Жануарлар экологиясы



Pdf көрінісі
бет8/15
Дата03.03.2017
өлшемі12,6 Mb.
#7024
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

бідціреді.
2-4 нөмірлі қатынасты «кері әсерлі» тиімсіз қатынас;
7-9 нөмірлі қарым-қатынасты «пайдалы әсерлі, тиімді» қатынас;
5-6  нөмірдегілерді  алдыңғы  екі  қатынастың  екеуіне  де  жатқызуга 
болады.
5 3  Жануарлардыц қоректену жолдары, қорекгік қарым- 
қатьшас
Жануарлар  да  басқа  тірі  агзалар  тәрізді 
сыртқы  ортадан 
қоректік  заттар  алып  пайдалану  арқылы  тіршілігіне  қажетті 
энергиямен  өзін  қамтамасыз  етеді.  Сыртқы  ортадан  қоректік  зат  пен 
энергия 
көзін 
алып 
пайдалану— 
қоректену 
деп 
аталады. 
Жануарлардың 
сыртқы 
ортамен 
карым-қатынас 
жасап 
байланысуының  негізгі  бір  түрі—қоректену.  Жануарлар  басқа  тірі 
ағзалардың  (автотрофтардың)  өндіріп  дайын  болдырған  органикалық 
заттармен  қоректенеді.  Сондықган  олар  гетеротроф  (грекше 
һеіегоз
 — 
басқа; 
ігорһе-кррск)
  қоректілер  тобын  күрайды.  Гетеротроф  агзалар 
экожүйедегі 
қоректік 
тізбекте 
дайын 
органикалық 
заттарды 
түтынушының (консумент) рөлін атқарады.
Жануарлардың  тіршілігіне  қажетгі  энергияның  бірден  бір 
көзі—тек  қоректік  заттектер.  Сондықган  да  нендей  қоректік  затты 
қандай  жолмен  тауып,  қалай  қоректену  мэселесі  жануарлардың 
тіршілік жағдайына шешуші эсер ететін негізгі фактордың бірі.
Қоректік  талғам. 
Жануарлар  жейтін  қоректік  заттың  көзі  өте 
көп.  Олардың  басым  көпшілігі  өсіп  түрған  тірі  өсімдіктермен, 
кейбіреуі-  тірі  жануарларды  үстаа  жеп,  енді  біреулері-  өсімдіктің 
немесе  жануарлардың  қалдық,  өлекселерімен  қоректенеді.Өсімдіктің 
шірінділерін  жеп  немесе  жануарлардың  қиын,  жүнін,  сүйегі  мен 
мүйізін жеп қоректенуге эдеттенген жануарлар да кездеседі.
80

Қоректік  әртүрлі  затпен  коректенуге бейімделуінің  нәтижесінде 
табиғатта  жануарлардың  әртүрлі  коректік  тобы  калыптасқан.  әрбір 
қореюгік  топ  әртүрлі  қоректік  көзді  пайдалануының  нәтижесінде 
табиғаттагы  қоректік  корды  тиімді  жэне  толық  пайдалануга  және 
қорек үшін бәсекелесуді  бэсеңдетіп,  көп  түрлі  жануар бір жерде бірге
мекендеуге мүмкіндік туғызады.
Қоректік заггарының тегіне қарай жануарлар:
а) Фитофагтар немесе өсімдік қоректілер;
б) Зоофагтар немесе жануар қоректілер;
в) Некрофагтар немесе өлексежегілер;
г) 
Сапрофагтар 
немесе 
ағзалардың 
(көбінесе 
өсімдіктсрдің)
шіріндісімен қоректенушілер;
д) Мнксофагтар немесе араласқоректілер;
е) Копрофагтар немесе қижегілер деген қоректік топтарға бөлінеді.
Қоректің  бір-бірінен  төтенше  айырмашылыктағы  мүндай 
тектерімен 
қоректенуге 
бейімделуі 
жануарлардың 
қорекпк 
талғамының  тек  алғашқы  сатысы.  Сондықтан  фитофаг,  зоофаг 
сапрофаг т.б. деп бвлінген бүл негізгі топтар кандай өсімдікті,  қандай 
жануарды.  қандай  шіріндіні  талғап  жеуге  әдеттенгендігіне  сэйкес 
жэне  өсімдік  пен  жануардың  қандай  үлпасын,  қандай  мүшесін  жеуге 
машықтанғанына  сэйкес  екінші,  үшінші  реттік  қоректік  топтарға
жіктеліп бөлінеді.
Мысал  ретінде  өсімдік 
қорекп  (фитофаг)  жануарлардың
қорекпгік  талғамы  арықарай  тереңдеп  дамуы  нэтижесшде  екінші,
үшінші  реттік  коректік  жіктерге  бөлінуіне  токталайық.  Кейбір
фитофаг жануарлар тек бір ғана түрдің өсімдігімен немесе бір туысқа
жататын,  химиялык  қүрамы  үксас  бірнеше  ғана  түрдің  өсімдігімен
қоректенеді.  Бүлар 
монофагтар 
(жалғыз  жемділер)  деп  аталады.
(топо-
жалғыз, 
рһа$о$-жеу)
  Қоректік  заттың  бір  ғана  түріне  төтенше
дэнігіп, 
ерекше 
бейімделуге 
байланысты 
монофагты 
талғам
қалыптасады.  Монофаг  жануарлардың  түрі  онша  көп  емес.  Көбінесе
өсімдіктің эр түрлі мүшелері мен үлпаларының ішінде тіршілік епгетін
жэндіктердің  басқа  өсімдікке  ауысып  қоректену  мүмкіндігі  аз
болуьша  байланысты  жалғыз  ғана  өсімдікпен  қоректену  режіміне
көшеді.  Мысалы,  алмүрт  жеміс  жемір  көбелегінің  ( 
Імзреугезіа
ругіуога  Оапіі  .)
  жүддыз  қүрты  тек  алмұрпың  жемісінщ  ішінде
жемістің  жүмсак  ұлпасын  жеп  жетіледі,  алмұртпен  бірге  өсіп  тұрған
алмада  бұл  көбелектің  жұлдыз  кұрты  кездеспейді.  Бұршақ  дэнегі
(Вгисһиз  різогит  I )
  дейтін  коңыздың  дернәсілі  тек  бұршактын
дэнімен  қоректеніп  дамиды,  басқа  бұршақ  түқымдастарда  болмаиды.
81

Жүзім  жапырақ жемірі 
(  Рһуііохега  уахіаігіх)
  тек  жүзімнің  сабагында 
тіршілік етеді.
Аз  ғана  түрлі  азықпен  қоректенетін  жануарлардың  тобы 
олигофаг  жануарлар 
(оЩо$-ш).
  Олар  көбінесе  бір  түқымдастыққа 
жататын  туыстык  тегі  жақын  өсімдік,  жануарлармен  қоректенеді. 
Демек, бұлар шекте>лі, аз ғана түрлі азықты талғап жейтін жануарлар. 
Мысалы  қырықжапырақтың  ақкөбелегі 
(Ріегіз  Ъгаззісае  Һ),
  шалқан 
ақкөбелегі 
(Ріегіз  гарае Ь)
  қатарлы  ақкөбелектердің  жұлдызқұрты тек 
қана  крестгүлді  өсімдіктермен  қоректенеді.  Қызьшша  бізтұмсық 
коңызы 
(Воіһупойегез  рипсііүепігіз  Сегт.)
  қызылшамеи  қоректенеді 
жэне қызылшамен тұқымдас  алабұта тұқымының  өсімдіктерімен ғана 
қоректенеді.  Колорад  қоңыздың  негізгі  қорегі—картоп.  Ал  осы 
қоңызды  жэне  оның  дернәсілдерін  егістіктегі  картоптан  теріп  алып, 
картопсыз  далаға  қоя  беріп,  байқасаңыз  қоңыз  да  оның  дернәсілдері 
де  қорегіне  жарамды  өсімдік  іздеп  жүріп  барлығы  картоппен 
тұқымдас  өсімдіктерге  (Алқа  тұқымдасы  — 
Зоіапасеаё)
  барып 
тұрақгап,  оларды  жей  бастағанын  көресіз.  Бұл-колорад  қоңызы  алқа 
тұқымдастарды 
талғап 
қоректенетін 
олигофагтар 
екенінің 
куәсі.Олигофагтардың  қоректік  шеңбері  шектеулі  болатынын  бакша 
бүргесі 
(Рһуііоігеіа)
  деп  аталатын  жапырақ  жемір  коңыздар 
дэлелдейді.  Олар  әдетте  крестгүлді  өсімдіктермен  коректенеді.  Егер 
крест  гүлділер  жоқ  болса  шашақгүлділер  (
Кезейаееае)
  жэне  кеуел 
тұқымдас 
(СаррагШасеае)
  өсімдіктермен  қоректенеді.  Бұл  екі 
тұқымдастың  екеуінің  де  шығу  тегі  крестгүлділерге  жақын  жэне 
бұлардың  ұлпаларындағы  эфир  майлары  мен  глюкозидтардың 
химилық құрамы бірдей болады.  Алайда құрамы бірдей болғандықтан 
иісі мен дэмі де бірдей болуы күмәнсіз. Сол себептен бақша бүргелері 
аталмыш  үш  тұқымдасқа  қарасты  өсімдіктерді  талғап  коректенеді. 
Жануарлармен  қоректенетін  жыртқыш  жэне  паразит  жануарлар  да 
өзінің  жейтін  жануарларын  белгелі  дәрежеде  талғап  қоректенеді. 
Құстардан  шұбар  тоқылдақтың  жемінің  90-92  пайызын  қабық  жемір 
(Ірісіае),
  сүген  қоңыз 
(СегатЪусиіае)
  жэне  зерқоңыз 
(Виргезіійае) 
тұқымдастарына жататын  қоңыздар жэне олардың дернәсілі  құрайды. 
Ханқызы 
(Соссіпеііісіае)
 
дейтін 
жыртқыш 
коңыздар 
біте 
(Арһіс1іпеа),құртамыштарды 
(Соссіпеа)
 таңдап жейді.
Жарғақ  қанатты 
(Нутепоріега)
  паразит  жәндіктер  өздерінің 
дамуына  жарамды  ие  жәндіктерді  талғайды.  Мысалы  теленомус 
(Теіепотиз  §гасіІіз)
  дейтін  жарғаққанатты  жэндік  Сібір  жібек 
көоелегінің тек жұмыртқасында, 
Арһапіеіез ІірагіЛіз
 дейтін  шабандоз 
жарғаққанатты  жәндік  Сібір  жібеккөбелегінің  тек  дернәсілінде 
паразиттік жолмен тіршілік етіл жетіледі.
82

Егер 
өсімдікпен 
коректенетін 
жануарлар 
өзара  тустық 
жақындығы  жоқ  көп  түрлі  өсімдіктің  түрімен  немесе  жырткыш 
жануарлар  көптүрлі  жануарлармен  коректенетін  болса олар 
полифаг 
( р о іу  
-көп)  немесе  көп  коректі  жануарлардың  тобын  құрайды.  Көп 
қоректі  деп  аталуынын  негізгі  себебі  көп  түрлі  өсімдікпен  немесе 
жыртқыш жануарлар  көп түрлі жануарлармен қоректенуінде емес,  ең 
негізгісі  олар  өзара  үқсастығы  жоқ  әр  түрлі  топтын  өсімдіктерімен 
немесс эр түрлі топтын  жануарларымен қоректенетіндігінде. Мысалы 
жалкы  жібеккөбелегінің 
(Ьутапігіа  еіізраг  Ц
  жүлдыз  күрты  32 
туыстыққа  қарасты  300-ден  астам  түрдің  өсімдігімен  қоректенетіні 
айқындалған.  Ол  жабық  тұқымды,  ашықтүқымды,  дара  жарнақты, 
қосжарнақты,  барлық  өсімдікті  талғамай  коректенеді.  Сондай-ақ 
Қазақстанда кең таралған  шалғын  көбелегі 
(Ьохозіе§е зіісгісаііз Ь.)  35 
туыстықка  карасты  280  түрлі  өсімдікпен  қоректенетіні  туралы  дерек 
бар. Жьфткыш жануарлардың ішінде де көпқоректілер жиі кездеседі.
Балықгардан 
Оогозота  сересііапит
  деген  балыкгың  шабағы 
карапайым  денелілер,  бақалшьщты  шаяндар,  ескекаяқгы  шаяндар 
қатарлы  жануарлармен  және  кейбір  балдырлармен  қоректенетін
полифагтар екені байқалған.
Қосмекенділерден  көлбақалары  көптеген  түрлі  жануарлармен
(қүрлықга  және  суда  тіршілік  ететін  жәндіктер,  олардын  дернэсілі,
жауын күрты, балықгың шабағы т.б.) қоректенеді.
Қүстардан  кезкүйрық  (
Міһшз  когзсһип  Ст.),
  бөктергі 
(Ғаісо

^езреггіпиз  Ь.),
  күйкентай 
(Ғаісо  ііппипсиіиз  Ь.),
  ак  жапалақ 
(Иусіеа
зсапііаса  һ.
)қатарлы  қүстардың  әрбіреуі  80-100  ге  жуық  түрлі
жануарларды үстап жейтіні анықталган.
Жырткыш  сүтқоректілерден  сусар 
(Магіез /оіпа  егхі.),
  бұлғын 
(МаПея  ііЬеІІіпа
  и   ит  тұқымаасына 
(СапШе)
  жататын  көптеген 
түрлер (қасқыр, түлкі, карсак, жанат тэрізді ит т.б.) қорегіне жарайтын
эртүрлі  жануарларды  (айыр  түяқгылар,  аитүяқтылар,  кеміргшггер, 
бауырымен  жоргалагыштар,  балықгар  т.б.)  талгамай  ұстап  жейтін 
нағыз  полифагтар  тобын  қүрайды.  Мысалы  Сібірде  бұлгынның 
(МаПез 
йЬеІІіпа) 
қыс  мезгіліндегі 
қорегінің  25,4%-ын 
үсақ 
кеміргіпггер,  10,8%-ын  тиін,  8,3%-ын  борша  тышқан  6,2%-ын  қоян, 
4 9%-ын  жергесерлер,7,3%-ын  күстар,  4,8%-ын  жэндіктер,  29,8%-ын 
жаңғақтын түқымы, 2,5%-ын жеміс жвдектер иеленетіні аныкталған.
Қоректің  қандай  да түрін  талғамай  кез-келген  қоректік  заттың
бэрін  пайдалана алатын жануарлар да кездеседі.  Бүлар пантофаг 
(рап- 
барлық,  бэрі.  бүкіл)  қоректілер деп  аталады.  (Барльіқ  қоректік  затгы 
талғамай  бэрін  жейтіндер  деген  үғым  береді).  Адам  үйірсек 
(синантроп)  таракандар.үйде  тіршілік  ететін  фараон  қүмырсқасы
83

катарлы  кейбір  жәндіктер  өсімдіктен  жасалган,  жануарлардан 
жасалған  барлық  тағаммен  және  тірі  жәндік,  өсімдіктермен, 
жануарлардың  нәжісімен,  жынымен,  терісімен  т.б.  қорекке  жарамды 
заттардың бәрімен кореш енеді.
Сүткоректілерден  пантофагтьщ  мысалы  ретінде  кэдімгі  қоңыр 
аюды  атауға  болады.  Ол  негізінде  жыртқыш  жануар  болғанымен 
кұмырсқаның  илеуіндегі  жұмыртқасы  мен  дернэсілін,  араның  балын, 
өсімдіктің  жемісін,  тамырын,  балық  бақа,  өлген  жануарлардың 
жемтігін  т.б.  көптеген  қоректік  заттардың  барлығын  жеп  тіршілік 
етеді.  Монғолияның оңтүстігіндегі Гоби  шөлінде өте сирек кездесетін 
тү йеқүлакшы  аю 
(Игзт 
ргиіпозиз  Ыуіһ.) 
көбінесе түііеқүлақ тышқан, 
құмтышқан,  қосаяктармен  қоректенеді.  Бірақ  эртүрлі  кесіртке, 
шегіртке, шекшек шегіртке, қоңыздармен қоректенеді.  Сонымен қагар 
оньщ  жазгы  қорегінің  басым  бөлігін  рауағаштың  жапырағы  мен 
тамыры,  актікеннің  жидегі,  жоңғар  циномориясының  сабагы  мен 
тамыры иеленеді.
Қорек  талғамайтын  (пантофаг)  қүстардың  негізгі  өкілі  ретінде 
қарға жэне үй торгайы  қатарлы жеміс, түқым,  әр түрлі  жэндік,  жауын 
қүрты,  жануарлардың  өлексесі, 
эртүрлі  тагамның  қалдығының 
бәрімен қоректенетін қүстарды атауға болады.
Қоректік  талғам  эсіресе  осімдікпен  қоректенетін  жануарларда 
кеңінен  таралған.  Қоректік  талғамның  биологиялық  маңызы  зор: 
жануарлардың  эрбір  түрінің 
жейтін  корегінің 
түрі  басқалардан 
өзгеше  болса  бір  ғана  түрлі  коректік  затқа  көп  түрдің  жануарлары 
шогырланбайды,  яғни  қорек 
үшщ 
таласатын  түраралық  бэсекенің 
бэсеңдеуіне  мүмкіндік  туады  жэне  де  эрбір  түр  өзінің  ежелден 
бейімделген  жағымды  қорегін  талгап  жесе  олардың  тіршілік  ету 
кабілеті жақсарып, өсімі молаюына қолайлы жагдай іуады.
Жануарлармен  қоректенетін  агзалар  зоофаг 
(іоо-жануар; 
рһа$о5-жеу,  жұту) 
деп  аталады.  Зоофаг  жануарларга  жыртқы штар 
мен паразиттер жатады.
Баска 
жануарларды 
аулап 
өлтіріп 
жейтін 
жануарлар 
жыртқыштар 
тобына  жатады.  Жыртқыштардың  қорегі  болатын 
жануарлар 
жемтік 
немесе  ж емтіктік  жануар  ден  аталады. 
Жырткыштардың  қоректенетін  жемтік  жануарлар  үнемі  козғалыста 
болатындықтан 
бір  орында  түрақты  түрмайды  жэне  оларда 
жыртқыштардан  сақтану,  қоргану,  жасырыну,  қашыіі  қүтылу  тэрізді 
мінездік  ерекшеліктер  дамыған.  Осыган  байланысты  жыртқыштарда 
да  қоректенетін  жемтіктерін  іздеп  табу,  баспалап  жакындау, 
шабуылдан  аулау,  өлтіруге бағытталған  мінездік бейімделу жүріледі. 
Жемтікті  аулауға  бейімделген  амал  әдістері  жемтік  жануардың
84

биологиялық жэне мінездік ерекшелігімен тыгыз байланыста дамиды. 
Егер  жейтін  жемтіктік  жануарлары  өте  көп  жэне  олар  інге  кіріп 
жасьфьгабайтын,  баяу  козғалатын  жануарлар  болса  жыртқыштардың 
оларды  аулау  әдісі  қарапайым  теріп  жеуге  ұқсас  болады.  Мысалы, 
жэндіктермен  қоректенетін  торғай,  шымшық  т.б.  құстардьщ  жерден 
жэндіктерді  теріп  жеу тәсілі-кұралай,  көк кептердің  тұқым  теріп  жеу 
тэсіліне  ұқсас.  Қарлығаштар  кэдімгі  жыртқыш  жануарлар  тэрізді 
жемдерін жэндіктерді куып жүріп аулайды.
Денесі  біршама  үлкен,  саны  аз  жэне  жылдам  қозғалатын 
жануарлармен  қоректенетін  жыртқыштар  жемтігін  алыстан  бакылап 
көріп алады да содан соң не баспалап таяп барып немесе аңдып тосып, 
жақындаған  кезінде  кенет  тап  беріп  шабуылдап  қуып  ұстап  аулайды. 
Мысалы, теңіздің сегізаяқ шаяндары,  кейбір жыртқыш балықтар жэне 
ілбіс 
(ІІпсіа ипсіа),
 сілеусін 
(Ьупх ІупхЬ.)>
  сабаншы немесе мэлін 
(Ғсііз 
тапиі Раіі.)
  жемтікті осылайша аулап жейді.
Әсіресе  аз  түрлі  жануарлармен  қоректенетін,  яғни  қоректік 
шеңбері  тар  (стенофаг)  жануарлар  жемтіктерін  ұстауға 
жақсы 
бейімделген.  Себебі  аз  ғана  түрлі  жануарлармен  қоректенетіндіктен 
сол жануардың сезгіштігін, жылдамдығын,  қашу,  тығылып жасырыну 
әдістерін  толық  біледі  және  соған  сәйкес  аулап  ұстау  эдістері 
дамыған.
Ал, 
көп 
түрлі 
жануарлармен 
қоректенетін 
(эврифаг) 
жырткыштар  қорегін  аулаута эр түрлі  жолмен  эр жакты  бейімделеді. 
Оларды «эмбебап» жыртқыштар деуге болады.
Жыртқьпптарға  жем  болмау  үшін  жемтік  жануарларда  да 
сақтану, қорғану, карсыласу бейімділіктері дамып қалыптасады.
Жемтік  жануарларда  өзін  жыртқыштардан  қорғап  калуға 
бейімделген 
морфологиялык, 
физиологиялық 
жэне 
мінездік 
ерекшеліктер  дамыған. 
Жырткыштардан 
қорғауға  бағытталған 
морфологиялық  ерекшелігіне  денесінде  эртүрлі  тікен,  тікенектер 
пайда  болу,  қатты  қабыршақтармен  қапталу  т.б.  жатады.  Мысалы, 
қалканкұлақ 
кірпінің 
(Егіпасеиз  аигііш  Стеі.
 ^кірпі-балыктың 
(Оіосіоп  һоіасапіһиз  Ь.),  беядеу  құйрықты  кесірткелердіц  (Согсіуіиз 
£І£апіеиз),
  жайра  немесе  тағылан 
(Нузігісісіае)
  деп  аталатын 
кеміргіштердің 
(Косіепііа)
 
