында козгалу үшін оны қазып, өзіне жол шыгарады. Бірақ
топырақтың ішіндегі қатты түйіршіктер кыйыршык тастарды қазып
қопаруга дәрмені келмейтіндіктен оларды айналып өтуге тура келеді.
Ал көп рет бұрылып, айналу үшін көп бұралып, көп бүктелу керек.
Денесінің көп бунақган құралуы олардың топырақтың ішінде көп
бүктеліп, алдындагы бөгетті айналуб багытын өзгертуге мүмкіндік
береді.
Достарыңызбен бөлісу: