АҢДАТПА (АННОТАЦИЯ) ЖАЗУҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
Аннотация немесе аңдатпа – кітаптың, мақаланың,
қолжазбаның
мазмұнын, саяси-идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша
сипаттама [1]. Аңдатпа кітаптың, не мақаланың бірінші бетінде орналасады.
Аңдатпаның көлемі, оның түріне қарай бөлінеді. Мәселен,
кітапқа
берілетін аңдатпа 1 сөйлемнен де тұруы мүмкін, я болмаса 1 бетке дейін
жетуі мүмкін. Ал ғылыми мақалаға берілетін аңдатпа 500 әріптен немесе 7-8
сөйлемнен тұрады. Сонымен қатар ғылыми жобаға және диссертацияға
жазылатын аңдатпалар да бар. Ғылыми жобаға арналған аңдатпа 1-3 бет
көлемінде болса, диссертациялық жұмыстың аңдатпасы 3-7
бет көлемінде
болады.
Кітапқа аңдатпа жазу барысында мындай элементтерді ескеріңіз:
Библиографиялық деректер.
Мұнда, кітаптың толық атын
(кітап атауынан кейін нүкте қойыңыз), автордың аты-жөнін (аты-жөнінің
алдында таяқша қойып, артынан нүкте қойыңыз),
шығарылған қаласын
(қаланың алдында сызықша қойып, қос нүкте қойыңыз), баспасын (баспа
атауын тырнақшаға алып жазыңыз, соңынан үтір қойыңыз), жылы (жылдан
соң нүкте қоясыз) мен бет санын (бет санының алдында сызықша қоясыз)
жазасыз. Мысалы:
Екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде жеңіске жетудің
қазақша жолы./ Қ. Шонбай. – Алматы: «Самға» баспасы, 2019. – 224 б. [2]
Автор туралы мәліметтер.
Мұнда қысқаша бір сөйлеммен кітап
авторы кім екенін жазасыз. Мысалы:
«Табысты кісіпкер, ресторатор Қуаныш Шонбай бұл кітабында
тұлғаны және бизнесті дамытуға қатысты ақпараттармен бөліседі» [2]
немесе
«Бұл жинақты құрастырып, аударып дайындаған аудармашы
Шынар Әбділдә» [3].
Туындының жанры немесе нысаны.
Мұнда
кітаптың қай
жанрға жататынын көрсетесіз. Мысалы:
Жанры: ғылыми Серия: өмір/ата-ана [4].