тікенекті 
түктері, 
тасбақалардың 
(Тезіисііпез),
  ұлулардың 
(МоІШзса)
  денесін  жапқан  қалқаншалары 
оларды  көптеген  жыртқыштардан  корғай  алады. 
Физиологиялық 
жолмен  корғану  түрлеріне әртүрлі улы заттар  немесе жиіркендіретін 
заттар  бөліп шығару аркылы жыртқыштардың қатеріне карсылық  еіу 
әрекеттері жатады.  Айталық,  кандалалардың 
(Неіегоріега)
  кеудесінде 
немесе құрсагында орналаскан  иіс бездері болады. Қандай  бір жануар
85

шабуыдцаган  кезде иіс безінен жағымсыз иісті зат бөлінін  шыгады да 
қаңдаланы 
қауіптен 
сақтап 
қалады. 
Кейбір 
көбелектің 
жұлдызқұрттары 
қылшық-түктерінің  түбіндегі  безден  улы  заттар 
бөліп  шығару  арқылы 
өзін  жыртқыштардан  қорғайды.  Шегіртке 
(АсгШШае),иіекпіек (ТеПщопШае),
  кейбір  қоңыздар  қауіп  төнген  кезде 
өздерінің  қанында  түзілетін  улы  затты  бөліп  шығару  арқылы 
қорғанады. 
Мысалы, 
алагүлік 
қоңыздың 
(МеІоШае)
 
қанында 
кантаридин дейтін биологиялық әсері күшті сүйық түзіледі. Бұл сүйық 
жылы  қанды  жануарлардың терісінде  ісік тудыратындықтан  онымен 
коректенетін  омыртқалы  жануарлар  аз  кездеседі.  Сүтқоректілерден 
сасық  күзен 
(Мизіеііа  еуегзтаппі  Ьез.),
  скунстардың 
(  Мерһіш 
терһіііз)
 басқа жануарларға  шашатын сасык затының  иісі үзак уақыт 
бойында 
сақталады.  Скунстьщ  тік  ішегіндегі  безден  шығарып 
шашатын 
сүйығы  көзді  зақымдап 
соқыр  етуге  де  әсері  жетеді. 
Сондықган ск> нстарды білепн жыртқыш оларға жолаудан сескенеді.
Сондай-ак  атқыш  қоңыз 
(Вгасһіпиз
  туыстастар 
)
  туысына
жататын  ызылдақ  коңыздардың 
(СагаЬШае)
  кейбір  түрі  қауіп-қатер
кезінде 
температурасы  100  градустық  сутегінің 
қостотығымен
атқылайды.  Кейбір  жырткыштар  да  аулаған  жемтіктік 
жануарды
өлтіру  үшін  улы  заттар  қолданады.  Жылан,  сарышаян 
(Бсогріопез),
бүйі 
(Ьусоза)
  тәрізді  жануарлар  қорек  ететін  жануарларын  шағып, 
улатып өлтіретіні ежелден белгілі.
Жарғаққанаттылар  қатарына  жататын  жабайы  аралардың 
бірнеше  түқымдастың 
(ЗсоІіДае,  РотрһіІШае,  БрһесоШеа)
  окідцері 
жемтіктерінің  жүике  түйнектерін  лезде  тауып  улы  бізгегін  түйрейді 
де  уын  шашады.  Жүйке  түйнегі  уланған  жэндік 
өлмейді,  бірақ 
қозғалыссыз,  салданған  шала  жансар  күйге  түседі 
(14-сурет). 
Осындай шалажанды жәндіктерді жабайы аралар ініне әкеліп  кіргізіп, 
олардың 
денесіне 
жүмыртқалайды. 
Жүмыртқадан 
шыққан 
дернэсіадері  шалажанды  жэндіктің денесін ішінен кеулеп жеп, дамып 
жетіледі.  Осылайша  жабайы  аралар  өзінің  үрпағының  азығын
дайындайды.
Шолаққүирық  жертесер 
(Віагіпа  һгеуісашіа)
  деп  аталатын 
жәндікжемір сүткоректілердің сілекей безінің  қүрамьшда жэндіктерді 
салдық (иаралич) күйге үшырататын  улы зат болатындықтан,  аулаған 
жэндігі  3-5  күнге  дейін  шала  жансар  күйде  тірі  жатады.  Қорегінің 
артық  қалған  бөлігін  шірітпей  сақтау  үшін  осылайша  шала  жансар 
сақгау оларға пайдалы екені түсінікті.
86

14-сурет.  Помпил  атты  паразит  жарғаққанапы  жэндік  бізгек 
тұмсыгын  өрмекшінің  жүйке  туйнегіне  түйреп  уын  шашып  жатқан
кезі. (Жан-Анри Фабр (1962) бойынша)
Эволюциялық 
даму 
барысында 
жемтік 
жануарларда 
жыртқыштардың  аулау  эдіс-эрекеттеріне  кдрсы  өзін  қүтқаруға 
бағытталған 
мінездер 
қалыптасып 
жетіледі. 
Жыртқыштардың 
шабуылына  шалдыклаудьгң  бір  түрі- 
сактық  ,  сезімтаддық. 
Кеміргіпггер жайылымға шығудан  бұрын  інінен басын  ғана қылтитып 
шыгарады  да  үзақ  уақыт  төңіректі  байқап  отырып  қауіп-қатер  жоқ 
болса  ғана  інінен  шығып  қоректене  бастайды,  інінен  ұзап  кетпейді, 
бір-екі  рет  шөп  жұлып  жей  салады  да  тікесінен  тік  тұрып  төңірегІн 
аңыстайды.  Монғолиядағы  Гобидың  шөлінде  тіршілік  ететін  жабайы 
түйе 
(Сатеіш /егиз Рггеуі.),
  қүлан 
(Ецииз һетіопиз Раіі),
 қарақұйрық 
(Сазеііа  зиһ^итгоза  СиЫі.)
  қатарлы  жануарларды  қаскыр бұл  шөлде 
өте  сирек  кездесетін  бастау  судың  төңірегінде  аңдып  жатып  ұстап 
жейді.  Ал  қасқырдан  запыс  болған  бұл  жануарлар  бастау  суга 
жақындаудан  бұрын,  судың  төңірегінде  жасырынған  касқырдың 
барын, не жоғын білу үшін таяп келіп бірнеше рет кері бұрыла  қашып 
барып  артына  бұрылып  карап  тұрады.  Осылайша  бірнеше  қайталап 
барып қасқыр білінбесе суға тұмсыгын тигізе бере қайтадан үркіп кері 
бұрылады  да  судан  алысырак  барып  біраз  уақыт  аңыстап  түрады. 
Осындай  еақгық  эрекеттерді  жасаган  кезде  егер  қаскыр  бар  болса 
дегбірсізденіп,  жасырынған  орнынан  атып  түрады  да  өзін  білдіріп
алады.
Мұндай  қатерлі  кезде  жемтікпк  жануарлар  үиірімен  жүреді 
жэне  үйірдің  алдында  ең  сақа,  мықтылары  жүріп  үйірге  жеіекшілік
С ТС Д І. 
ё
Сондай-ақ  аркар,  тауешкілер  үйірімен  жусап,  үйықтаган  кезде 
ең  сақ,  тэжірибелі  біреуі  үйыктамай  үйірді  күзетіп  түрады,  егер
87

жыртқыштан  қауіп  білінсе,  пыскырыи  белгі  береді  де  қатерден
кұтылуга ең оңтайлы жаққа бастап қашады.
Жемтік  жануарларда жырткыштан  жасырыну  мінездері  кеңінен 
өріс  алған.  Қорғаныш  реңі  арқылы  жырткыиггарға  көрінбей  немесе 
оларды  адастьфып  жасырыну  кең  таралған.  Қорғаныш  реңді 
жасырғыш  немесе  криптлық 
(кгуріоз  -
  жасырын) 
жэне 
сақтандырғыш  немесе  апосематтық 
(арозета-беймағлұм,  белгісіз) 
деғен екі топқа бөлуге болады.
Жасырғыш  рең  дегеніміз  жануарлар  өзінің  тіршілік  ететін 
ортасының  негізгі  өң  түсінен  ажьфамайтын  түсте  болуы.  Мысалы, 
қүмды  шөдде  тіршілік  ететін  жан> арлар  көбінесе  қызыл  сары  қүм 
өңдес  болады  (сарышаян,  түтстібуйі,  қүмтышқан  т.б.).  Өсімдіктің 
бұтак,  жапырағында  тіршілік  ететін  жэндіктер  жэне  олардын 
дернэсілдері  жэне  шөпбақа,  бақпақыл  бақалар  өсімдіктің  өңі  түстес 
жасыл  ренді.  Арктикалык  аң,  құстардың  жүні  қыста  кардың  түсіне 
ұқсас  акшыл  реңге  айналады  (ак  түлкі,  солтүстік  бұғысы,  ак  қоян 
т.б.).Көптеген  жануарлардьщ  өң-т\сімен 
қатар  пішіні  олардың 
тіршілік  ортасындағы  жеуге  жарамсыз  қандай  бір  заттың  пішініне 
ұқсау  аркылы  оларды  жсйтін  жыртқыштардан  қорғайды.  Тіршілік 
ортасындағы  қорекке  жарамсыз  бір  затка  өзін  ұксату 
арқылы 
қорғаныш табудың бұл түрі  бүркеуші  рең немесе мимикрия 
(тітісгу
— еліктеу,  ұқсау)  деп  аталады.  Атап  айтсақ  су  түбінде тіршілік  ететін 
түкқанатты  жәндіктердің  дернәсілі 
киыршық  тас,  кұм,  өсімдіктің 
калдыктарын  араластырып  өзіне  үйшік  жасап  алады,  бұл  үйшікті
ешбір жануар  кажетсінбейтіндіктен  соны  қорғаныш етіп  өмір сүреді. 
Өсімдіктің  жапырағына,  бүршігіне,  тұкымына  ұқсас  болғандыктан 
одан оңай ажыратылмайтын жәндіктер көптеп кездеседі.
Кейбір жануарлардың түсі тіршілік ететін мекенжайымен бірдей 
болуымен  қатар,  бейне  пішіні  сол  жердегі  бір  затқа  ұксас 
келетіндіктен  онымен  қоректенетін  жырткыштар  оңай  таба  алмайды. 
Мысалы  дәуіттердің 
(МапіоЫеа)
  түсі  жасыл,  қанаты  жанырақ 
тәріздес, 
аяғы  жапырақтың  сабағына  ұксас  болғандықтан  оларды 
өсімдіктен  ажыратып  табу  оңайға  түспейді.  Қайыңды  орманда 
мекендейтін  оракқанат  көбелек 
канатын  қомдап  отырған  кезде 
кайыңныц  жапырағынан  ешбір  ажыратылмайды.  Батбат  кесірткенің 
(Рһгупосерһаіиз уегзісоіог
  5
іга.)
  түсі оның тоқтап тұра қалған жерінің
өңіне 
сэйкес 
тез 
өзгереді. 
Олар 
тұрған 
орнында 
ешбір 
қозғалмайтындьисган  іұрған  жерінен  ажырап  көрінбейді.  Мекен- 
жайының  түсіне  өзінің  түсін  сәйкестіру  аркылы  жыртқыштардан 
қорғану  кұстардын  арасьшда  кең  тараған.  Шілдің  түсі  оның  қонған 
жерінің  түсімен  бірдей  болуъімен  қатар  ол  қонып  отыра  қалған
88

жерінде 
ешбір 
қимылсыз 
жабыса 
қалатындықтан 
онымен 
қоректенетін  қандай  қырағы  құстың  өзі  оны  көрмей  қалады. 
Қамыстьщ  ішінде  мойнын  жоғары  созып,  қозғалыссыз  отырған
әупілдек қамыстан ажыратылмайды.
Өзінің  түсі  мен  пішінін  жыртқыш  немесе  шағатын  улы 
жануарларға  ұксату  аркылы  қорғанудың  түрі  де  кездеседі.  Мысалы, 
усыз  жыландардың  пішіні  мен  түсі  улы  жыландарға, 
ызылдауық 
шыбындардың,  көбелектердің  кейбірі  шағатын  жэндіктерғе  үқсас 
болуы  жыртқыштардан  қорғануға  көмеғін  тигізеді.  Алайда,  айтылған 
қорғаныш,  сакгық, жасырынудың барлығы да жемтіктік жануарларды 
жыртқыштан тольпс қорғай алмайды.  Қимыл-козғалыс кезінде оларды 
жыртқыштар  көріп  қояды.  Әйтсе  де  жыртқышқа  оңай  олжа  болмай 
популяциясының  санын  түрақты  деңгейде  сақгауына  азды-  көпті
көмегін тигізеді.
Жоғарыда  қарастырылған  дэлелдер  мен  мысалдардың  негізінде
жырткыштар  мен  жемтіктік  жануарлардың  өзара  қарым-қатынасы
бүлардың тарихи даму дэуірінде  қалыптасып бүл екі топтың екеуінің
де  эволюциялық  даму  үрдісіне  көп  әсерін  тигізгенін  айқын  көруге
болады. Жыртқьпптардың да жемтіктердің де дене қүрылысы,  мінезі,
түсі  мен  пішіні,  тіршілік  ету  сипаты  калыптасуына  екі  топтың
өзаралық  байланысы  мен  қарым-қатынасының  ерекшеліктері  үлкен
рөл аткарғанын көреміз.
Қоректенетін  жемтіктік  жануарсыз  жырткьпптар  тіршілік  ете
алмайтыны  белгілі.  Сондыктан  олар  жемтікті  іздеп,  тауып,  үсгап, 
өлтіріп жеуге бейімделуге, ал жемтік жыртқыпгган қорғануға,  мэжбүр
болады.
Қоректенетін  жемтіктік  жануарлардын  саны  өсіп  молайса, 
жыртқыпггардың  көбеюіне  мүмкіндік  туады:  жемі  мол  болғандықтан 
жаксы  семіріп,  біркелкі  ұрықганып  төлдейді,  өлімі  азайьгп  саны  күрт 
өсе  бастайды .Жыртқы штард ың  көбеюі  жемтіктік  жануарлардың 
санын азайтады. Ал жемтіктің азаюы жыртқыштың саныньщ азаюына 
ұшыратады.  Табиғи  жайдайда  осылайша  жыртқыш  пен  жамтіктік 
жануарлар  бірінің  санын  бірі  ретгеп,  табиғи  тепе-теңдік  деңгейін 
сақтап  тұрады.Мысалы,  Монголияның  өлкелерінде 
кең  таралған 
жайылым  мен  шабындыкка  аса  зиянды  дала  тышқанын 
(Місгоіиз 
ЬгапМ)
  XX  ғасырдын  сексенінші  жылдарында  жаппай  кұрту 
жұмысын  жүргізгеннен  кейін  түлкі,  карсақ  қатарлы  жыртқыш  аңдар 
жэне тілеміш  жамансары катарлы тышқан аулагыш қүстар өте азайып
кеткен. 
^
Жыртқыштар  жемтікті 
тек  кьне  жеп  азайгып,  оларға  үнемі 
кысым  көрсетуші деп ойлауға болмайды.  Биологиялық ұгыммен  алып
89

қарағанда  жыртқыштар  жемтіктік  жануарлардың  сапасы  жоі арылап, 
тіршілік  ету  қабілетінің жақсаруына,  өлімі  мен  шығынының  азаюына 
пайдасын  да  тигізеді.  Өйткені  жырткыштарға  ең  алдымен  ауруға 
шалдыккан, элсіз, жүдеу нашар жануарлар жем болады.
Ауруларын  жыртқыштар  алдымен  ұстаи  жейтіндіктен 
олар 
жемтіктің  популядиясына  ауру  тараудан  сақтайды.  Әлсіз,  төзімсіз 
жүдеу 
жануарлар 
алдымен 
ұсталып 
жем 
бо л аты нд ықтағ. 
популяңняның 
ішінде  сұрыптау  жүріліп,  сапасы  жақсаруына 
жыртқыштар ықпал жасайды.
Жануарлардың  қоректен>інің  (зоофаг)  тағы  бір  түрі 
-  
тоғышарлық  (паразиттік)қорек  немесе  паразитизм. 
Гоғышар лық 
қоректің  эколоғиялық  маңызын  түсіну  үшін  тоғышарлық тіршіл іктің 
негізғі мағлүматтары мен атауларьш білу қажет.
Басқа  бір  тірі  ағзаның  денесінде  түрақгы  мекендеп  иемесе 
уақытша  орнығып,  ол  ағзалардың  ұлпаларымен  қоректенетін  немесе 
жасушалық  және  ұлпааралық  сөлдерімен  қоректеніп  тіршіліч  ететін 
жануарлар  тоғышарлар  тобын  құрайды.  Ағзаның  денесініғч  үстінің 
қабатында  орналасып  тіршілік  ететін  тоғышарлар  эктотрофтар 
немесе  эктопаразиттер  деп,  ішкі  мүшелерімен  ұлпаларында  немесе 
тіпті  жасушаларыньщ  ішінде тіршілік ететін  паразиттер эн/ ютрофтар 
немесе  эндопаразиттер  деп  аталады.  Мысалы  кене,  бүрге,  бит, 
қансорғыш маса,  шіркей, соналар -  эктопаразиттер, ал іше к куысында 
немесе  өкпе,  бауыр,  өт,  бұлшықет  қатарлы  ішкі  мүшелер  мен 
ұлпаларда  тіршілік  ететін  жұмыр  және  жалпақ  құрттар,  сондай-ақ 
жасушаның  және  қан  плазмасы  мен  жұлын  сұйығының  ішінде 
тіршілік 
ететін 
дизентерия 
амебасы, 
трипоноаэма, 
безгек 
плазмодилері -  эндопаразиттерді құрайды.
Паразит  жануарларға  тұрақгы  тіршілік  ететін  орта,  көбейіп 
дамитын  мекенжай  және  қоректік  көз  ретінде  рөл  атхаратын  ағзаны 
паразиттің  иесі  немесе  ие  ағза  деп  аталады.  Өзінің  тіршілік 
айналысының  эрбір  сатысында  эртүрлі  ие  ағзағгд  ауысып  тіршілік 
ететін  паразиттер  көптеп  кездеседі.  Бұл  жағдайда  паразиттің  дамып 
жетілген  (көбейіп  ұрпақ  беруге  қабілетті  сатысьі)  сатысындағы  иесін 
аісгық  ие  немесе  акы рғы   ие  деп,  паразиттіүд  жұмыртқасы  немесе 
дернэсілі  мекеңдеп,  қорекггенетін  иесін  арш іы қ  ие  деп  атайды. 
Паразит  өзінің  биологиялық,  экологиялық  ерекшілігіне  сәйкес  бір 
немесе  бірнеше  аралық  иеге  ауысып  тіргиілік  ету  арқылы  дамып 
жетіле  алады.  Сонымен  қатар  паразиттің  ақырғы  иеден  аралық  иеге 
немесе керісінше аралық иеден ақырғы и  *ге ауысуын  қамтамасыз етіп 
бірінен  екіншісіне  жалғастыратын  ие  д'е  болады.  Бұл  жалғастырушы 
иенің  денесінде  паразиттың  даму  ү£?дісі  жүрілмейді  жэне  паразит
90

жалғастырушы  иенің  денесінде  қоректенбейді,  тек  келесі  иеге 
жалғасканша  белсенсіз  түрде  сақгалады.  Жалгастыру  міндетін 
атқаратьгн бұл жануар косымша ие деп аталады.
Экологиялық,  бнологиялық  тұрғыдан  алып  қарағанда  паразит 
пен  ие  агзаныа  арасында  бұл  екеуінің  кай-қайсысына  да  маңызды
байланыстың түрлері калыптасқанын көреміз.
Жыртқыштар  жемтігін  тура  өлтіретіні  бізге  белгілі.  Ал
паразиттер  иесін  өлімге тура ұшыратпайы.  Ие  ағзаның денесін  корек
және тіршілік ортасы ретінде неғұрлым ұзақ уақыт тұтынса, соғұрлым
паразитке  пайдалы.  Сондыктан  паразит  ие  ағзаны  ұзақ уақытқа дейін
тек  қалжыратканы  болмаса  өлтірмейді.  Ие  ағзаның  денесінде  де
паразиттің әсерін бэсеңдетутпі  қарсылық қалыптасады. Паразит пен ие
ағзаның  өзара  әсерлесуі  алғашында  шиеленіскен  күшті  күрес туғызса
да  эволюциялык  даму  барысында  өзара  бейімделудің  нэтижесінде
бэсеңдейді.  Паразиттің  эсеріне  ие  ағза  бейтараптық  байқату
құбылыстары  да  кездеседі.  Мысалы  африкалық  киіктердің  қанында
тіршілік  ететін  трипоносома  дейтін  біржасушалы  паразит  киіктерді
ауыртпайды. Ал бұл паразит цепе шыбыны аркылы киіктерден адамға
жұқса  адамды  өлімге  ұшырататын  «ұйқы  ауруын»  қоздырады.
Эволюциялық  ұзақ  уақыт  барысында  табиги  сұрыпталу  жүршмеген,
паразит  пен  ие  ағзаның  өзара  эсерлесу  үрдісі  элі  түрақгалмаған
жағдайда паразиттер ие ағзаларға апатты шығын шектіреді.
Қорытып  айтсак,  жануарлардың  паразиттік  тіршілігі  коректік
• 
тізбектің екі деңгейіндегі  консументтердің бірі екіншісімен қоректену 
құбылысьшан  туындайтын  қоректік  қарым-қатьгаас.  Осы  коректік 
қатынас  тарихи  даму  барысында  ары  қарай  өріс  алып  бір  жануар 
екінші  жануарды  тек  қорек  ретінде  емес,  мекендейтін  орын  ретінде
пайдалануға әкеп тірейді. 
^  .
Жануарлар  элемінде  паразитгік  тіршілік  кең  тараған.  Ресейдщ
көрнекті  паразитолог  ғалымы  В.А.  Догелдің жобалауы  бойынша Жер 
шарында  60-65  мың  түрді  құрайтын  паразит  жануар  тіршілік  етеді, 
бұл барлык жануарлардың түрлік құрамының 4,5-5 %-ын иеленеді.
Жыртқыштарға ұқсас  паразиттер де  ие  жануардың  экожүйедегі 
санын  реттеуге  жэне  табиғатта  заттектер  айналымы  тұрақты
мөлшерде, үзіліссіз жүрілуіне көмегін тигізеді.
Бір  түрдің  жануары  өзінің  кандай  бір  қажеттілігіне  өзге  бір
түрдің жануарын пайдаланып, бірақ оған ешбір зиян шектірмей бірігіп
тіршілік  етуі 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет